Get Mystery Box with random crypto!

Мұқағали Мақатаев

Telegram арнасының логотипі makataev_mukagali — Мұқағали Мақатаев М
Telegram арнасының логотипі makataev_mukagali — Мұқағали Мақатаев
Арна мекенжайы: @makataev_mukagali
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.73K
Арнадан сипаттама

Поэзия Әлемі

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2021-08-31 10:15:05
82 views07:15
Ашу / Түсініктеме
2021-08-31 10:13:44 — Махаббат не?- деп кішкентай баладан сұрадым.
— Кеше мен қызға күртеше бердім. Ол киді , бірақ жылулық маған сезілді,— деп жауап берді·
84 views07:13
Ашу / Түсініктеме
2021-08-31 10:12:42 Көтерілмей жүргенде еңсем менің,
Армандадым, біреуді көрсем дедім.
Біреу маған алыстан қолын созған,
Қолын созған қамқоршым, сол сен бе едің?

Танысып та, ашынып сезімдерім,
Ұзақ таңға ұйықтамай, көз ілмедім.
Сонда мені біреу кеп әлдилеген,
Әлдилеген сәбиін өзің бе едің?!

Сері күннен жалығып, кері күннен,
Жалғызсырап кей-кейде жерідім мен.
Біреу сонда жанымнан шықпайтұғын,
Жаны бірге менімен серігім бе ең?!

Қысылтаяң сәттерде саған келдім,
Жасырмай-ақ халімді жаман дедім.
Мүңым менен сырыма ортақ болған
Адам ба едің!
Аяулы панам менің.

— Мұқағали Мақатаев
92 views07:12
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 09:13:54 Жалғызбын

Ерінімде дәмің қалды,
Көңілімде дағың қалды өшпейтін.
Өзегімде күмән қалды,
Өз-өзімде кінәм қалды кешпейтін.

Құшағымда елес қалды,
Құса мұңда белес қалды біз барған.
Күлкі, қызық ғайып болды,
Кілт үзіліп, майып болды ізгі арман.

Тұман қамап жарық таңды,
Қыран қанат шабыт қалды сілкінбей,
Қабағымда жасын қалды,
Жанарыңда жасым қалды сүртілмей,

Сабасында сәнді үміттің
Арасында сан жігіттің, сан қыздың
Сен есімнен жұтылғанша,
Елесіңнен құтылғанша
Жалғызбын.

Тілек қалды орындалмай,
Жүрек қалды тоқ ұрғандай сілейіп.
Жөн болды ма, соның айнам,
Сор болды ма, оны қайдан білейік?..

Авторы: Мұрат Есжан
165 views06:13
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 09:13:00 ҰМЫТШЫ ОНЫ…

Алып ұшып арманға дара сағым, 
Ойлар қуып түнді аттап таң асамын. 
Өзгелік пе жоқ әлде мендік пе деп, 
Бас қатырып болжамдап бал ашамын. 

Мендіксің деп мойымай айта алам ба? 
Жұбатқанмен жанымды жай табам ба? 
Әттең өмір орнында тұра алмастан, 
Сықырлап бара жатқан сайтан арба. 

Ойлап-ойлап,ойларға сия алмадым. 
Мен сені ұнатпаймын,сүйем жаным. 
Ерте неге еркелеп ескертпедің, 
Кілт ұстаған жүректе иең барын. 

Ол ұнапты мен неге ұнамадым, 
Білмеймін менде қандай кінә барын. 
Азаптанған жүректі арбау үшін, 
Мен жыладым,сен неге жыламадың? 

Сезімнің құрып қаны,сынып сағы. 
Күйдіріп бара жатыр үміт шоғы. 
Мен сені басқа жанға қия алмаймын, 
Өтінем ұмытшы оны,ұмытшы оны…

Авторы: Қанат Рамазан
156 views06:13
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 09:12:43 Кеудеңе кек келгенде,
Тереңде ой жатпайды .
Қанағат кеткен кезде
Қиянат ойнақайды ды.
Астамдық жапса түндік,
Ақыл-шал басады үйде.
Шыңғырып жатса шындық,
Шүкірлік қашар үйден.
Шашылса сөзің жерге ,
Топастық тамсанады.
Туралық көз ілгенде ,
Жалтақтық əн салады .
Əділет қалса апанда ,
Тайраңдап тоқташыға .
Оранса ар шапанға,
Адалдық оққа ұшады.
Көрікті күл қылады ,
Зорлықтың өрт құшағы
Жер беті - қырғын əлі
Жұмақтың ... .

Авторы: Ф. Оңғарсынова
140 views06:12
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 09:12:25 Кейбіреулер адам емес -
Көне мес!
Бар мақсаты - ішіп-жеу һәм төбелес!
Көне меске тумауға да болады,
Кемеңгерге жүз жасың да көп емес!

Көп жыл жасап неге керек азғынға!
Кен қаздың ба?
Әлде өлең жаздың ба?
Бір жылың да татыр кейде көп жылға,
Жасың егер толы болса мазмұнға!

Елің үшін жер бауырла!
Еңбекте!
Қамалдай бол салған елің жел бетке!
Бір жыл жаса!
Он жыл жаса!
Жүз жаса! –
Барлық жылың толы болсын Еңбекке!

Елің үшін өртеніп өл!
Күйіп өл!
Оңай емес,
Оңай емес, -
Қиын ол!
Бұлшық еті бол халқыңның,
Ұлтыңның,
Қолдан келсе,
Ел-жұртыңның миы бол!

Жаңылмасын рульдерде тұрған қол!
Қабырғаны қақыратып ұрған қол.
Тиын үшін
Жер басып құр жүргенше,
Қарапайым халқың үшін құрбан бол!

Бұл өмірге келген жоқпыз қонаға!
Қалта толса,
Соған көңіл тола ма?!
Қасіретті ұл болғанша,
Бауырым,
Айнала біл қасиетті молаға!

ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИ
143 views06:12
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 09:12:11 БҰЛ – МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ!

Аппақ жаулығын ақ таң әкеліп түнге ілсе,
Сол ақ таңменен көңілді құстар бір жүрсе,
Асығып шығып, терезеңе сенің асылып,
Ақсиып тұрып өзіңе қарап Күн күлсе,
Бұл – менің жүрегім.

Самал жел келіп, салалап сүйсе шашыңды,
Ақ нөсер келіп, айқайлап тепсе шатырды
Сол нөсер – Алла нұрына әбден сусындап,
Алқызыл гүлдер құлпыртса қуаң тақырды,
Бұл – менің жүрегім.

Көктемгі көктің жұпарын жұтса қырқалар,
Шегіртке салса мәз әнін жаздың шырқалар,
Жаңа жыл күні жаңашыл мөлдір тілекпен
Жұлдыз боп жауып, шыршаға қонса ұлпалар,
Бұл – менің жүрегім.

Күп-күрең күзді қарсы алып мұңмен қара тал,
Сырымды менің әлемге жыр ғып таратар.
Сол қара талдан сағыныш соққан жапырақ
Сылқ құласа егер, еңкейіп жерден ала сал,
Бұл – менің жүрегім...

Авторы: Назира Бердалы
135 views06:12
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 09:11:56 Кешкі ода

Сенің ернің – пейіштегі гүл сынды,
Демің сенің – сездіреді тылсымды…
Көзің сенің – Ай жұтылған түн сынды,
Сезім неге мөлдіреген мұң сынды?..

Қара шашың – Қара теңіз толқыны,
Қарашығың – мен адасар жол түбі…
Жүрегіңе сезіле ме, тыңдашы,
Сені аңсаған жүрегімнің солқылы?!

Саусақтарың – жапырағы қайыңның,
Қауырсынның сәулелермен ойыны…
Жанарыңда жасырулы мың жұмбақ,
Көзқараста періштенің пайымы…

Қасың сенің – иілген адырнадай,
Сабырың ше? Құламас қабырғадай!
Кірпіктерің өрнек салар құбылған,
Әр өрнекте тығылған Тәңір бардай!

Қыр мұрының – таулардың сілеміндей,
Нұр-ғұмырың – баулардың тілегіндей.
Қарашы әне, майысқан аппақ гүлді,
Дәл өзіңнің нәп-нәзік білегіндей!

Бар өмірің мен үшін – жарық шашқан,
Төбемдегі жайқалған алып Аспан!
Бітсе менің өмірім жер бетінде,
Құстай болып көрінер жаным ұшқан.

Ұшса егер құс-жаным сағым құшқан,
Ұшса ұшар, бесауат сабылыстан.
Кетсем егер, кетермін бұл жалғаннан,
Саған деген өртенген сағыныштан!

Авторы: Ақберен Елгезек
161 views06:11
Ашу / Түсініктеме
2021-08-26 17:18:57 41 аудио ертегілер
бар группа

1000 тгге сатып ала аласыз
123 views14:18
Ашу / Түсініктеме