Get Mystery Box with random crypto!

Жазушы - كاتب

Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب Ж
Telegram арнасының логотипі kaatib0 — Жазушы - كاتب
Арна мекенжайы: @kaatib0
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.96K
Арнадан сипаттама

Бұл каналда өз ойларымен және кітаптан алынған және өмірден алынған жазбалармен бөлісемін.
Орысша контент: https://t.me/kaatib0rus
https://t.me/kaatib0

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 205

2021-05-13 01:15:57 « Өз еркіммен әйелдікке өзін ұсынуға болама? — әлбетте, тыйым салынған жолдарға бармастан? »

« يجوز عرض المرأة نفسها على الرجل وتعريفه رغبتها فيه ، لصلاحه وفضله أو لعلمه وشرفه أو لخصلة من خصال الدين

«Әйелге өз еркімен оған жары болуын оған хабардар етіп қоюды рұқсат етіледі, оның тақуалығы, шыншылдығы, абыройы, білімі, құрметті тектігі мен басқада діни салдары үшін:

ولا غضاضة عليها في ذلك ، بل ذلك يدل على فضلها ، — فقد أخرج البخاري من حديث ثابت البُناني قال :

Бұл тұрғыда еш әбестік жоқ, бұл тұрғыда оған ешқандай қорлану жоқ. Қайта, бұл оның абыройлығын нұсқайды. Сондықтанда әл-Буха́ри́ бір хадистен білдіреді, Сәбит әл-Бунә́ни́, айтқандай:

« كنتُ عند أنس ، رضي الله عنه ، وعنده ابنة له . قال أنس : « جاءت امرأة إلى رسول الله ﷺ تعرض عليه نفسها ، قالت :

«Мен Әнәста болдым (АллаҺ оған разы болсын) ал оның жанында оның қызы бар еді.

Әнәс (Алла оған разы болсын) айтты:

«Бір кезде бір әйел АллаҺтың Елшісіне ﷺ келді, өзін оған әйелдікке ұсыну үшін, ол айтты:

” يا رسول الله ، ألك بي حاجة ؟ “ فقالت بنت أنس :

“О, АллаҺтың Елшісі! Сенде менен қандайда-бір қажеттілігің бар ма?!”. Әнәстың қызы сол кезде айқайлап жіберді:

” ما أقل حياءها ، واسوأتاه “ . قال : ” هي خير منك ، — رغبت في النبي ﷺ ، فعرضت عليه نفسها “ »

“Қандай ол арсыз еді! Не деген масқара!”. Сонда оған Әнәс айтты: “Ол сенен жақсырақ, – себебі ол Пайғамбарға ﷺ күйеуге шыққанын қалады, сондыктанда өзін оған ұсынған болатын!”».

ويجوز عرض الإنسان بنته وغيرها من مولياته على من يعتقد خيره وصلاحه ، — لما فيه من النفع العائد على المعروضة عليه

Сондай-ақ адамға өзінің қызын немесе қайсы-бір бойдақ әйелді, оның қарауында болғанды әйелдікке ұсынуға рұқсат етіледі, ол адамның жақсы және салихалы екеніне сенімді болса, — сол әйелге пайдасын тигізу үшін талпыну, оның некесі жақсы болу үшін.

ولا استحياء في ذلك ، ولا بأس بعرضها عليه ولو كان متزوجًا » ، — انتهى . من ” الموسوعة الفقهية “ ، ٥٠/٣٠

Онда тұрған ешнәрсе жоқ. Ешқандай қиындық (проблем) жоқ, оны әйелдікке ұсынғанда мейлі ол адам үйленген болсада!

«Әл-Мәусу́‘әту-л-Фиқһи́йә Әл-Кувә́йти́йә», 50/30
«Фәтхул-Бәри́», 174/9.
«Фәтхул-Бәри́», 178/9.

https://t.me/kaatib0
490 views., edited  22:15
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 21:52:33 Хафиз ибн Хаджәр әл-Әсқаләни айтты:

إظهار السرور في الأعياد من شعار الدين

“Айт мейрамдарында қуаныш көрсету - дін белгілерінен”.

“Фәтху-л-Бәрри”, 4/13.
419 views., 18:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 20:19:33
«Палестиналықтар өз діні, намысы мен абыройы үшін күресуде. Мәнкүрттік пен қорқақтық олар туралы емес».

Дәуд Әбу Имран
376 views., 17:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 18:37:17
Палестиндік бауырларға Алла жар болсын
446 views., 15:37
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 18:08:29 Оразадан кейінде барынша лайықты болайық)
425 views., 15:08
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 18:04:25 Бүгінгі соңғы оразада Алла Тағала барша құлшылық ғибадаттарыңызды , дұға тілектеріңізді қабыл етсін. Бойдақ жандарға салихалы жұп нәсіп етсін, салихалы ұрпақтардан болсын. Жұптардың салихалы ұрпақтардан көп болсын. Баршамызға елімізге отбасылық береке , еліміз тыныш аман болсын. Әмин.
430 views., 15:04
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 16:10:01 Ораза айт күні сәресін ішуге бола ма?

Шариғат кітаптарында ораза айт күні мешітке барудан бұрын дәм ауыз тию – мұстахап, делінген (Фатху бабил-ғиная, 1/573).

Хадистерде: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза айт күні тамақ ішпей мешітке шықпайтын еді», – деп айтылған (Тирмизи, Ибн Мажә).

Егер айт намазы күн найза бойы көтерілгеннен кейін оқылатынын ескерсек, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айт мерекесі күні күн шыққаннан соң тамақтанғанын түсінеміз. Демек, оның ішкені сәресі емес болып шығады. Сонымен қатар, ораза ұстаған адам сәресін таң атқанға дейін ішу керек.
Ал, шариғат бойынша айт күні ораза ұстауға рұқсат етілмейді. Өйткені, хадистерде
«Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға ораза және құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салатын» деп айтылған (Бухари).

Сондықтан, ораза айт күні мұсылмандар ораза күні сияқты сәресін ішпейді, күндіз ауызы ашық болады. 

Сілтеме: muftyat.kz

https://t.me/kaatib0
474 views., 13:10
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 15:23:21 Жазушы - كاتب pinned «Ораза бүгін аяқталады. Ертең азанда тұрып сересі ішу, айт намаз алдында ауыз ашу деген жоқ. »
12:23
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 15:23:11 Ораза бүгін аяқталады. Ертең азанда тұрып сересі ішу, айт намаз алдында ауыз ашу деген жоқ.
454 views., 12:23
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 23:20:53 Қадірлі жамағат!
Сіздерге Тараз қаласы бойынша мешіттердің аулаларында 07:00-де Ораза айт намазы оқылатындығын қуанышпен жеткіземіз.
Ең бастысы мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі сақтық шараларға мән беруге шақырамыз:
- Бетперде (маска) киіп келу;
- Үйден дәрет алып келу;
- Намаздан соң қол беріп амандаспау;
- Намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;
- Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
- Науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.
535 views., 20:20
Ашу / Түсініктеме