Get Mystery Box with random crypto!

ҰМЫТШЫ ОНЫ… Алып ұшып арманға дара сағым,  Ойлар қуып түнді а | Мұқағали Мақатаев

ҰМЫТШЫ ОНЫ…

Алып ұшып арманға дара сағым, 
Ойлар қуып түнді аттап таң асамын. 
Өзгелік пе жоқ әлде мендік пе деп, 
Бас қатырып болжамдап бал ашамын. 

Мендіксің деп мойымай айта алам ба? 
Жұбатқанмен жанымды жай табам ба? 
Әттең өмір орнында тұра алмастан, 
Сықырлап бара жатқан сайтан арба. 

Ойлап-ойлап,ойларға сия алмадым. 
Мен сені ұнатпаймын,сүйем жаным. 
Ерте неге еркелеп ескертпедің, 
Кілт ұстаған жүректе иең барын. 

Ол ұнапты мен неге ұнамадым, 
Білмеймін менде қандай кінә барын. 
Азаптанған жүректі арбау үшін, 
Мен жыладым,сен неге жыламадың? 

Сезімнің құрып қаны,сынып сағы. 
Күйдіріп бара жатыр үміт шоғы. 
Мен сені басқа жанға қия алмаймын, 
Өтінем ұмытшы оны,ұмытшы оны…

Авторы: Қанат Рамазан