Get Mystery Box with random crypto!

13 шілде күні «Отандастар қоры» мен шет елдегі«Аbai» мәдени-іс | «Otandastar Qory»

13 шілде күні «Отандастар қоры» мен шет елдегі«Аbai» мәдени-іскерлік үйінің өкілдері «ZOOM» арқылы онлайн кездесті.
«Abai Uii» МІҮ шетелдегі қазақ ұлттық-мәдени орталықтарын бірыңғай желіге шоғырландыру мақсатында «Отандастар қорының» қолдауымен 2019 жылдан бастап құрыла бастаған еді.

Кездесу барысында алыс-жақын шет елдердегі қазақ диаспоралары және отандастармен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған түрлі жобалар талқыланды.
Онлайн шараға «Abai Uii»-нің 5 елдегі өкілдері, атап айтқанда, Қырғызстаннан Гүлшат Қадырқызы, Өзбекстаннан Серікбай Назарұлы, Ресейден Қуаныш Жолдасбекұлы, Германиядан Галина Нуркеновна, Түркиядан Ертолқын Гайретуллах қатысты.
___

13 şılde künı «Otandastar qory» men şet eldegı«Abai» mädeni-ıskerlık üiınıñ ökılderı «ZOOM» arqyly onlain kezdestı.
«Abai Uii» MIÜ şeteldegı qazaq ūlttyq-mädeni ortalyqtaryn bıryñğai jelıge şoğyrlandyru maqsatynda «Otandastar qorynyñ» qoldauymen 2019 jyldan bastap qūryla bastağan edı.

Kezdesu barysynda alys-jaqyn şet elderdegı qazaq diasporalary jäne otandastarmen mädeni-gumanitarlyq jäne ıskerlık bailanystardy nyğaituğa bağyttalğan türlı jobalar talqylandy.
Onlain şarağa «Abai Uii»-nıñ 5 eldegı ökılderı, atap aitqanda, Qyrğyzstannan Gülşat Qadyrqyzy, Özbekstannan Serıkbai Nazarūly, Reseiden Quanyş Joldasbekūly, Germaniadan Galina Nurkenovna, Türkiadan Ertolqyn Gairetullah qatysty.

#отандастар#қандастар#шетелдегіқазақтар#абайүйі#отандастарқоры#анатілі