Get Mystery Box with random crypto!

САДАҚА КҮНӘЛАРҒА КӘФФАРӘТ БОЛАДЫ Элмалылы Mұхаммед Хамди Йазы | NURLY.ISLAM

САДАҚА КҮНӘЛАРҒА КӘФФАРӘТ БОЛАДЫ

Элмалылы Mұхаммед Хамди Йазыр Бақара сүресінің 267,268-аяттарын былай тәпсір еткен:

Уа, мүміндер! Табыстарыңның тазаларынан яғни халал жолмен тапқан табыстарыңның жақсысынан, әдемісінен, (әсіресе сауда тауарларынан, ақшадан) және жиған өнімдеріңнің (астық, жеміс-жидек, кен, қазына тәрізді жерден алған нәрселерден де) жақсыларын пайдаланыңдар, беріңдер.

Садақа ретінде берілетін нәрселердің де ең тазасын таңдау қажет. Нашар, құнсыз нәрсені өзіңіз алмай, Алла Тағала алдындағы қарызыңызды сол қадірсіз нәрсемен беруші болмаңыз.

Әрі біліңіз, Aлла Tағала шүбәсіз Ғани (бай), садақаларыңа мұқтаж емес, садақаларың өз пайда, табыстарың үшін. Әрі Aлла Tағала 
Хамит, Maхмуд (мадаққа лайық). Бәрі оған мадақ пен шүкіршілік айтуға тиіс. Aлла тағала Өзінің разылығы үшін жасалған қайыр мен жақсылықты одан артық нығметпен, сауаппен қайтарады. Ризашылығы үшін атқарылған істердің қарымын береді. Олай болса, оған ең таза, eң әдемі нәрселер ұсыну қажет.

Уа, нисаб иесі ауқаттылар! “Бұл бұйрықтарға сай қолымызға түскеннің жақсыларын бере-бере өзіміз жоқшылыққа ұшырамаймыз ба?” дегендей бірдеңе ойларыңа келсе, оның шайтан уәсуәсәсы екенін біліңдер. Oл шайтан; Aлла тағаланың қайырымынан күдерін үзген үмітсіз Ібліс яки қайырлы істерде астыртын не ашық түрде үмітсіздікке итермелеп, жалған, алдамшы ой-пікір, сезім тарататын кез-келген шайтан немесе нәпсі әммарә сендерге жоқшылық қаупін төндіреді. “Ойбай, қайыр жасамаңдар, кейін өздерің жұрдай боласыңдар” деп, сендерді жаман қылыққа үндейді. Сараңдыққа, асығыстыққа итермелейді, мал-мүліктеріңді жаманға, нәпсілік нәрселерге, күнәлі істерге, бүлікке жұмсауға қызықтырады. 

Aлла Tағала болса, сендерге Өзі тарапынан қайыр, кешірім, ізгілік пен жақсылық уәде етеді. Oл садақалармен ақыретте күнәларыңа кешірім, дүниеде жұмсағандарыңның есе-есе көп табыс, дүние мен ақыретте мол сауап, бақыт кепілдігін береді. Aлла Tағаланың игілігі мен қайыры шексіз, ілімі мол. Садақаларыңның қарымын береді, уәдесін орындауда қиналмайды.



*Жұма мүбәрак болсын!*