Get Mystery Box with random crypto!

Жазушы - كاتب

Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب Ж
Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب
Арна мекенжайы: @kaatib0
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.96K
Арнадан сипаттама

Бұл каналда өз ойларымен және кітаптан алынған және өмірден алынған жазбалармен бөлісемін.
Орысша контент: https://t.me/kaatib0rus
https://t.me/kaatib0

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-07-26 00:52:29 Имам Ғазали: «Адамға тән абырой - оның ақылынан, оның білімділігі мен әрекеті ақылға негізделеді»,
725 views21:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 00:51:34 Саид ибн Жабир айтыпты: «Адамдар үшін ақылдан пайдалы ештеңе көрмедім. Егер адам жүнжіп, морт кетсе - ақыл қайрат беріп, оның еңсесін көтереді, егер ол құласа - ақыл оны аяғына тік тұрғызады, егер адам жәбір көрген болса - ақыл оның дәрежесін арттырады, егер ол кедейленген болса - ақыл оны байлыққа жеткізеді.» Саид ибн Жабирдің бұл сөзі тек мүмин-мұсылмандарға арналғанын ескерген жөн, яғни, пенде қандай жағдайға тап болмасын, ақылын жоғалтып алмай Бір Аллаһқа тәуекел етіп, әрекет ету керектігі айтылады.
730 views21:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 20:21:27 Сәбилі болу үшін айтылатын дұға

رَبِّ هَبْ لِى مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ

рабби һәб лии минәс салихиин

Һәм: «Уа, Раббым! Маған ізгі жандардың бірі һәм бірегейі болатын ізгі перзент бергейсің!» – деп, дұға етті.

И взмолился он: «О мой Господь! Одари меня потомством, которое будет в числе праведных!»

(«Саффат» сүресі 37:100)
443 views17:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 16:12:31
Жақсы жағынан болып,
Алла Тағала дұғасын қабыл етсін.
Басшылығы халқымызға берекелі болсын
785 views13:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 17:11:52 «Тыныштық» деген сөздің өзі шу шығарады

Жорж Батай
305 views14:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 16:40:45
Ара мен шыбын...
Бір ғұламадан біреу:

– Неге кейбір адамдар ақкөңіл, мейірімді болады, ал енді біреулері көре алмас, күншіл келеді? – деп сұрапты.

– Өмірде адамдардың екі түрін байқадым. Оның бір тобы шыбындарға ұқсайды. Шыбынның іздегені – нәжіс. Шыбынды гүлзар баққа жіберсең де, ол соның ішінен нәжіс тауып, соған қонады. Сасық иістен ләззат алады. Оның мұрны жұпар иіс сезбейді. Адамдардың екінші тобы бал арасы сияқты. Бал арасы кез келген жерден гүл іздейді. Мысалы: мал қораның шетіне бір тал гүл қойып, араны жіберсеңіз, ол міндетті түрде гүлді табады. Ақжүрек адамдар бал арасы секілді жақсылыққа құмар болады. Олар кез келген ортада Алланың хикметін көреді. Мал құмар, көңілі соқыр надандар шыбынға ұқсап өсек-аяңға үйір болып, кісілердің ұсақ-түйек кемшіліктерін жиып-теріп жүреді. Олар жақсы әңгімеден ләззат ала алмайды, – деп жауап беріпті ғұлама...
424 views13:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 14:32:23
Суретте…

“Ешқашан ойыңызды (білуді) қаламайтын жанға бөліспеңіз. Себебі ойды айтуыңмен сен алғыс та естімейсің, ол ой оған пайдасын да бермейді”, — деген.

t.me/utlubu
601 views11:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 13:12:24 Бір қызық жайт бар екен. Көптеген әке-ана атанған жас жұбайлар балаға есім қойғанда Абайға бір, Ыбырайға бір ұқсасын деп ниеттенеді екен.

Дұрыс-ақ! Бірақ сол ата-аналар жылына бір кітап болса да оқи ма екен?! Кітап, мақала жазу шарт емес. Жәй ғана өз ойын, өз сөзін қағаз бетіне түсіре ала ма екен?!

Жансанов Медет
199 views10:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 20:48:32 СҰРАҚ:
Әйел күйеуіне белгілі бір нәрселерді істеуге міндетті ме деген сұрақ, менің ойымша, фиқһ кітаптарында оның міндетті еместігі және т.б. деп жазылады, сол себепті жиі «қалай сонда бұл?» деген сияқты сұрақтар туады?

ЖАУАП:
Күйеуі мубах (рұқсат) бір нәрсеге бұйырса, онда әйелі міндетті түрде орындауы керек.
453 views17:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 20:47:31 “Сен ислам дініне әртүрлі жолмен пайда беруіңге болады. Оқи аласыз ба - онда оқыңыз. Ақша таба аласыз ба - онда ақша тауып дін жолында жүргендерге қаржылай қолдау көрсетіңіз – садақа бер, дүние-мүлкпен көмектесіңіз. Кім интернет арқылы дағуатқа техникалық жағынан көмектесе алады, мысалы, мобильді программалар жасап немесе бейне-роликтер түсіріп - жасаңыз. Біреу тұрмыстық мәселелерде көмектесе алады - көмектесіңіз. Ал кімнің қолынан ешнәрсе келмесе – бір ұстаз айтқандай қолына сыпырғыш алып, шаң басқан мешіттерімізді сыпырсың. Исламда пайдалы іспен көмектесуге әртүрлі мүмкіндіктер бар”.

Ұстаз Ахмад Әбу Яхя.
465 views17:47
Ашу / Түсініктеме