Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 11

2022-02-18 17:00:09 ​​ Аниматор деп сан қилы іс-шараларда әртүрлі кейіпкерлерді көрсететін әртісті айтады. Мамандардың айтуынша, жақсы аниматор болу үшін психологиялық қырағылығы, ақыл-парасаттылығы, ішкі мәдениеті мен тәрбиесі, актерлік шеберлігі, ән айту немесе би билеу қабілеті, ораторлық өнері болу қажет.

Ол қонақтарды қарсы алу және олардың көңіл-күйін көтеру қызметін атқарады. Қазіргі таңда аниматорлық қызметтің қонақүй, клуб, қалалар, мерекелер және туристерге арналған бағыттарын атап өтуге болады. Олар түрлі корпоративті кештер, конкурстар, эстафеталар және қызықты байқауларды өткізуге көмектеседі.

Шариғат бойынша аниматорлық қызметпен айналысу үшін ең алдымен мына шарттар орындалу керек:

Өтірік айтпау, алдамау. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Халықты күлдіру үшін өтірік сөйлейтін адамға қасірет, қасірет және қасірет болсын!» – деген (Ахмад). Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): «Шынайы да, әзілмен де өтірік сөйлеуге болмайды. Кішкентай балаларыңа бірнәрсені уәде етіп, оны орындамай қоймаңдар», – деген.

Себепсіз біреуді кінәламау, жазғырмау. Алла Тағала: «Араларыңнан бір қауым басқа бір қауымды келемеждемесін», «Бір-біріңді кемсітпеңдер, намысқа тиетін лақап атпен атамаңдар», – деп бұйырды («Хужурат» сүресі, 11-аят).

Жануарлардың іс-қимылын қайталау немесе дауысын салудан аулақ болу. Мысалы, ит сияқты үру, есек сияқты ақыру. Себебі Алла Тағала жаман адамды ит пен есекке ұқсатып, сол арқылы әлгі адамның төмен дәрежеде екенін көрсетті. Құранда: «Алайда, ол жерге (пәни дүниеге) жабысып қалды да, өзінің нәпсіне еріп кетті. Оның мысалы, құдды итпен тең» («Ағраф» сүресі, 176-аят), «Тәуратты арқалағаннан кейін оны тиісінше алып жүре алмағандардың мысалы бейне бір том-том кітап арқалаған есекке ұқсайды» («Жұма» сүресі, 5-аят), – деп баяндалады.

Дінді жаман көрсетпеу. Қандай жағдайда болмасын мұсылман адам әрқашан өз дінін, Пайғамбарын, кітабын, дін ғұламаларын қорғауы тиіс. Алла Тағала:

«Егер олардан өздеріңді не себепті жамандап, мазақтағандары жайлы сұрасаң, түк болмағандай: «Біз жай әңгіменің қызығына батып, қалжыңдасып ойнаған едік», – дейді. (Оларға): «Демек, сендер Алланы, аяттарын және Пайғамбарын келемеждейсіңдер, солай ма?!» – деп айт. (Ей, екіжүзділер!) Сылтау айтып, ақталмай-ақ қойыңдар. Шынтуайтында, сендер иман келтірдік деп, құр ауызбен айттыңдар һәм содан кейін іштеріңе бүккен күпірліктеріңді паш еттіңдер», – деген (Тәубе» сүресі, 65-66 аяттар).

Бұған сәлде, сақал, орамал және басқа да мұсылмандық атрибуттар мен сүннет саналатын істерді қосуға болады.

Ер адам әйелге, әйел кісі ерге және дінсіз адамға ұқсамау. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кім қай қауымға өзін ұқсатса, демек ол соларға жатады», – деген (Әбу Дәуіт). Сондай-ақ Пайғамбарымыз (ﷺ) өзін әйелдерге ұқсатқан ерлерді және өзін ерлерге ұқсатқан әйелдерді лағынеттеді (Бұхари).

Ұят қылық көрсетпеу, әдепсіз сөз айтпау. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Алла ұятсыздықты (ұят іс істеу мен әдепсіз сөз айту) жек көреді», – деген (Ахмад).

Дайындаған Хасан АМАНҚҰЛ

@muftyat_kz
#сұрақжауап
565 views14:00
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 06:00:11
Жұма мүбәрак болсын!

@muftyat_kz
#күндердіңсұлтаны
569 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2022-02-15 08:41:35
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасында ІІ республикалық байқау өтеді.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-02-15/38680-kuran-krimdi-zhatka-oku-boiynsha-kyzdar-arasynda-ii-respublikalyk-baikau-otedi/
2.1K viewsedited  05:41
Ашу / Түсініктеме
2022-02-12 14:06:59 Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылды. Осы кеңестің мүшесі әрі ардагер имам ретінде айтулы басқосуға мен де қатыстым. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік деп санаймын.

Өмірзақ қажы Қазкенұлы

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/articles/islam-and-society/2022-02-11/38668-aksakaldar-kenesi-ultymyzga-tn-institut/
504 views11:06
Ашу / Түсініктеме
2022-02-11 06:00:22
«Уақытқа серт! Шындығында адам баласы зиянда. Бірақ иман келтіріп, ізгі амал жасағандар, бір-біріне ақиқат пен сабырды насихаттағандар бұдан тыс болмақ»

«Ғасыр» сүресі

Жұма мүбәрак болсын!

@muftyat_kz
#күндердіңсұлтаны
410 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 08:41:09 Биткоин криптовалютасын қолдану халал ма?

#сұрақжауап

https://www.muftyat.kz/kk/qa/kazhylyk/2022-02-09/38633-bitkoin-kriptovaliutasyn-koldanu-khalal-ma/
1.2K views05:41
Ашу / Түсініктеме
2022-02-08 14:27:00
«Расында, мүміндер – бір-біріне шынайы бауыр. Олай болса, бауырларыңның арасын жарастырыңдар, сондай-ақ Алладан қорқыңдар! Міне, сонда Оның рақымына бөленерсіңдер!»

«Хужурат» сүресі, 10-аят

@muftyat_kz
#исламбірлікдіні
453 views11:27
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 18:14:01
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ливияның еліміздегі Өкілетті Елшісі Муамер Мансурмен кездесті.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-02-07/38613-bas-mufti-liviia-elshisimen-kezdesti/
567 views15:14
Ашу / Түсініктеме
2022-02-04 04:53:50
Ережеп айының алғашқы жұмасы қабыл болсын! Алла Тағала Рамазанға дейінгі рухани дайындығымызға береке бергей!

@muftyat_kz
#күндердіңсұлтаны
1.5K views01:53
Ашу / Түсініктеме
2022-02-02 19:26:07 ​​ Ережеп (Ражаб) – Алла Тағаланың соғысуға, қан төгуге тыйым салған (Зұлқағда, Зұлхижжа, Мұхаррам, Ражаб) айларының бірі. «Ражаб» сөзі ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді.

Кейбір деректерде жер жүзін су басқанда Нұх пайғамбар кемеге Ережеп айының бірінші күні мінген, Мұхаммед пайғамбарға ﷺ ең алғашқы уахи Ережеп айында түскен, осы айда Исра және Миғраж оқиғасы болған деген мәліметтер айтылады.

Тағы бір деректе «Ережеп – ол суы сүттен ақ, балдан тәтті және мұздан салқын бір жұмақ өзенінің аты және бұл мөлдір бұлақтан тек осы айда ораза ұстағандар ғана ішеді» делінген.

Ережеп – берекелі һәм ұлық ай. Бұл айда игі амалдарға мол сауап жазылады, құлшылықтар мен дұғалар қабыл болады. Алла Елшісі ﷺ: «Бес түн бар, онда дұғалар кері қайтарылмайды. Олар – Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының жартысындағы түн, Жұма түні, Ораза және Құрбан айт түндері», – деген.

Пайғамбарымыз ﷺ Ережеп айында ораза тұтқан. Алайда бұл айда ораза тұту немесе тұтпау – әркімнің өз еркі.

Ислам діні келместен бұрын Ережеп айында құрбан шалу рәсімі бар еді. Ислам келіп, оның үкімін жойды. Бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ: «Біз жаһилиятта (надандық дәуірде) Ережеп айында (осы айдың құрметіне) құрбан шалатын едік. Енді бізге не бұйырасыз?» – деді. Пайғамбарымыз ﷺ: «Алланың жолында қайсы айда болса да құрбандықтарыңды шала беріңдер. Алла үшін жақсылық жасаңдар. Тамақтандырыңдар», – деді.
Шариғат бойынша жағдайы бар мұсылманға Құрбан айт күні құрбан шалу – уәжіп (міндет), ал басқа уақыттарда ол нәпіл ғибадат болып есептеледі.

Алла Елшісі ﷺ Ережеп айында көп истиғфар айтуға (кешірім тілеуге) үндеген. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ Ережеп айы басталғанда: «Уа, Алла! Ережеп және Шағбан айларында бізге береке бер, бізді Рамазан айына жеткізе гөр!» – деп дұға еткен.

Ғалымдардың бірі: «Ережеп – желге, Шағбан – бұлтқа, Рамазан жаңбырға ұқсайды. Ережеп айында дән егілмесе, Шағбан айында суарылмаса, Рамазан айында одан қандай егін күтуге болады» деген екен. Сол себепті, бұл айды барынша пайдалы өткізіп, ғибадат жасап, дұға етіп, араздасқандар бір-бірімен жарасып, татуласу керек.

Алла Тағала баршамызға Ережеп айының игілігі мен берекесін нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай. Әмин!

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

@muftyat_kz
#ережеп2022
2.5K views16:26
Ашу / Түсініктеме