Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2022-02-02 04:21:04 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы pinned a photo
01:21
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 13:34:32
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бағдарлық баяндама жасады.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-01-31/38551-bas-mufti-bagdarlyk-baiandamasyn-zholdady-foto1
445 views10:34
Ашу / Түсініктеме
2022-01-28 07:18:17
Күндердің ең ұлысы, күндердің ең нұрлысы, күндердің ең ғажабы – қасиетті Жұма, қош келдің!

Алла Тағала осы күнгі барлық құлшылық-ғибадаттарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін!

@muftyat_kz
#күндердіңсұлтаны
1.5K viewsedited  04:18
Ашу / Түсініктеме
2022-01-26 06:44:59
Әйгілі сахаба Әли (оған Алла разы болсын) былай деген екен: «Алла Тағала алдында адамның жақсысы бол, нәпсі үшін адамның жаманы бол, адамдар үшін адамның бірі бол». Сахабаның бұл сөзі өмір сүрудің үш негізін меңзеп кеткендей.

Ағабек Қонарбайұлы

#мұнарагазеті

https://www.muftyat.kz/kk/articles/edification/2022-01-25/38523-oz-kalpymyzda-kalsak/
1.2K views03:44
Ашу / Түсініктеме
2022-01-24 17:11:06 ​​ Қазіргі кезде кәсіпкерлер немесе жеке тұлғалар мүлік пен тауарларын банк арқылы сатуға көбірек жүгінуде. Мұндай сауда барысында келісілген соманы банк сатып алушының атынан сатушыға, яғни кәсіпкердің шотына аударады немесе клиент төлем карталары арқылы өзі төлейді. Банк келісілген соманы бөліп төлеу жүйесімен клиенттен ай сайын алып отырады.

Мүлікті не тауарды банк арқылы сатудың оқасы жоқ. Өйткені тұтынушы мен банктың арасындағы келісімге әрі тұтынушының тауарды қандай жолмен алғанына сатушы жауапты емес. Мәселеге қатысты «Радду әл-Мухтар» атты кітапта былай делінеді: «Біле тұра шарап жасайтын адамға жүзімді сатуға болады. Бұл – имам Әбу Ханифаның көзқарасы. Ал имам Әбу Юсуф пен имам Мұхаммед мұндай іс күнәға себепкер болатындықтан дұрыс емес деген» 1.

Кәсіпкердің тауарын өткізгені үшін банкке белгілі бір мөлшерде комиссия беруінің оқасы жоқ 2. Бұл банктің сатушыдан көретін пайдасы карта қабылдаушының (кәсіпкер, қызмет көрсетуші т.б.) жарнамасына, тауардың өтуіне көрсеткен қызмет ақысы болып саналады 3. Нәтижеде карта қабылдаушыларға клиенттер тартылады. Себебі карта иесінің картамен есеп айырысатын орынға ғана баратыны белгілі 4.

Кәсіпкер тауарын банк арқылы сатқан жағдайда тауардың құны нарықтағы бағадан аспауы шарт. Ислам фиқһ академиясының 2000 жылы Ар-Рияд қаласында өткен ХІІ отырысының №108 (2/12) қарарында былай делінген:

«Кәсіпкер банк арқылы тауарын сатқаны үшін банкке белгілі бір мөлшерде комиссия беруіне болады. Бірақ төлем карталары арқылы сатып жатқан саудагердің тауар құны нарықтағы бағадан аспауы шарт»5.

Үкім:

Кәсіпкер немесе жеке тұлға өз мүлкін немесе тауарын (үй, көлік және т.б.) банк арқылы сатуына болады. Тұтынушы мен банктың арасындағы келісімге және тұтынушының тауарды қандай жолмен алғанына сатушы жауапты емес.

Кәсіпкерге банкке тауарын өткізіп бергені үшін белгілі бір мөлшерде комиссия беруіне рұқсат етіледі. Бірақ кәсіпкер тауардың құнын өсірмей, нарықтағы бағаға сатуы қажет.

Шариғат және пәтуа бөлімі

1 Радду әл-Мухтар, 9/560.
2Абдулла Абдуррахман әл-Бәссам, Тәудиху әл-әхкәм мин булуғи әл-мәрәм, 4/527. Хамуд Мухаммад Ғази әл-Хамадә, әл-Әләқату әт-тәғақудия ән-нәшия ан битақати әд-дәфғи әл-иликтрони, 229.
3 Әл-жәуәнибу әш-шәрғия, 79.
4 Ислам фиқһ академиясы, 8-саны, 2/623.
5Ислам фиқһ академиясының журналы, 12-саны, 3/459.

@muftyat_kz
#сұрақжауап
832 views14:11
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 06:57:28
Жұма мүбәрак болсын!
1.0K views03:57
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 05:42:37
Күндердің сұлтаны Жұма мүбәрак болсын!

@muftyat_kz
#күндердіңсұлтаны
853 views02:42
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 14:19:10
#КүшімізБірлікте
882 views11:19
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 14:59:32
800 views11:59
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 15:13:18 ​​Негізінде әр адам баласы өзінше сұлу, ерекше әдемі жаратылыс. Алла Тағала Құранда:

«Шүбәсіз, Біз адам баласын ең көркем, ең керемет бейнеде жараттық», – деген («Тин» сүресі, 4-аят).

Сол себепті кез келген адам өзінің басқа ағзалары секілді тісінің де әдемі әрі түзу болғанын қалайды. Қазіргі кезде тісті түзету үшін жаңа ортотехнологиялар қолданылады. Олар алынбалы-салынбалы тіс протездері, тіс табақшалары және брекет. Сонымен қатар брекет тіс ауруының қаупін төмендетеді, қызыл иектің ауру мүмкіндігін азайтады, сөздердің анық шығуын қамтамасыз етеді, бет әсемдігін әрлейді және тыныс алуды жақсылайды.

Хадистерде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз тісіне айрықша күтім жасағаны айтылған. Бірде ол:

«Егер менің үмметіме қиындық түспегенде, мен оларға әр намаз сайын тісін тазалауды бұйырар едім», – деген (Бұхари мен Мүслім). Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйінен шыққанда да, үйіне қайтып келгенде де және әр намаз оқыр алдында тісін тазалаған, сондай-ақ түнде таһажуд намазынан бұрын тіс тазалауды бұйырған, себебі періштелер хош иіске жақындайды екен.

Брекет денсаулық үшін де өте маңызды. Өйткені ол әсем күлу мен қартайған кезде тістің түгел сақталуына әсер етеді.

Мамандардың айтуынша, тістің мөлшері, тістемі, орналасуы және ауыз қуысының параметрлері қызыл иектің, тіпті асқазан мен ішектің саулығына әсер етеді. Дегенмен сау тіс Алланың үлкен сыйы екені анық.

Емделу, айыбын жасыру және әсем көріну мақсатында тісіне брекет салып, қисық тісін түзетуге шариғат рұқсат береді. Себебі Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алланың құлдары, емделіңдер! Өйткені Алла дертті де, емді де жаратты», – деген (Термизи, Ибн Мәжа).

Брекет салып, қисық тісін түзету, қалпына келтіру Алланың жаратқан келбетін өзгерту болып саналмайды. Брекет салдырған адам күнәһар болмайды. Сонымен қатар брекет салу дәрет пен ғұсылға кедергі етпейді.

Хасан Аманқұл

@muftyat_kz
#сұрақжауап
1.0K views12:13
Ашу / Түсініктеме