Get Mystery Box with random crypto!

Жазушы - كاتب

Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب Ж
Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب
Арна мекенжайы: @kaatib0
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.96K
Арнадан сипаттама

Бұл каналда өз ойларымен және кітаптан алынған және өмірден алынған жазбалармен бөлісемін.
Орысша контент: https://t.me/kaatib0rus
https://t.me/kaatib0

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-08-02 21:24:27 Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): «Өкініштердің ішінде ең қатты өкініш мен үшін салихалы амалдар жасалмай, ажалға бір қадам жақындап батқан күнім» деген екен.
268 views18:24
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 21:24:11 Хасан әл-Басри (Алла оған разы болсын) тағы бір сөзінде: «Ей, адам баласы! Күндізің сенің қонағың, онымен жақсы мәміледе бол, егер оны жақсы шығарып салсаң, ол саған мақтау айтып кете барады, егер жамандық жасасаң ол саған жамандық тілеп кетеді, түнің де солай жасайды» деген.
272 views18:24
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 21:23:48 Имам Ахмад (Алла оған разы болсын) айтады: «Өткен өтті. Оны енді ғибрат алу үшін ойлауға болады. Келешекке арқа сүйелмейді. Себебі, бұдан кейін өмір сүретініңіз мәлім емес. Олай болса, көңіл бөлетін уақыт өзіңіз тірі тұрған сәтіңіз. Біз тек соған ғана иеміз. Не істей алсаң, қазір жасап қал».
264 views18:23
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 21:23:24 Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын): «Төрт нәрсе кері қайтарылмайды деген:

атылған оқ;
жұмсалған ақша;
қолға түскен мүмкіндік;
өткен уақыт, өмір.
252 views18:23
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 20:58:52 لَوْ كَانَت الدُّنْيَا تَعْدِلُ عِنْدَ اللَّه جَنَاحَ بَعُوضَةٍ مَا سَقَى كَافِرًا مِنْها شَرْبَةَ مَاءٍ

«Алла құзырында бұл дүниенің ризықтары масаның қанатына тең келсе, кәпірге бір ұрттам суды да ішкізбес еді»
300 views17:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 20:58:11 اغْتَنِمْ خَمْسًا قَبْلَ خَمْسٍ: شَبَابَكَ قَبْلَ هِرَمِكَ،وَفَرَاغَكَ قَبْلَ شُغْلِكَ، وَحَيَاتَكَ قَبْلَ مَوْتِكَ، وَصِحَّتَكَ قَبْلَ سَقَمِكَ، وَغِنَاكَ قَبْلَ فَقْرِكَ

«Бес нәрсе келмей тұрып, бес нәрсенің қадірін біліңдер:
1. Өлмей тұрып өмірдің қадірін;

2. Бір нәрсемен шұғылданбас бұрын бос уақыттың қадірін;

3. Ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін;

4. Қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін;

5. Кедейліктен бұрын байлықтың қадірін»

Хаким хадистер жинағы.
346 views17:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 11:26:26 Құран жаттайын, ілім ізденейін, араб тілін білейін деген жандар бар ма? Медресеге қабылдау болып жатыр. Жеке сұрақтарыңыз болса @ereke_m ерлер медресесі,
Тараз қаласы, Һибатулла Тарази медресесі.
265 viewsedited  08:26
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 21:09:52
Ібіліс екі жұптың арасын айырған әзәзіл шәкіртіне ең жоғары баға беруі тегін емес. Бір отбасы шағын мемлекет. Осы отбасылардан ел құралады. Ендеше бір қоғамда бір шаңырақтың шайқалуы қоғамның бүлінуіне жол ашады. Сондықтан ел арасында бүгін отау құрап, күн өтпей ажырасып жүргендер Ібілістің ісін жеңілдетуге ат салысқан жандар. Аллаһ Тағала ерлі-зайыптылардың ажырасуына әсте жақсы қарамайды. Сол себепті оларға осындай кезеңдерден өту жолдарын қойған. Ал енді «некелесу де халал, талақ ету де халал» деп осы кезеңнің бәрін аттап өтіп айына бір, жылына екі рет ажырасып, үйленіп жүргендер шариғатпен ойнаған деуге әбден болады.

https://t.me/kaatib0
416 viewsedited  18:09
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 18:38:37
Ханафи мәзһабының көрнекті ғалымы Ибн Абидин ешбір себепсіз баланы түсіруге рұқсат жоқ деген. Ол өз сөзінде: «Оны (бала түсіруді) халал деп айтпаймын. Өйткені мухрим (қажылық парызын өтеп жүрген адам) құстың жұмыртқасын жарса құнын төлейді. Ал жұмыртқа құстың негізі. Егер жұмыртқаны жарғанына жаза қолданылса, онда себепсіз түсірілген баланың жағдайы одан кем емес (яғни, күнәға батады)»

«Хашияту Родди әл-Мухтар», 3/192.
727 views15:38
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 08:09:15
Ислам жанұяға үлкен маңыз береді. Мұның себептерінің бірі жанұя қоғамның ұрығы секілді. Тарихтан көз жеткізген ақиқат мықты негізге орнықты етіп құрылған жанұялар қоғамның тұтастығын сақтап, көркейтіп отырса, керісінше бір-біріне рухани тұрғыдан тең емес жұбайлардан құрылған немесе бұзық мақсаттармен, қате түрде құрылған отбасылар қоғамды күйретіп отырған. Ислам махаббат пен кісі ақысы өлшемдерін сақтай отырып, терезесі тең және бақытты отбасылар құруға мән береді. Тіпті жанұя деген ұғымның өзін тыныштық пен бақытқа балайды.

https://t.me/kaatib0
297 viewsedited  05:09
Ашу / Түсініктеме