Get Mystery Box with random crypto!

Жазушы - كاتب

Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب Ж
Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب
Арна мекенжайы: @kaatib0
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.96K
Арнадан сипаттама

Бұл каналда өз ойларымен және кітаптан алынған және өмірден алынған жазбалармен бөлісемін.
Орысша контент: https://t.me/kaatib0rus
https://t.me/kaatib0

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-08-28 02:38:00 Егер  жақсы  өмір  сүргің  келсе  жақсы  адамдарды  ізде,  ал  жақсы  адам  тапқың  келсе  жақсы  сөйлеп  жақсылық  жаса.
1.5K views23:38
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 08:32:48 Имам Ахмад ибн Ханбал (рохматуллаһи ғаләйһи) айтады: «Үйленбестен бойдақ, жалғыз бас болып жүру Исламға қайшы. Сондықтан үйленуден қайтарған, сені Исламнан өзге жолға бастаған болады”

https://t.me/kaatib0
1.5K views05:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 08:19:54 ​‎قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: إذا ألقى الله عز وجل

‎في قلب امرئ خطبة امرأة، فلا بأس أن ينظر إليها

Мұхаммад пайғамбар ﷺ айтады: «Алла Тағала еркектің жүрегіне бір әйелге құда түсу ниетін салса, ол алдымен қалындықты көрудің оқасы жоқ».

Қазақта ата-ана өз перзентінің болашақ қалыңдығын немесе күйеуін ерте кезден белгілеп, ең бастысы өз теңін іздеу үрдісі болған. Мұны «қыз көру», «қыз таңдау» деп айтады. Ынсап көзбен қарар болсақ, бұл ежелден адамгершілік құндылықтарын жоғары бағаланған Қазақтың дәстүрі мен арасындағы тығыз байланыстың белгісі. Исламның некелесуді қалаған екі жасты бір-біріне көрсету – жігіт пен қыздың ықтиярын ескерудің белгісі. Ал біреудің ықтиярын ескеру - оның тұлғалығын ескеруге жатады.
Пенденің ықтиярын бір елдің егемендігі, тәуелсіздігімен салыстырса болады. Егеменді ел бақытты ел болғанындай, басында ықтияры бар адам – бақытты адам. Ислам осыны көздейді. Соның бірден - бір дәлелі некелесуді қалаған жастардың бір-бірін - керіп, маңызды шешім қабылдауы. Қыздарымыз болашақ жарын көріп, жаны қалағанына күйеуге шығып жатса, болашақта қор болмасы анық. Әрине, бұл үшін бірінші мәселеде ата-ананың бойында қыздың теңін іздеп, таба білу қасиеті болуы тиіс.
1.6K views05:19
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 13:31:24
Ер мен әйелдің арасындағы махаббатты арттыратын нәрсе - неке. Ердің әйелге деген құштарлықты некеден артық емдейтін нәрсе жоқ.
1.6K views10:31
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 07:51:49
Жануарға да бала керек.))
Толықтай түсіріп үлгере алмадым.
1.6K views04:51
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 12:35:57 ‎قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: من كان موسرا
‎لأن ينكح ثم لم ينكح فليس مني

Пайғамбар (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Үйленуге жағдайы келе тұрып, үйленбеген - менен емес».

Хадисті Әбу Нужәйхман (родиял-лаһу ғанһу) Имам Табарони риуаят етті.

Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында жиырмадан асқан тұрмыс құрмаған қызды «отырып қалған» деп айтса, бүгінде жиырма бестегі қыздар жаспын деп жүр. Расында да, жиырма бестегі қыз жас па?

Бүгінгі күннің үрдісі: ата-ана: «Қызым мектеп бітірсін. Сонан соң оқысын. Оқуын бітіргеннен соң жұмыс істесін»,-дейді. Ата-анасына еліктеген қыз не iстесін? Мектепті бітіреді, кейін тағы оқиды. Сонан соң жұмыс істейді. Ал уақыт болса зымырап өтіп жатыр. Айналасында жас қыздар тұрғанда, еркек жасы келіп қалған қызға қарасын ба? Өкінішке орай, бүгінгі күні Қоғамымыз осылайша «заман талабына» құрақталып, қыздарымыз отырып қалып жатқан жайымыз бар. Ал бұл жақсы ма, жаман ба? Әркім өзі шешсін!

Енді үйленуге жағдайы келе тұрып, үйленбеудің зардаптары жайында айта кетсек. Бірінші мәселеде жағдайы келе тұрып, үйленбей жүрiп алу жастардың денсаулығына зиян. Кеш үйленгеннің балалары кенжелеп қалады. Нәтижеде, кеш үйленгендер жасы келіп, қуаты кетіп, денсаулығы әлсіреген кезде баласын жеткізумен әлек болады. Үйленбей жүрiп алған адам, жасы келген сайын отбасы құруға деген қызығушылығы жоғалады. Жасы келген, бірақ отбасы құрмаған адам жүрген жерінде жағдайынан ыңғайсызданбауы мүмкін алудың ең үлкен зардабы емес. Үйленбей жүріп жалғыз бас адам ойнастықтың әйтеуір бір түріне ұрынады. Оның ең жеңіл түрі көз зинасы болса, ауыр түрі некесіз жыныстық қатынасқа бару. Некесіз қатынас дегеніміз не? Ол: ерлі-зайыптылардың ажырасуы, дүниеге некесіз бала келуі, түрлі рухани және физиологиялық дерттердің етек алуы т.с.с.

Некеге қатысты хадистер жинағынан

https://t.me/kaatib0
1.6K views09:35
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 19:26:13 ​عُـفّـوا تَـعُـفُّ نِساؤُكُم في المَحرَمِ
وَتَـجَـنَّبـُوا مـَا لَا يَـلِيـقُ بِمُسلِمِ

إِنَّ الزِنــا دَيـْـنٌ فَــإِن أَقـرَضْـتَهُ
كانَ الوَفا مِنْ أَهلِ بَيتِكَ فَاعْلَمِ

يـا هـَاتِكاً حُرَمَ الرِجالِ وَقاطِعاً
سُـبُـلَ المَـوَدَّةِ عِـشـْتَ غَـيـرَ مُـكَرَّمِ

لَو كُـنْـتَ حُـرّاً مِـن سُـلالَةِ مـاجِدٍ
مَـا كُـنْـتَ هَـتّـاكـاً لِحُـرمَـةِ مُسلِمِ

مَنْ يَزْنِ فِي قَوْمٍ بِألْفَيْ دِرْهَمٍ
فِي بَيْتِهِ يُزْنَى بِغَيْرِ الدِرْهَمِ

مَــن يَـزنِ يُـزنَ بِهِ وَلَو بِـجِـدارِهِ
إِن كُـنـتَ يـا هَـذا لَبيباً فَاِفهَمِ

(Харамнан) Таза болыңдар, сонда әйелдерің де харамнан таза болады.
Мұсылманға лайық емес нәрсеге жақындамаңдар.

Расында зина – ол қарыз, егер оны алсаңдар,
Оның төлемі сіздің отбасыңыздан болады, соны біл ...

Ей, әйелдер мен басқа еркектердің бүркеніштерін жыртып, махаббат жолдарын келуші!
Біліп қой, сен бейшараның өмірін сүресің!

Егер сен азат және асыл тұқымнан болсаң...
Мұсылманның абыройына кір келтірмес едің!

Кімде-кім екі мың дирхам үшін зина жасаса,
Оның үйінде дирхамсыз зина жасалады.

Кім зина жасаса, оның (отбасымен) үйінде зина жасалады.
Ал егер сен ақылды болсаң, мұны түсінерсің.

Аударма - устаз Абдульжаббар
Редакция - устаз Әбу Идрис
Қазақша аударған: Пәленше ұлы пәленше деген пақыр
1.6K views16:26
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 19:07:41 Бірде халифа түсінде Әзірейілді көреді. Одан: «Менің қанша өмірім қалды»,–деп сұрайды ол.
Періште алақанын ашып, бес саусағын көрсетеді. Халифа содан қорқып оянады. Әбу Ханифаны шақыртып, одан түсін жоруды сұрайды. Имам Ағзам
оған: «Бес саусақ – Алладан басқа ешкім білмейтін бес
ғайып нәрсе:
1) қияметтің қашан болатыны,
2) жауын, дауыл, сел, жел сияқты табиғат құбылыстарының
сыры,
3) туылатын нәрестенің дүниеде бақытты немесе бақытсыз, кедей немесе бай болуы,
4) қандай күн туатыны. Қасиетті Құранның ғайыпқа жататын бес нәрсесі «Лұқман» сүресінің соңғы аятында айтылған 5 ғайыптың төртіншісі жайлы онда «Ешкім ертең не істеп, не табатынын білмейді (күнә
мә, сауап па?)» делінеді.
5) адам баласының қашан
және қай жерде өлетінін яғни барлығы құдіретті бір Алла ғана білетін нәрселер»,–деп халифаны
тыныштандырған екен.

Ұлық имам – Имам Ағзам
Әбу Ханифа, Алматы 2011
1.5K views16:07
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 10:27:59 Жарқын ағамыз сопысымақтарды біразын шулатты. Жәкеңнің айтқаны да, ісі де дұрыс.

Біздің халық псевдо сопылардың қандай екенін білмейді.
1.6K views07:27
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 21:24:47 Атақты ғалым Суфян әс-Саури (Алла оған разы болсын): «Бұл дүниеден денеңе (тәніңе) қажетті нәрсені ғана ал, ақыретіңе жүрегіңе қажетті нәрсені ал» деген.
260 views18:24
Ашу / Түсініктеме