Get Mystery Box with random crypto!

Алланың досы Ибраһим пайғамбар (а.с.) жіберген қателіктерін ес | NURLY.ISLAM

Алланың досы Ибраһим пайғамбар (а.с.) жіберген қателіктерін еске алғанда есеңгіреп, жүрегі дүрсілдеп қатты қорқады екен. Алла Тағала оған Жәбірейіл періштені жібереді. Жәбірейіл (а.с.) Ибраһим пайғамбарға келіп:
–Алла саған сәлем жолдады және "Досынан қорыққан да дос бола ма?"-деп жатыр-дейді. Әзірет Ибраһим оған:
–Уа, Жәбірейіл, жіберген қателіктерім еске түсіп, олардың жазасын ойлағанымда достықты да ұмытам,-деп жауап қайтарады.
Пайғамбарлар, әулиелер және тақуа адамдар сондай еді. Сен де ойлан!

Жүректің сырлары