Get Mystery Box with random crypto!

Жігіт сылқымға Ендігі сөзді жігіт басын жігіт шіркіннің ауылы | NURLY.ISLAM

Жігіт сылқымға

Ендігі сөзді жігіт басын жігіт шіркіннің ауылына бұрайық. Сері жігіт, сылқым жігіт, паң жігіт. Ойлаған бір күнгісін бейқам жігіт.

Егер қандай бір қыз келіп ақымақтық жасап өзі жабысып жатса, сұрағанға табылған деген ойды қолдайтын жігіттерге.

Жігіт болып қызбен жүрмесек, жастық шақтан не пайда?» деген ұранмен қызқұмар ұлан болып жүргендер қаншама?! Жігітке де айтпағымыз: «Қызбен жүру не теңің?! Қыз құшақтау не сәнің?!» «Жалған өмір өтіп кетер зуылдап», - деп мағынасыз өмірде бар ойлағаның осы ма?! Қолдан ұстап,басқадай әрекеттерге көшесің. Тұнығын лайлауға құмбыл тұрасың. Айтсаң оғаш естіледі, айтпасқа тағы болмайды. Айтпасаң сөздің атасы өледі. Бірақ бұл өмірдегі бір шындық. «Мұсылманмын» дер көп жігіттер. Бірақ оған ісі сай емес. Қашан шамасы жетіп, некелеп алмай қызға қол тигізуге хақысы жоқтығын білсе ғой. Алайда, нәпсінің қалауымен жүреді.

Дәлелденген тағы бір ақиқат бар. Ол - әйел ақылының еркектен төмендігі. Сондықтан да «Еркек – бас, әйел – мойын» деп бекер айтылмаса керек. Егер қандай бір қыз келіп ақымақтық жасап өзі жабысып жатса, сұрағанға табылған деген ойды қолдайтындар қаншама.
Ағалық ақылыңды айтып, жөнге саларсың. Әйтеуір бір жаны ашыған адамның тірлігін жасарсың. Сауаптың сауабы сонда жатыр емес пе?! Қыз біткенді шамаң келсе қорғап бақ. Ар-намысын өзің бірге аяққа таптағанша, қайта аспанға қарай асқақтат. Уақыты келіп үйленем дерсің. Сонда ұяты мол, ар-намысы биік қыз алсаң, кімге жаман, қайта бақ. Ел намысы саналатын қаракөз қыздар қашан да қымбат.