Get Mystery Box with random crypto!

Халықаралық компанияда істеудің ерекшеліктері жиі сұрап жатады | Narikbi LIVE

Халықаралық компанияда істеудің ерекшеліктері жиі сұрап жатады. Негізі, бұл өте қызық тәжірибе. Елде жүріп ондай experience алу қиын.

Менің командамда үндіс, қазақ, жапон, белорус, түрік, араб, бангладеш, американдық бар. Бір жерге жиналып сөйлесе бастасаң, әлемнің қаншалықты әр түрлі, ерекше екеніне көзің жетеді.

Мысалы, кеше менің индиялық әріптесім өзінің туып өскен жері туралы айтып берді. Жалпы, Индия тұтас мемлекет болғанымен, өзінің ішінде өте көп халықтар мен тілдер бар. Олар үшін хинди - өзара ортақ тіл ғана. Мен көрген үндістер бір-бірімен көбіне ағылшынша сөйлеседі.

Әріптесімнің фамилиясы Jain еді. Сөйтсем, ол сол жердегі діннің атауы екен. Айтқаннан соң, гуглдан іздей бастадым. Бұл джайнизм атты көне үнді діндердің бірі екен. Қызығы, бұл адамдар жерден өсіп шығатын жемістерді жемейді. Мысалы, картоп, сәбіз дегендей. Себебі, оларды жерден шығарсақ өлтіреміз деп сенеді.

Жануарларға тіпті жоламайды. Одан бөлек, біздегі "палау" мен "нан" оларда да тура солай айтылады екен. Оларға палауды біздің, яғни орта азиядан келгенін растап отыр. "Индиялық шай" деген түсінік оларды британдықтар жаулағаннан кейін ғана пайда болды дейді. Мен шайды бүкіл әлемге үндістер әкелді ма десем.

Айта берсең, әңгіме көп. Мынау соның бірі ғана. Сонда, мен бір кофе үстінде отырып, әлемнің ар жағында өмір сүріп жатқан өркениет мен мәдениетті біліп алдым. Ол жерде ешқашан болмасам да. Керемет емес пе?

Шетелге шығып жатсаңыз, міндетті түрде әр түрлі ұлт өкілдерімен араласуға тырысыңыз. Өте таң қаласыз. Олар да қазақтар туралы біраз мәлімет біліп қалар.

Индия туралы мәлімет қызық болды ма?)