Get Mystery Box with random crypto!

Қ.Тоқаев: «Біз тарихи Отанына оралған қандастарды толық қолдай | «Otandastar Qory»

Қ.Тоқаев: «Біз тарихи Отанына оралған қандастарды толық қолдаймыз»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен

«Біз тарихи Отанына оралған қандастарды толық қолдаймыз. Бірақ, тек Маңғыстау өңірімен шектелуге болмайды. Басқа облыстарға, соның ішінде өндірісі дамыған аймақтарға қоныстануға болады. Біз қажетті жағдайды жасауға дайынбыз.
Қазіргі заманда өңірлерде, елдерде, тіпті, құрлықтарда жұмыс күшінің көші-қоны жүріп жатыр. Бұл заңды құбылысқа айналды. Осы үрдіске біздің азаматтар да үйренуі керек. Көрші елдердің азаматтары бұл жағдайға жақсы бейімделді. Біз қандастарымыздың барлық салада, соның ішінде мемлекеттік қызметте жұмыс істегенін қалаймыз. Олар Жаңа Қазақстанды құруға өз үлесін қосады деп сенемін» - деді Президент өз сөзінде.
___

Q.Toqaev: «Bız tarihi Otanyna oralğan qandastardy tolyq qoldaimyz»

Memleket basşysy Qasym-Jomart Toqaevtyñ Ükımettıñ keñeitılgen otyrysynda söilegen sözınen

«Bız tarihi Otanyna oralğan qandastardy tolyq qoldaimyz. Bıraq, tek Mañğystau öñırımen şekteluge bolmaidy. Basqa oblystarğa, sonyñ ışınde öndırısı damyğan aimaqtarğa qonystanuğa bolady. Bız qajettı jağdaidy jasauğa daiynbyz.
Qazırgı zamanda öñırlerde, elderde, tıptı, qūrlyqtarda jūmys küşınıñ köşı-qony jürıp jatyr. Būl zañdy qūbylysqa ainaldy. Osy ürdıske bızdıñ azamattar da üirenuı kerek. Körşı elderdıñ azamattary būl jağdaiğa jaqsy beiımdeldı. Bız qandastarymyzdyñ barlyq salada, sonyñ ışınde memlekettık qyzmette jūmys ıstegenın qalaimyz. Olar Jaña Qazaqstandy qūruğa öz ülesın qosady dep senemın» - dedı Prezident öz sözınde.

#президент#отандастар#қандастар#отандастарқоры#қолдау#отан