Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арнадағы тақырыптар:
Серіктестік
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 20.60K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 18

2022-01-21 12:22:10English tips

Еуропада тұрған соң шығар, ағылшын тілін үйрену жайлы жиі сұрақтар келіп жатады. Менің бұл жайлы айтарым көп екен. Бір кеңесіммен бөлісейін дедім.

Мен 5-7 сыныптарда француз тілін үйренгенмін. Ал 8-11 сыныптарда ағылшын оқыдым. Бірақ, қанша оқысам да, мектеп бітіргенде ағылшыным ноль болды. Түк білмедім. Таныс сезім, иә? "4 жыл бойы не үйрендік сонда?" деген сұрақ маза бермейтін.

Кейін Халықаралық IT университетіне түстім. Ал универде сабақтың бәрі ағылшын тілінде. Қайталап айтам, БАРЛЫҒЫ ағылшынша. Менің қалай қиналғанымды білсеңіз. Жарты жыл бойы google translate ең сүйікті сайтым болды.

Бірақ, бірінші сессиядан соң бұны өзгерту керек деп шештім. Аптасына 5 күн курсқа бардым. Телефон, компьютердің бәрін ағылшынға ауыстырдым. Ютубтан көп видео қарай бастадым.

Зерттеу барысында керемет сайт тауып алдым - EngVid.com.
Бұл видео материалдарға толы тегін сайт. Әр видеоның өз деңгейі бар: beginner, intermediate, advanced. Тағы көптеген тақырыптар қамтылған: business english, grammer, IELTS, speaking, writing, etc. Бәрі тегін.

Ең ұнайтыны тұсы - мұғалімдер. Сервисте тұрақты 10 мұғалім бар. Әр түрлі ұлт, әр түрлі акцент.
Ең сүйікті мұғалімім - James. Бұл қара жігіттің позитивті көңіл күйі ерекше тартады. Келтіретін мысалдары да күшті. Тақтада әрқашан өзінің досы бар - mister E атты құрт (червяк). Мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Бірақ, ең бастысы - сіз ағылшынды ағылшын тілі арқылы үйренесіз. Қиын естілуі мүмкін, бірақ мүлдем олай емес. Біз курстарда қазақ не орыс тілі арқылы үйренеміз ғой. Бұл дұрыс емес. Сіз қиналып болсын, сол тілде үйренуіңіз керек.

Бүгінге кеңесім осы.
Пайдалы болса, достарыңызбен бөлісіп қойыңыз

#english_tips
t.me/narikbi_live
4.4K views09:22
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 19:13:27 Сізде оқитын қандай пайдалы каналдар бар?
7.2K viewsedited  16:13
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 19:04:18 Мен оқитын 5 телеграм канал

Мен үшін телеграм соңғы жылдары басты ақпарат көзіне айналды. Инстаграмда ақпараттан гөрі, кімнің қайда демалғанын көресің. Фейсбукте политика тым көп. Твиттерде отырмаймын.

Төменде мен күн сайын оқып, тың ақпарат алатын 5 парақшаны белгілеп кеттім.

@dzhigitbek - Данияр Жігітбек досымның каналы. Танымайтын адамдар үшін - Данияр қазақ тілінде бірнеше кітаптың авторы әрі коуч. Біздің подкасттың тұрақты қонағы, амбассадоры десе де болады. Бәлки, Данияр болмаса бұл подкаст басталмас та еді. Парақшасында тек пайдалы, өміріңнің өнімділігін көтеретін кеңестер мен лайфхактар.

@japyrak - өте тәжірибелі психолог Табиғат Қаутай ағамыздың каналы. Менің өмірлік бағытымды ауыстыруға біраз әсерін тигізген кісі. Посттарын оқу оңай емес, сразу айтам. Вайбты сезу үшін біздің Табиғат ағамен жазған екі эпизодымызды тыңдап шықсаңыз болады. Қалам мен парақ алып отырып тыңдайтын подкаст. Тыңдағандар біледі.

@Shlounak - шығыстанушы, полиглот Арсен Шади бауырымның каналы. Арсен 7 тілде еркін сөйлейді. Араб тілінің маманы. Өте жан-жақты жігіт. Қазір Түркия елінде білім алып, оқығаны мен білгенін өз каналына салып отырады. Біз Арсенмен де подкаст жасағанбыз. Тыңдап бағасын берерсіздер.

@KalkaStop - белгілі баспагер, редактор Назгүл Қожабек ханымның "Калькасыз қазақ тілі" жобасы. Біз көбіне орыс тіліндегі сөздерді қазақ тіліне тікелей аударуға тырысамыз. Алайда, бұл көптеген калькалардың пайда болуына алып келеді. Назгүл ханым каналында дұрыс жазылу тәртібін көрсетеді. Айтпақшы, “Хәрри Поттерді” қазақ тіліне аударған да Назгүл ханым. Әзірге бірге подкаст жасамадық.

@mufakkirkz - белгілі исламтанушы Олжас Бейсенәлі бауырымның парақшасы. Олжас Иордания мемлекетінде ұзақ уақыт білім алып, қазіргі күні дәрістер өткізіп, ағарту ісімен айналасуда. Тексттері діни мағұлматтарды түсінетін адамдарға арналған. Олжекемен подкастымыз да бар. Тыңдап көріңіздер.

@narikbi_live
8.8K views16:04
Ашу / Түсініктеме
2022-01-18 20:46:18 Подкаст демекші, менің үнемі үзбей көретін Dope soz атты подкастым бар. Шынын айтсам, көп тыңдағаным сонша, әлемнің ар шетінде жүрсем де өздерімен бірге отқандай боламын.

Оны жүргізетін екі қазақ жігіт - Жомарт пен Арсен. Талқылайтын тақырыптары ауқымды әрі интеллектуалды болғаны үшін бе, шығарылымдары аздау көрілім жинап жатады. Өте underrated жоба деп есептеймін.

Қазақша, орысша араласқан әңгіме, политика, дін, тарих.. Общым, менің барлық ұнататын тақырыптар. Видео жоба болғандықтан, осындай сапаны жасау үшін де біраз қаражат жіберіп жатыр.

Осындай елге жанашыр жігіттерді қолдау керек деп есептеймін. Төменде Ринат Балғабаев мырзамен өткен соңғы күндердің жаңалықтарын талдайтын эпизод тұр. Мен соңғы кезде оқыған, тыңдаған ең есі дұрыс дүние осы шығар. Жазылып қойыңыздар. Еш жарнама емес.



Говоря о подкастах. У меня есть подкаст, который я смотрю почти всегда. Называется Dope soz. Я смотрел его настолько много, что уже в какой то степени ребята стали моими друзьями.

Его ведут два парня - Жомарт и Арсен. Они ведут разговоры о политике, религии, истории, итд. В общем, все что я люблю обсуждать. Возможно из за этого они набирают мало просмотров. Очень недооцененный проект я считаю.

Хочу поддержать таких ребят, которые не смотря на финансовые и временные затраты, делают и не останавливаются. Ведут его кстати на двух языках сразу.

Ниже ссылка на эпизод с Ринатом Балгабаевым с разбором на посл. события в нашей стране. Наверное самое адекватное что я смотрел за посл. время. Можете подписаться, не реклама)




4.7K views17:46
Ашу / Түсініктеме
2022-01-18 14:34:14

6.4K views11:34
Ашу / Түсініктеме
2022-01-18 14:34:08

6.6K views11:34
Ашу / Түсініктеме
2022-01-18 14:33:55 Алғашқы президентіміз ютубқа шыққан соң, мен де қаламын ба деп сіздермен жақында қатысқан ютуб жобалармен бөліскім келді.

Бұл ORTA және Mihrab.kz ютуб подкаст арналары. Екеуіде рухани тақырыптарды қозғайды.

ORTA-да біз достарымызбен отырып талқыласақ, Михрабта екі білікті ұстаздарымызбен бірге жастардың арасындағы қозғалып жүрген сұрақтарға жауап іздедік.

Кім қарады?)


Раз уж первый президент вышел сегодня в ютуб, я тоже не решил не отставать и поделиться с вами ютуб проектами, где я учавствовал.

Это ORTA и Mihrab.kz. Оба проекта затрагивают вопросы духовного развития среди молодежи.

В ORTA мы делали это со своими друзьями, в Михраб моими собеседниками были два очень образованных устаза (имама).

Кто уже смотрел?
6.5K viewsedited  11:33
Ашу / Түсініктеме
2022-01-17 15:43:07 Пост на русском ниже

Салем достар,
Үш күн демалыс алып, каналға ештеңе салмадым. Бір жағынан тыныс алып, ары қалай, қай бағытта дамитынымызбен бөліскім келді.

Біздің негізгі бағыт - кәсіби әрі рухани даму. Оған подкаст, кітаптар, пайдалы посттар мен тікелей эфирлер кіреді. Жақын арада оған ютуб контент те қосылады.

Командамызда дизайнерлер, копирайтер, аудио/видео монтажерлар бар. Қазір біз кітап та жазып үстіндеміз. Бұйырса ол жайлы бөлек айта жатармын.

Миссиямыз - саналы, дамушы, еліміздің тірегі болатын тұлғаларды шығару. Өте ауқымды естілгенімен, осы миссиямызға сеніміміз мол.

Қазіргі негізгі жобамыз - подкаст. Бұл жоба арқылы біз қоғамымыздағы өз маманының шеберлері, рухани деңгейі жоғары тұлғалармен сұхбат жүргіземіз.

Бұл түрлі мамандық иелері: журналист, инженер, әнші, кәсіпкер, т.б. Біз әрқашан Apple Podcasts чарттарын бірінші орындарда боламыз.

Осыған дейінгі 46 эпизодымыз аудио подкаст платформаларда жүктеулі тұр. Әрбір шығарылым сайын біз жобамыздың демеушісі @qazyna_kz кітап дүкені арқылы бірнеше кітап ойнатамыз.

Ол үшін подкастты тыңдап, одан түйген ойларыңызды инста парақшада жазып кету керек. Айтпақшы, жақын арада кейінгі 6 шығарылым жеңімпаздарын жариялаймыз. Қатысып үлгеріп қалыңыздар. Қалай тыңдаймыз десеңіздер, сілтемелер мында: https://t.me/narikbi_live/1178

Алла қаласа, жобаларымыз ютуб арнаға да көшіп жатыр. 2022 жыл ютуб контентке толы боларына сенімім мол. Жақында алғашқы видео шығарылымды көресіздер.

Қысқаша ғана жобаларымызбен таныстырып шықтым. Ортамызға қош келдіңіздер.



Салем достар,
Последние три дня ничего не выкладывал, так как решил восстановиться после этих очень эмоциональных и энергозатратных дней. Сегодня хотел бы поделиться дальнейшими планами.

Наше основное направление - профессиональное и духовное развитие. В это входит подкасты, полезные посты, книги и прямые эфиры. Скоро будут и ютуб проекты.

Наша команда состоит из дизайнеров, копирайтеров, аудио/видео монтажеров. Сейчас мы даже в процессе написания книги. Чуть позже расскажу об этом.

Миссия - взрастить осознанное поколение граждан нашей любимой страны, которые и будут основой человеческого потенциала нашего государства. Звучит очень помпезно, я знаю. Но это то, что нас мотивирует. Мы работаем в долгую.

Наш основной проект - это подкаст. В нем находим профессионалов своего дела и пытаемся найти ответы на жизненно важные вопросы. Это журналисты, музыканты, бизнесмены, инженеры, итд. Подкаст часто входит в топ чарты Apple Podcasts.

До сегодняшнего дня, мы записали 46 эпизодов, в основном на казахском. Но эпизоды на русском вы тоже можете найти. Каждый эпизод разыгрываем книги от нашего спонсора книжного магазина @qazyna_kz.

Для этого всего лишь надо послушать подкаст и написать свой саммари на что вы поняли из эпизода. Кстати, скоро мы уже выявим победителем на посл. 6 эпизодов. Ссылка для прослушивания тут: https://t.me/narikbi_live/1178

Даст Бог, в этом году хотим развивать наш ютуб канал. Подкаст уже постепенно переносятся туда. Скоро увидите и наш первые видео подкаст.

В целом, это то над чем мы работаем.
Добро пожаловать в нашу тусу
5.7K views12:43
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 16:40:13
Безопасность в телеграм

Вы так же можете поставить пароль-код в телеграм.

1. Заходим в настройки
2. Выбираем Конфиденциальность
3. Выбираем Код-пароль и FaceID
4. Вводим 6ти значный код (не ваше ДР)
5. Готово, у вас есть пароль

Вы так же можете поменять время автоблокировки, например через 5 минут. По умолчанию стоит один час.
13.3K viewsedited  13:40
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 16:12:54 Советы в свете задержаний:

- Отключите FaceID для разблокировки телефона;
- Отключите разблокировку по отпечатку;
- Замените пароль на более сложный из 6ти цифр, но плиз не используйте дату вашего ДР;
- Запомните номер вашего адвоката или запишите, ни в коем случае не звоните ему со своего телефона;
- Никто не сможет вас заставить показывать содержимое телефона без санкций.

Берегите себя.

@narikbi_live
15.2K viewsedited  13:12
Ашу / Түсініктеме