Get Mystery Box with random crypto!

Инвестицияны неден бастау керек: облигациялар #кеңес Қолдағы | Jusan Инвестициялары

Инвестицияны неден бастау керек: облигациялар
#кеңес

Қолдағы артық ақшаны қайда инвестиция жасаған дұрыс деген көпшілікті алаңдататын сұрақ бар. Кейбір сарапшылар акциялардан бастаған дұрыс десе, басқалары облигацияларға назар аударуды ұсынады.

Акциялар қалай жұмыс істейтінін біраз адам білсе, ал облигацияларға келгенде ойланып қалады. Бүгінгі постта облигациялар қалай жұмыс істейтіні туралы айтамыз.

Облигация - белгілі бір соманы қарызға алып жатқан эминент (мемлекет немесе компания) пен инвестордың келісімшартқа отыру барысында қолданылатын бағалы қағаз.

Келісімшарт бойынша мезгіл сайын эмитент облигация иесіне пайыз түрінде пайда әкеліп отыруға, сонымен қатар облигация құнын атаулы мерзімге дейін өтеуге міндетті.

Облигация купоны
Облигацияның пайыздық мөлшерлемесі болады. Жыл сайын (не басқа бекітілген уақытта) эмитент облигация құнының белгілі бір пайыздық мөлшерін облигация иелеріне төлеуге тиісті. Бұл төлемдікупон деп атайды.

Облигацияның шығару мерзімі
Облигациялар қысқа, орта және ұзақ мерзімге шығарылады. Мысалы, Nef Qazaqstan бағалы қағаздарын бір жылға арнап шығарды және бұл қысқа мерзімді облигация деп аталады.

Nef облигацияларына инвестиция жасау туралы толығырақ мына сілтемеде.

Jusan Invest