Get Mystery Box with random crypto!

Кеше тікелей эфирдегі бір оймен бөлісейін дедім. Қонақтардың б | Narikbi LIVE

Кеше тікелей эфирдегі бір оймен бөлісейін дедім. Қонақтардың бірі Садық Шерімбек атты досым болды. Садық - өте ерекше қазақ мен үшін. Ол қазір Ordagen атты қазақ тілді балаларға арналған кітап баспасымен айналысады.

Садық осы айдың 4 күні Алматыда бейбіт шеруге шыққан қазақтардың бірі. Басында Алматы аренада жиналып, көшеде жүріп, бүлікшілерді көргенде үйіне қайтқан. Оның айтуынша, сол жиналған жігіттердің көбі Наурызбай немесе Төле би көшесінен төменгі аудандардың тұрғындары дейді.

Ойланып қарасақ, бұл аудандарда бір дұрыс университет, колледж, не мықты мектеп жоқ. Алматының орталығындағыдай коффейнялар, ТРЦ, кітапхана салынбаған. Былайша айтсақ, мешіттен басқа жастарға қайда шоғырланып, жиналатын жер қалмаған.

Өкінішке орай, қаланың шет жағында өмір сүретін, көшіп келген адамдар көбіне Алматының орталығын өзінің қаласы деп санамайды. Оны шерудегі жігіттердің өздері де растады. Сол үшін оларға "Французкий домды" тонау, акиматты өртеу ештеңеге тұрмайды. Оларға Алматының ерекше вайбы жетпегендей. Қала оларды баурап ала алмады. Өте өкінішті-ақ.

Бұл қаланың келесі әкімдеріне шешу керек үлкен проблема. Бірақ, оған халық та көмектесе алады. Тұрғындар өз ауданын әкіміне қаланың басқа ауданында бар институттарды талап етуге құқылы. Алайда, ол әкімдерді қайдан табамыз? Оларды сайлау керек.. Әкімдерді сайлау үшін мемлекетті де сайлау керек.

Бәрі бірімен байланысты екенін осы оқиғалар бізге анық көрсетті.

Енді Алматы тұрғындарына сұрақ. Сіздер Алматыны өзімнің қалам деп есептейсіз бе? Не үшін?