Get Mystery Box with random crypto!

Әбу Хамид әл-Ғазали: «Кейбір адам баласы бұл өмірде «шаһуат», | Жазушы - كاتب

Әбу Хамид әл-Ғазали: «Кейбір адам баласы бұл өмірде «шаһуат», «ашу», «дүниеқұмарлық» сынды жаман мінездерден құтылуды ауыр санағандықтан «оларды тәрбиелеу - бос іс» дейді. Бірақ бұл пікір қате. Енді бірі - нәпсіні түбімен жою керектігін айтады. Бұл да қате. Негізінде, бұл сипаттардың өзіндік пайдасы бар. Шаһуат болмаса адамдар жеп-ішуден қалады, сөйтіп өздерін өлімге душар етеді. Ал жыныстық қатынас болмаса, ұрпақ жалғаспайды. Сол секілді ашу болмаса, адам өзіне төніп тұрған қауіп-қатерден қорғана алмайды» деу арқылы, орта жолды ұстану тәсілі арқылы нәпсіні тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталады.

Әбу-л Қасым әл-Фараби / Фарйаби нәпсіге қарсы шығуды шайтанға және дүниенің қызықшылығына қарсы шығумен түсіндіреді. Уаситидің:

«Сенің ең қас дұшпаның үшеу: нәпсі, шайтан, дүние. Нәпсіні жеңу үшін оған қарсылық көрсету керек. Шайтанды жеңу үшін үнемі Алланы еске алу керек. Дүниені жеңу үшін қанағат ету керек» деген сөздерін нәпсіні жеңудің жолдары ретінде көрсеткен.

“RUH” - Ислам психологиясы

https://t.me/kaatib0