Get Mystery Box with random crypto!

Шүкіршілік есігін ашатын себептер: 1) Әлсіздік. Алла алдында, | NURLY.ISLAM

Шүкіршілік есігін ашатын себептер:

1) Әлсіздік. Алла алдында, мұқтаждықты мойындау. Әлсіздік дегенді басқа адамның алдында өзін әлсіз көрсету деп түсінбеуіміз керек, ол тек Алла үшін болу керек.
Мысалы, әлсіз сәбиге барлығы мейірімділігін төгеді, сол секілді Алла да біз әлсіз екенімізді мойындап дұға етсек, мейірімділік етер деген үміт бар.

2) Мейірімділік ету. Мейірімділіктің ләззаты қарымта қажет етпейді, мысалы, Ананың балаға жасаған мейірімділігі.
Айналамызға, адамдарға, жануарларға және т.б мейірімді болу.

Шүкіршілікке апаратын инструменттер:
Шүкіршілік дәптерін жазу, 
Алла берген нығметтерді ойлану,
Шүкір намазын оқу.

#подкасттан #dariyatv