Get Mystery Box with random crypto!

Жалғызбын Ерінімде дәмің қалды, Көңілімде дағың қалды өшпейті | Мұқағали Мақатаев

Жалғызбын

Ерінімде дәмің қалды,
Көңілімде дағың қалды өшпейтін.
Өзегімде күмән қалды,
Өз-өзімде кінәм қалды кешпейтін.

Құшағымда елес қалды,
Құса мұңда белес қалды біз барған.
Күлкі, қызық ғайып болды,
Кілт үзіліп, майып болды ізгі арман.

Тұман қамап жарық таңды,
Қыран қанат шабыт қалды сілкінбей,
Қабағымда жасын қалды,
Жанарыңда жасым қалды сүртілмей,

Сабасында сәнді үміттің
Арасында сан жігіттің, сан қыздың
Сен есімнен жұтылғанша,
Елесіңнен құтылғанша
Жалғызбын.

Тілек қалды орындалмай,
Жүрек қалды тоқ ұрғандай сілейіп.
Жөн болды ма, соның айнам,
Сор болды ма, оны қайдан білейік?..

Авторы: Мұрат Есжан