Get Mystery Box with random crypto!

«Otandastar Qory»

Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory» O
Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory»
Арна мекенжайы: @otandastar
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 300
Арнадан сипаттама

Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 12

2022-06-29 09:41:36 «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы отандық және шетелдік «Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекесімен» құттықтап, мерекелік таңғы аста басқосты. Іс-шараға шет елдегі қандастарымыз туралы өзекті мәселелер көтеріп жүрген медиа өкілдері қатысты және бірлескен жобалар бойынша тың ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, шетелдегі қандастар үшін арнайы бағдарламалар дайындау, шетелдік қазақ журналистерімен ынтымақтастық сынды құнды идеялар талқыланды.

А.Сапарбекұлы журналистерге ұлт пен мемлекет мүддесі мақсатындағы тынымсыз еңбектері үшін алғысын білдіре отырып, Қор мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында өзара ынтымақтастықтың зор маңызға ие екенін және алдағы уақытта да қоян-қолтық байланыс болатынын тілге тиек етті.

_____

«Otandastar qory» KeAQ prezidentı Abzal Saparbekūly otandyq jäne şeteldık «Būqaralyq aqparat qūraldary ökılderın käsıbi merekesımen» qūttyqtap, merekelık tañğy as basqosty. Is-şarağa şet eldegı qandastarymyz turaly özektı mäseleler köterıp jürgen media ökılderı qatysty jäne bırlesken jobalar boiynşa tyñ ūsynystar aityldy. Atap aitqanda, şeteldegı qandastar üşın arnaiy bağdarlamalar daiyndau, şeteldık qazaq jurnalisterımen yntymaqtastyq syndy qūndy ideialar talqylandy.

A.Saparbekūly jurnalisterge ūlt pen memleket müddesı maqsatyndağy tynymsyz eñbekterı üşın alğysyn bıldıre otyryp, Qor men būqaralyq aqparat qūraldary arasynda özara yntymaqtastyqtyñ zor mañyzğa ie ekenın jäne aldağy uaqytta da qoian-qoltyq bailanys bolatynyn tılge tiek ettı.
75 views06:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 16:37:16 «Отандастар қоры» ҚеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы белгілі ғалым
Қаржаубай Сартқожа мен ақын Сұраған Рахметұлыны қабылдады.

Қаржаубай Сартқожа мен Сұраған Рахметұлы «Отандастар қоры» ҚеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлына өз еңбектері жөнінде кеңінен мағлұмат беріп, алдағы жобаларымен таныстырды.

Осы ретте, ғалымдар шетелдегі ұлттық салт-дәстүр, тарих, этнография саласында өздерінің жобаларын жүзеге асыруда қолдау сұрады.

Өз кезегінде, А.Сапарбекұлы жобаларды жүзеге асырудың мүмкін жолдарын қарастыратынын жеткізді.
_______

«Otandastar qorı» QeAQ prezydenti Abzal Saparbekūlı belgili ğalım
Qarjaubay Sartqoja men aqın Sūrağan Rahmetūlın qabıldadı.

Qarjaubay Sartqoja men Sūrağan Rahmetūlı «Otandastar qorı» QeAQ prezydenti Abzal Saparbekūlına öz eñbekteri jöninde keñinen mağlūmat berip, aldağı jobalarımen tanıstırdı.

Osı rette, ğalımdar şeteldegi ūlttıq salt-dästür, taryh, etnografya salasında özderiniñ jobaların jüzege asıruda qoldau sūradı.

Öz kezeginde, A.Saparbekūlı jobalardı jüzege asırudıñ mümkin joldarın qarastıratının jetkizdi.
46 viewsedited  13:37
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 16:37:10
45 views13:37
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 16:01:34 «Отандастар қоры» президенті Абзал Сапарбекұлы , «Омбы қазақтары» ұйымының негізін қалаушы Торғын Әшеновамен кездесті.

Кездесу барысында А.Сапарбекұлы Ресей және Омбы қазақтарының тыныс-тіршілігімен танысып, алдағы бірлескен жоспарлар туралы пікір алмасылды.

Сонымен қатар, Торғын Әшенова «Алтын адам» , «Алға» жастар форумы, «Ару қыз» қыздар конкурсы сынды жаңа жобаларымен таныстырып, келешекте мәдени жобалар арқылы екі ел арасында ынтымақтастықты арттыруға бағытталған іс-қимыл атқаруға келісілді.

Омбы өлкесінің тумасы Торғын Әшенова , бүгінде «Омбы қазақтары» газетінің бас редакторы .
_____________

«Otandastar qory» prezidentı Abzal Saparbekūly , «Omby qazaqtary» ūiymynyñ negızın qalauşy Torğyn Äşenovamen kezdestı.

Kezdesu barуsynda A.Saparbekūly Resei jäne Omby qazaqtarynyñ tynys-tırşılıgımen tanysyp, aldağy bırlesken josparlar turaly pıkır almasyldy.

Sonymen qatar, Torğyn Äşenova «Altyn adam» , «Alğa» jastar forumy, «Aru qyz» qyzdar konkursy syndy jaña jobalarymen tanystyryp, keleşekte mädeni jobalar arqyly ekı el arasynda yntymaqtastyqty arttyruğa bağyttalğan ıs-qimyl atqaruğa kelısıldı.

Omby ölkesınıñ tumasy Torğyn Äşenova , bügınde «Omby qazaqtary» gazetınıñ bas redaktory .
38 views13:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 16:01:33
34 views13:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 08:22:44 XV-XIX ғасырлардағы қазақ тарихынан сыр шертетін сирек 130 карталары енгізілген кітабының авторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаров пен “Отандастар қоры” ҚеАҚ-ның президенті Абзал Сапарбекұлы кездесті.

Кездесу барысында екі тарап басып шығарылған кітап пен оның тарихын, табылған карталары талқыға түсті. Әңгіме барысында Абзал Сапарбекұлы туындының тарихына тәнті болып, кітаптың жарық көруімен құттықтады. Осы ретте, ол М.Сыдықназаровқа шығармашылық табыс тілей отырып, тарихи туынды мен карталардың танытылуы бойынша бірлесе жұмыс істеу туралы уағдаласты.

Айта кетейік, Еуразия Ұлттық Университетінің заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров өткен жылдың қараша айында Брюссельде ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен қазақ мемлекетінің XV-XIX ғасырлардағы табылған 130 сирек карталарымен кітап шығарды. Ғалым өзінің 15 жылға жуық іздестірген еңбегін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырды. Еңбектің тұсаукесері 2021 жылдың 9 желтоқсанында Брюссель қаласында өтті.

____

XV-XIX ğasırlardağy qazaq tarihınan syr şertetın sirek 130 kartaları engızılgen kıtabynyñ avtory Mūhit-Ardager Sıdıqnazarov pen “Otandastar qorı” QeAQ-nıñ prezidentı Abzal Saparbekūly kezdestı.

Kezdesu barısında ekı tarap basıp şığaryığan kıtap pen onıñ tarihın, tabılğan kartaları talqığa tüstı. Äñgıme barısında Abzal Saparbekūly tuyndynyñ tarihına täntı bolyp, kıtaptyñ jaryq köruımen qūttıqtady. Osy rette, ol M.Sydyqnazarovqa şyğarmaşılyq tabıs tılei otırıp, tarihi tuyndı men kartalardıñ tanıtıluy boiynşa bırlese jūmıs ısteu turaly uağdalastı.

Aita keteiık, Eurazia Ūlttıq Universitetınıñ zamanaui zertteuler institutınıñ direktorı Mūhit-Ardager Sydyqnazarov ötken jıldoñ qaraşa aiynda Brüsselde QR Sırtqı ıster ministrlıgınıñ qoldauımen qazaq memleketınıñ XV-XIX ğasırlardağı tabılğan 130 sirek kartalarymen kıtap şyğardy. Ğalym özınıñ 15 jılğa juyq ızdestırgen eñbegın Qazaqstan Täuelsızdıgınıñ 30 jyldığına orailastırdı. Eñbektıñ tūsaukeserı 2021 jıldıñ jeltoqsanında Brüssel qalasında öttı.
23 views05:22
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 08:20:11
26 views05:20
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 10:49:00 Жұлдызай Исмаилова: Ұлытаудағы Ұлттық құрылтай туралы...

“Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Ұлытаудағы ұлттық Құрылтайда "Ел дамуының тарихы кезеңі басталды" деп сенімді түрде мәлімдеп, енді еліміздің дамуы үшін атқарылуға тиісті жаңа бастамалар мен тың идеяларды әркез қолдап-қуаттайтынын айтты. Біз АҚШ-тағы қазақ диаспорасы да атажұртымыз Қазақстанның болашағына, тіліне, жақсы жаққа дамуына алаңдап, елдегі әрбір жаңалықты ұдайы назарда ұстап отырамыз. Еліміз еңсесін тіктеп, Қазақстан қарыштап дами түссе, біз әрине шексіз қуанамыз!
Өз басым, тарихи Отанымыз Қазақстанда шынайы жаңғыру болатынына сенемін!”

_______

Jūldyzai İsmailova: Ūlytaudağy Ūlttyq qūryltai turaly...

“Memleket basşysy Qasym Jomart Toqaev Ūlytaudağy ūlttyq Qūryltaida "El damuynyñ tarihy kezeñı bastaldy" dep senımdı türde mälımdep, endı elımızdıñ damuy üşın atqaryluğa tiıstı jaña bastamalar men tyñ ideialardy ärkez qoldap-quattaitynyn aitty. Bız AQŞ-tağy qazaq diasporasy da atajūrtymyz Qazaqstannyñ bolaşağyna, tılıne, jaqsy jaqqa damuyna alañdap, eldegı ärbır jañalyqty ūdaiy nazarda ūstap otyramyz. Elımız eñsesın tıktep, Qazaqstan qaryştap dami tüsse, bız ärine şeksız quanamyz!
Öz basym, tarihi Otanymyz Qazaqstanda şynaiy jañğyru bolatynyna senemın!”

#Ұлытау #ұлттыққұрылтай #tausyrym
19 views07:49
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 10:48:56
17 views07:48
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 09:33:07 Гүлшат Қадырқызы: Ұлытаудағы Ұлттық құрылтай туралы...

"2022 жылғы 16 маусымда Қазақстан үшін маңызды іс-шара - бірінші Ұлттық құрылтай өтті. Ол өзінің мазмұн-маңызы бойынша консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Оның құрамына Мәжіліс пен Сенат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың белсенді өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері кіреді.
Менің ойымша, Қазақстан мемлекет пен азаматтық қоғамның диалогын нығайту, ашық әңгіме аясын кеңейте түсу бойынша игі идеялар мен ізгі қадамдарды іздеу және әзірлеу үшін платформа құрудың дұрыс жолын таңдады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде қоғам дамуының жалпы тұжырымдамасын әзірлеу бойынша мемлекетшіл диалогтың рөлін арттыру үшін алаң құруға баса назар аударды. Қоғамда идеологияның қалыптасуына көп көңіл бөлінді және елдегі жағдайды жақсы бағытта өзгертуге ниет білдірді.
Ұлттық құрылтай мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қоғамдық диалог институты ретінде жан-жақты сипатқа ие болады және қоғам мен мемлекетте сенім, ашықтық ахуалын қалыптастырудың объективті қажеттілігінен тұрады деп санаймын.

Құрылтай институт ретінде Қазақ хандығы кезінде де болғаны тарихтан белгілі. Тәуелсіздік жылдары қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы сияқты формат та пайда болды. Содан кейін ол шетелдік отандастармен байланысты сақтау функциясына ұласты. Енді тарихи сабақтастық тапқан бұл құрылтайды елдегі өзгерістерге арналған тиімді құрал еткенін құптаймын. Ұлттық құрылтайдың құрылуы елде билік пен жалпы қоғам арасында ашық диалог құрудың жаңа форматын тауып, еліміздің өсіп-өнуіне дұрыс бағыт-бағдар көрсететін болады"
_____

Gülşat Qadyrqyzy: Ūlytaudağy Ūlttyq qūryltai turaly...

"2022 jylğy 16 mausymda Qazaqstan üşın mañyzdy ıs-şara - bırınşı Ūlttyq qūryltai öttı. Ol özınıñ mazmūn-mañyzy boiynşa konsültativtık-keñesşı organ bolyp tabylady. Onyñ qūramyna Mäjılıs pen Senat deputattary, Qazaqstan halqy Asambleiasynyñ, azamattyq qoğam men saiasi partialardyñ belsendı ökılderı, käsıpkerler men körnektı sarapşylar, sondai-aq öñırlık qoğamdyq keñesterdıñ müşelerı kıredı.

Menıñ oiymşa, Qazaqstan memleket pen azamattyq qoğamnyñ dialogyn nyğaitu, aşyq äñgıme aiasyn keñeite tüsu boiynşa igı ideialar men ızgı qadamdardy ızdeu jäne äzırleu üşın platforma qūrudyñ dūrys jolyn tañdady.

Qazaqstan Prezidentı Qasym-Jomart Toqaev öz sözınde qoğam damuynyñ jalpy tūjyrymdamasyn äzırleu boiynşa memleketşıl dialogtyñ rölın arttyru üşın alañ qūruğa basa nazar audardy. Qoğamda ideologianyñ qalyptasuyna köp köñıl bölındı jäne eldegı jağdaidy jaqsy bağytta özgertuge niet bıldırdı.
Ūlttyq qūryltai memleket pen azamattyq qoğam arasyndağy qoğamdyq dialog instituty retınde jan-jaqty sipatqa ie bolady jäne qoğam men memlekette senım, aşyqtyq ahualyn qalyptastyrudyñ obektivtı qajettılıgınen tūrady dep sanaimyn.

Qūryltai institut retınde Qazaq handyğy kezınde de bolğany tarihtan belgılı. Täuelsızdık jyldary qazaqtardyñ Düniejüzılık qūryltaiy siaqty format ta paida boldy. Sodan keiın ol şeteldık otandastarmen bailanysty saqtau funksiasyna ūlasty. Endı tarihi sabaqtastyq tapqan būl qūryltaidy eldegı özgerısterge arnalğan tiımdı qūral etkenın qūptaimyn. Ūlttyq qūryltaidyñ qūryluy elde bilık pen jalpy qoğam arasynda aşyq dialog qūrudyñ jaña formatyn tauyp, elımızdıñ ösıp-önuıne dūrys bağyt-bağdar körsetetın bolady"

#Ұлытау #ұлттыққұрылтай #tausyrym
29 viewsedited  06:33
Ашу / Түсініктеме