Get Mystery Box with random crypto!

Бір күні бір кісі өз досына, бауырына Бауыржан Әлиұлы ұстазға | Жазушы - كاتب

Бір күні бір кісі өз досына, бауырына Бауыржан Әлиұлы ұстазға келіп:
- Бәукем: пәленше деген кісі бүлік шығаруда. Ибн Теимияның Маджмуль аль-фатауа кітабында келген дейді. Ол кітапта расында сол бар мекен? Деп сұрағанда Бауыржан Әлиұлы ұстаз:
- Мен ол кітапты оқып, уақытымды кетіргенше ханафи мазхабының кітаптарын қайталап алмаймынба?! Олардың кітаптарына уақытты кетірмей өзіміздің ханафи мазхабының кітаптары жетерлік. Қайта осыларға уақытымды кетірейін деп жауап берген екен.

Бауыржан Әлиұлы ұстаз (Алла рақымына бөлесін) ешкіммен де талас тартысқа түспеген. Барлық уақытын білімге арнап, тек ханафи мазхабына қатысты кітаптарын ашып ізденген. Өзіне қатысты емес нәрселерге еш уақытын бөлмеген. Барған жеріме насихат қылайын, жастарға сабақ берейін деп айтқаны бар.

Кейде олаймын ұстазымыздың осындай қасиеті бізге жетпейтін секілді. Себебі біз әрдайым тартысқа дайынбыз және өзімізге қатысы жоқ нәрселерге уақытымызды кетіреміз.
Осыны ескергеніміз жақсы болар.

Бауыржан Әлиұлы ұстазды Алла рақымына алсын.