Get Mystery Box with random crypto!

Jusan Инвестициялары

Telegram арнасының логотипі jusaninvestqaz — Jusan Инвестициялары J
Telegram арнасының логотипі jusaninvestqaz — Jusan Инвестициялары
Арна мекенжайы: @jusaninvestqaz
Санаттар: Экономика
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.18K
Арнадан сипаттама

Онлайн-брокер

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар

2022-12-27 15:09:29 Channel photo updated
12:09
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 14:48:23 2022 жыл бастауыш-инвесторларға қандай сабақ берді?
#нарық

Портфельді әртараптандырудың маңызын түсінді
Ресей мен Украина арасындағы геосаяси шиеленіс басталған кезде Ресей компаниялары санкция астында қалды. Сәйкесінше, көрші ел акцияларына инвестиция жасаған адамдар көп шығынға ұшырады.

Тіпті, Сбер сияқты алып компанияның акциясы бір центтен сатылғаны есімізде. Ал портфелін барынша түрлі сектор мен елдерден құрастырған инвесторлар пайда таппаса да, қатты шығындалмады.

Нарық шынымен құбылса қалай болатынын көрді
“Бағалы қағаздар тек өсе береді екен” деп ойлап жүрген постпандемия кезінде инвестиция жасауды бастаған адамдар үшін 2022 жыл өте “ауыр” сабақ берді. Құлдырау, өсу, қайта құлдырау кезінде тәуекел жасау қалай болатынын өз тәжірибесінде байқап көрді.

IPO
Қазақстанда көптен бері халықтық IPO биыл ғана өтті. Қор нарығына инвестиция жасауды енді бастаған инвесторлар алғаш рет IPO-ға қатысты десек, қателеспейміз. Аллокация, роуд-шоу сияқты жаңа терминдермен танысты және IPO-ға қатысқандар табыс та тауып жатыр. Өйткені, IPO-да ҚМГ акциялары 8406 теңгеден сатылса, қазір (26.12.2022 жағдай бойынша) 9400 шамасында бағаланып тұр.

Сіз үшін 2022 жыл қалай өтті?

Jusan Invest
89 viewsedited  11:48
Ашу / Түсініктеме
2022-12-26 15:43:24 Облигацияға инвестиция құюға 5 себеп
#портфель

1. Түрлі секторларға инвестиция жасауға болады
Облигация шығаратын компаниялар көп. Одан бөлек мемлекеттік органдар да облигацияларды биржаға орналастыра алады. Мысалы, сіз өзіңіз құрылыс саласынан хабардар болсаңыз, сол сектор компанияларының облигацияларын сатып алуға кеңес береміз.

Жылдық 20% мөлшерлемемен нарыққа шыққан NEF Qazaqstan облигациялары да сол қатарға жатады.

2. Инфляциядан қорғайды
Облигациялар арасында бағамы инфляция деңгейіне байланысты өзгермелі купоны бар қағаздар болады. Мұндай құрал инфляциядан қорғауға кепілдік беруі мүмкін және оның инфляцияның өзгеруіне қарамастан инвестициядан кіріс алу мүмкіндігі бар.

3. Нарық талаптарына сай
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді облигацияларға инвестиция жасауға болады.

4. Пассив кіріс көзі
Пайыздардан түскен табысқа өмір сүріп, саяхаттап жүруді армандамаған адам жоқ шығар. Жылына бірнеше рет купон төлейтін облигациялармен портфеліңізді әртараптандырып қойсаңыз, ай сайын белгілі бір мөлшерде табыс тауып отырасыз.

5. Қаржылай шығын әкелу қауіпі төмен
Акциялармен салыстырғанда облигацияларда қаржылай шығынға бату қауіпі төмендеу. Әдетте тәжірибелі инвесторларға портфелін түрлі тәуекелдерден қорғау үшін акцияларға қоса, облигацияларға да инвестиция құяды.

Jusan қосымшасының "Инвестициялар" бөлімінде өзіңізге ұнаған бағалы қағаздарды сатып алыңыз.

Jusan Invest
97 views12:43
Ашу / Түсініктеме
2022-12-26 15:30:37 Channel photo updated
12:30
Ашу / Түсініктеме
2022-12-23 16:21:59 2023 жылы инвестицияны неден бастаған жөн?
#портфель

Инвестиция жасауды 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастауды жоспарлап отырсаңыз, бірақ неден бастауды білмейсіз бе? Онда осы посттың соңғы нүктесіне жеткенде сізде белгілі бір деңгейде идеялар қалыптасады деп ойлаймыз.

Арзан акциялар
Jusan қосымшасында бағасы 5000 теңгеге дейінгі акциялар топтамасы бар. Қаржы нарығынан онша хабарыңыз болмаса, онша көп шығын алып келмейтін арзан акциялардан бастаған жөн.

Облигациялар
Қор нарығына қаржыла шығын алып келу қауіпі төмен бағалы қағаздар қатарында облигациялар бар. Мұнда инвестиция жасаған кезде қанша пайда табатыныңызды білесіз және шығын қауіпі төмен. Қазір Jusan Invest арқылы NEF Kazakhstan облигацияларына жылдық 20% мөлшерлемемен инвестиция құюға болады.

ИПҚ
Инвестициялық пай қорлары да енді бастаған инвесторлар үшін өте ыңғайлы қаржы құралдарының біріне жатады. Ақшаңызды салып қоясыз да, әрі қарай шаруаларыңызды жасай бересіз. ИПҚ-ны кәсіби мамандар тобы басқарады.

Jusan Invest
152 views13:21
Ашу / Түсініктеме
2022-12-21 15:31:29 Неліктен досыңызға акция сыйлау керек?
#кеңес

Жаңа жыл жақындап қалды, «жақындарына не сыйлаймыз» деп көпшілігіміздің басымыз қатып жүр. Өйткені, кітап берейін десек, ол ұнай ма әле ұнамай қала ма деген қорқыныш бар. Сосын сіз сыйлаған кітапты оқып үлгерген болуы да мүмкін. Ақша сыйлайын десеңіз, оны қажетсіз жаққа жұмсап тастау қауіпі бар.

Сыйлық іздеп, уақыт жоғалтатын клиенттерін ойлап, Jusan Invest жаңа жыл қарсаңында «жақыныңа акция сыйла» науқанын бастады. Бірден плюстері туралы айтайық:

Ерекше сыйлық
Осы уақытқа дейін біреудің «мен сыйлық ретінде акция алдым» дегенін естідіңіз бе? Сізге досыңыз акция сыйласа, мұндай ерекше тарту алған алғашқы адамдардың біріне айналасыз.

Бағасы өсетін сыйлық
Сізге Apple #AAPL компаниясының акциясын сыйлап, араға уақыт салып оның бағасы өсуі мүмкін. Сол кезде сіздің табысыңыз да артуы мүмкін.

Қаржы сауаттығы қалыптастады
Белгілі бір компания акциясына ие адам қаржы сауаттылығы мен қор нарығы жаңалықтарына қызыға бастайды. Өйткені, портфельдегі акциялар өссе, оның да табысы артады. Дивидендтер туралы іздене бастайды. Яғни, сіз досыңызға акция сыйлау арқылы оған қаржы сауаттылығы мен қаржылай тәуелсіздік тарту етесіз.

Jusan Invest
176 views12:31
Ашу / Түсініктеме
2022-12-20 14:59:42
Жылды қорытындылауды бастаудан бұрын, ҚМГ IPO-на қатысты қорытынды цифрларды бөлісейік.

Қазақстан қор биржасы "ҚазМұнайГаз" жай акцияларын IPO-да орналастыру арқылы KASE сауда-саттық жүйесінде 137,5 млрд теңге тартылғанын мәлімдеді. Бұл осы ІРО шегіндегі инвесторлардың қанағаттандырылған өтінімдерінің жалпы көлемінің 89% құрайды.

Видео мына сілтемеде

Jusan Invest
178 viewsedited  11:59
Ашу / Түсініктеме
2022-12-19 14:28:41 Инвестицияны неден бастау керек: облигациялар
#кеңес

Қолдағы артық ақшаны қайда инвестиция жасаған дұрыс деген көпшілікті алаңдататын сұрақ бар. Кейбір сарапшылар акциялардан бастаған дұрыс десе, басқалары облигацияларға назар аударуды ұсынады.

Акциялар қалай жұмыс істейтінін біраз адам білсе, ал облигацияларға келгенде ойланып қалады. Бүгінгі постта облигациялар қалай жұмыс істейтіні туралы айтамыз.

Облигация - белгілі бір соманы қарызға алып жатқан эминент (мемлекет немесе компания) пен инвестордың келісімшартқа отыру барысында қолданылатын бағалы қағаз.

Келісімшарт бойынша мезгіл сайын эмитент облигация иесіне пайыз түрінде пайда әкеліп отыруға, сонымен қатар облигация құнын атаулы мерзімге дейін өтеуге міндетті.

Облигация купоны
Облигацияның пайыздық мөлшерлемесі болады. Жыл сайын (не басқа бекітілген уақытта) эмитент облигация құнының белгілі бір пайыздық мөлшерін облигация иелеріне төлеуге тиісті. Бұл төлемдікупон деп атайды.

Облигацияның шығару мерзімі
Облигациялар қысқа, орта және ұзақ мерзімге шығарылады. Мысалы, Nef Qazaqstan бағалы қағаздарын бір жылға арнап шығарды және бұл қысқа мерзімді облигация деп аталады.

Nef облигацияларына инвестиция жасау туралы толығырақ мына сілтемеде.

Jusan Invest
184 viewsedited  11:28
Ашу / Түсініктеме
2022-12-19 14:14:01 Jusan Инвестициялары pinned a photo
11:14
Ашу / Түсініктеме
2022-12-16 08:21:21
Құрметті отандастар!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік – әрбір қазақстандық үшін ең қастерлі мерекелердің бірі. Егемендігіміз пен еліміздің тыныштығы бұзылмасын! Тәуелсіздік жылдары Қазақстан жан-жақты дамып, үлкен жетістіктерге жетті. Алдағы уақытта елімізді бұдан да биік белестерден көретінімізге сенімдіміз.

Jusan Invest ұжымы бүгінгі ұлы мерекеде Сізге ашық аспан, тұрақтылық және әр үйге бақыт пен береке тілейді.

Құрметпен,
Сіздің Jusan Invest
193 views05:21
Ашу / Түсініктеме