Get Mystery Box with random crypto!

Жазушы - كاتب

Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب Ж
Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب
Арна мекенжайы: @kaatib0
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.96K
Арнадан сипаттама

Бұл каналда өз ойларымен және кітаптан алынған және өмірден алынған жазбалармен бөлісемін.
Орысша контент: https://t.me/kaatib0rus
https://t.me/kaatib0

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-07-31 21:28:06
Кез келген серуен түрлі ойлардан арылтады.
461 views18:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 18:31:42 Әбу Хамид әл-Ғазали: «Кейбір адам баласы бұл өмірде «шаһуат», «ашу», «дүниеқұмарлық» сынды жаман мінездерден құтылуды ауыр санағандықтан «оларды тәрбиелеу - бос іс» дейді. Бірақ бұл пікір қате. Енді бірі - нәпсіні түбімен жою керектігін айтады. Бұл да қате. Негізінде, бұл сипаттардың өзіндік пайдасы бар. Шаһуат болмаса адамдар жеп-ішуден қалады, сөйтіп өздерін өлімге душар етеді. Ал жыныстық қатынас болмаса, ұрпақ жалғаспайды. Сол секілді ашу болмаса, адам өзіне төніп тұрған қауіп-қатерден қорғана алмайды» деу арқылы, орта жолды ұстану тәсілі арқылы нәпсіні тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталады.

Әбу-л Қасым әл-Фараби / Фарйаби нәпсіге қарсы шығуды шайтанға және дүниенің қызықшылығына қарсы шығумен түсіндіреді. Уаситидің:

«Сенің ең қас дұшпаның үшеу: нәпсі, шайтан, дүние. Нәпсіні жеңу үшін оған қарсылық көрсету керек. Шайтанды жеңу үшін үнемі Алланы еске алу керек. Дүниені жеңу үшін қанағат ету керек» деген сөздерін нәпсіні жеңудің жолдары ретінде көрсеткен.

“RUH” - Ислам психологиясы

https://t.me/kaatib0
701 views15:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 14:04:01 Біз адам баласына ата-анасына барынша жақсылық жасауды бұйырдық.

(«Ахқаф» сүресі 46:15)
796 views11:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 22:15:59
Жаңа Хижри жылы құтты болсын бауырлар!
Алла Тағала өміріміздің хайыр берекетін берсін
622 viewsedited  19:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 21:53:10
Биылғы жаз дым көңілімнен шықпады(
Бірнеше күнге байланысты өішіріп, уақытша тауға демалып келсең иәәә))))
603 viewsedited  18:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 15:45:14
Сөз дәрі секілді. Мөлшерімен қолдансаң пайдасы тиеді, артығымен қолдансаң түбіңе жетеді.

Сахаба Амр ибн Ас
( Алла оған разы болсын )
948 viewsedited  12:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 13:56:58
Жағдайға байланысты әйелге деген қаталдық пен жұмсақтық таныту

Имам әл-Ғазали (Аллаһ оны рақым етсін) әйелімен қай кезде жұмсақ әрі көңілді болу керектігін және қай кезде қатал және ымырасыз болу керектігін айтқан соң былай дейді:

فإذاً؛ فيهن شر وفيهن ضعف, فالسياسة والخشونة علاج الشر, والمطايبة والرحمة علاج الضعف, والطبيب الحاذق هو الذي يقدر العلاج بقدر الداء, فلينظر الرجل أولا إلى أخلاقها بالتجربة, ثم ليعاملها بما يصلحها كما يقتضيه حالها - اه

«...Осылайша, әйелдер бір жағынан әлсіз болса, екінші жағынан зиян келтіретіні белгілі болды. Оған үстемдік пен қатал болу – зиянға дауа болса, оған жұмсақ қарым-қатынас пен мейірімділік – әлсіздікке дауа. Білікті дәрігер – ауруды емдеу үшін қандай дозада дәрі беру керектігін білетін адам. Сондықтан ер адам ең алдымен әйелінің [күнделікті өмірде] бастан кешіретін мінез-құлқына назар аударсын, содан кейін қарым-қатынасты жағдайға қарай пайда мен түзету алып келетіндей етіп құрсын».

Имам әл-Ғазали, «Ихья улюмиддин», 2/90.
933 views10:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 13:50:36
Бұрын күйеуге шықпаған әйелге үйленудің пайдасы

Имам әл-Ғазали (Аллаһ оны рақымына алсын) бұрын күйеуге шықпаған әйелге үйленудің пайдасын санап былай дейді:

"(الفائدة) الثالثة: أنها لا تحنّ إلى الزوج الأول, وآكد الحب ما يقع مع الحبيب الأولف -"

«Үшінші пайда: Мұндай әйел (бұрын қарым-қатынаста болмаған) бірінші күйеуін сағынбайды/ойламайды, өйткені көп жағдайда ең күшті махаббат бірінші неке болып табылады».

Имам әл-Ғазали, «Ихья улюмиддин», 2/83.
826 views10:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 09:12:33 Бір күні бір кісі өз досына, бауырына Бауыржан Әлиұлы ұстазға келіп:
- Бәукем: пәленше деген кісі бүлік шығаруда. Ибн Теимияның Маджмуль аль-фатауа кітабында келген дейді. Ол кітапта расында сол бар мекен? Деп сұрағанда Бауыржан Әлиұлы ұстаз:
- Мен ол кітапты оқып, уақытымды кетіргенше ханафи мазхабының кітаптарын қайталап алмаймынба?! Олардың кітаптарына уақытты кетірмей өзіміздің ханафи мазхабының кітаптары жетерлік. Қайта осыларға уақытымды кетірейін деп жауап берген екен.

Бауыржан Әлиұлы ұстаз (Алла рақымына бөлесін) ешкіммен де талас тартысқа түспеген. Барлық уақытын білімге арнап, тек ханафи мазхабына қатысты кітаптарын ашып ізденген. Өзіне қатысты емес нәрселерге еш уақытын бөлмеген. Барған жеріме насихат қылайын, жастарға сабақ берейін деп айтқаны бар.

Кейде олаймын ұстазымыздың осындай қасиеті бізге жетпейтін секілді. Себебі біз әрдайым тартысқа дайынбыз және өзімізге қатысы жоқ нәрселерге уақытымызды кетіреміз.
Осыны ескергеніміз жақсы болар.

Бауыржан Әлиұлы ұстазды Алла рақымына алсын.
442 viewsedited  06:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 09:03:33 Бастапқыда айтқанымдай ақида тақырыбына кіргім келмейді. Бірақ қазіргі саляфилер Алла аршыда деді, біресе аспанда деді. Енді келіп аспан, аршы болмай тұрып Алла бұлтта болды десе болама
Әй, өйстіп күйдіреді ғой.
440 views06:03
Ашу / Түсініктеме