Get Mystery Box with random crypto!

Jusan Инвестициялары

Telegram арнасының логотипі jusaninvestqaz — Jusan Инвестициялары J
Telegram арнасының логотипі jusaninvestqaz — Jusan Инвестициялары
Арна мекенжайы: @jusaninvestqaz
Санаттар: Экономика
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.18K
Арнадан сипаттама

Онлайн-брокер

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-12-15 13:18:16
Jusan-мен Жаңа жылда жақыныңызға сүйікті компания акциясын сыйлаңыз

Жаңа жыл қарсаңында жақындарыңызға табыс алып келетін ерекше әрі естен кетпес сыйлық жасай аласыз.

Сыйлық беру рәсімі сіздің көп уақытыңызды алмасын деп, Jusan барлығын оңтайландырып қойды. Енді сіз сыйлық жасау үшін құжаттарға қол қойып, кеңсеге бару сияқты істермен айналыспай, акцияларды тікелей портфеліңізден онлайн сыйлай аласыз, тіпті демалыс күні де жасауға болады.

Акцияны қалай сыйлайды?

Jusan қосымшасының “Инвестициялар” бөліміне өтесіз,
Сыйлық ретінде бергіңіз келген акцияны, оның санын және сыйлық алатын адамның телефон номерін көрсетіңіз,
Cіздің телефон номеріңізге жіберілген қауіпсіздік коды арқылы акция сыйлап жатқаныңызды растаңыз.

Дайын, сіз өз жақыныңызға сыйлық жасадыңыз!

Jusan Invest
194 viewsedited  10:18
Ашу / Түсініктеме
2022-12-14 08:38:38
ҚазМұнайГаз IPO-сына үлгермей қалғандар бар ма?

Инвестицияны IPO-дан бастауға жүрексінген болсаңыз, онда мына видеоны көріп шығыңыз. Мұнда сенімді қаржы құралдары мен түрлі лайфхактар айтылған.

Видеоны мына сілтемеден көруге болады. Лайк басып, коммент жазыңыз. Каналға жазылыңыз!

Jusan Invest
191 viewsedited  05:38
Ашу / Түсініктеме
2022-12-12 17:56:56
Nef Qazaqstan облигацияларына Jusan-мен бірге инвестиция құйыңыз!

Орналастыру шарттары:

Эмитент - «Nef Qazaqstan» ЖШС

Қаржы құрал түрі - Кепілдендірілген купондық облигациялар

Кепілдік беретін компания - Nef Global (Timur Gayrimenkul Geliştirme Yapı ve Yatırım A.Ş.)

Валюта - теңге

Мерзімі - 12 ай

Купон төлеу жиілігі - жылына 2 рет

Купон мөлшерлемесі - жылдық 20%

Биржа - AIX

Nef Qazaqstan облигацияларына инвестиция жасау үшін Jusan қосымшасының Инвестициялар бөліміне өтіңіз.

* - Облигацияларға инвестиция салғыңыз келетін сома өтінім беру кезінде Инвестициялар бөліміндегі брокерлік шотыңызда болуы керек.

Jusan Invest
222 viewsedited  14:56
Ашу / Түсініктеме
2022-12-01 14:50:25 Тарихтағы ең ірі 3 IPO
#IPO

Үшінші орыннан бастайық. 2018 жылы Softbank Corp IPO-ға шығу арқылы 23 млрд доллар табыс тапты. Bloomber басылымның жазуынша, акция сатып алғандардың 90%-ы жеке тұлғалар болған.

Оларды жергілікті БАҚ өкілдері Жапонияда ең жиі кездесетін есім “миссис Ватанабэ” деген атпен атай бастады. Компания шығарған акциялардың тек 10%-ы ғана институционалды инвесторларға бұйырды. 

2012 жылы қытайлық алып компания Alibaba 2014 жылы биржаға 13,3% акциясын шығарды. Акция бағасы 66-68 доллар шамасын орналастырғанымен, жоғары сұраныстың арқасында акция бірден 40%-ға қымбаттап, нарық жабылғанша 98 доллардан сатыла бастады.

5 жыл ішінде компания үш есеге қымбаттап, инвесторларға жылына орташа 23,4% пайда әкелді. 

ҚазМұнайГаз секілді 2019 жылдың желтоқсан айында IPO-ға шыққан Saudi Aramco компаниясы қазіргі уақытта әлем тарихындағы ең ірі IPO болып саналады.

Компанияның 1,5% акциясы 25,6 млрд долларға сатылды. Акцияларды орналастыру бағасына сүйене отырып, компания құны 1,7 трлн долларды құрады.

Jusan арқылы ҚазМұнайГаз IPO қатысып, iPad және 1 млн теңге ұтып алыңыз.

Jusan Invest
305 viewsedited  11:50
Ашу / Түсініктеме
2022-11-30 15:55:41
ҚМГ акцияларын дәл қазір сатып алу артықшылықтары туралы
#IPO

- Арзан кезде сатып алуға болады. Біздің сарапшылары ҚМГ акциялары IPO-дан кейін 36% өсуі мүмкін деп есептейді;

- Жыл соңына дейін IPO-да сатып алған акцияларды Jusan арқылы комиссиясыз сатуға болады;

- Jusan арқылы 2 желтоқсанға дейін IPO-ға өтінім берген әр адам 1 млн теңге және iPad ұтып алу мүмкіндігіне ие;

- ҚМГ акциясын алу арқылы сіз Қазақстандағы ең ірі мұнай тасымалдаушы компания иелерірінің біріне айналасыз;

- Kcell/Activ клиенттері OGO Инвестициялары арқылы қатыса алады.

Jusan Inves
236 viewsedited  12:55
Ашу / Түсініктеме
2022-11-29 15:20:01 Халықтық IPO тағы қандай пайдасы бар?
#IPO

1. IPO қоғам бақылауында өтеді. Бұл сатылатын активтердің құнын төмендетпейді. Демек, мемлекет қарамағындағы компанияны жекешелендіру арқылы бюджетке тартылатын қаражатты барынша арттырады.

2. Мемлекеттiк ұйымдардың жария болғаннан кейiнгi жұмысы да қоғамның жіті бақылауында болатыны, олардағы сыбайлас жемқорлық қатерін азайтып, жемісті жұмыс істеуін арттыратыны анық. Бұл ұйымдардан қаржылық есеп пен басқа да ақпаратты ала отырып, аздаған заң бұзушылықтарды бірден байқауға болады.

3. Мемлекет ұлттық компаниялардың акцияларын жергілікті қор нарығына орналастырып, компанияны бақылауда ұстау мүмкіндігін жоғалтпайды. Өйткені ол салыстырмалы түрде акциялардың шағын пакеттерін ғана (әдетте 10-25%) сатады.

2012 жылы «ҚазТрансОйл» IPO-сында 10%, 2014 жылы «KEGOC» 10%, 2018-2020 жылдары сатылған (үш кезеңде) Қазатомөнеркәсіпте – 25% акцияларды ғана биржада орналастырды. Бұл IPO-лар отандық нарыққа он мыңдаған жаңа инвесторларды алып келуден бөлек, бағалы қағаздар нарығында кәдімгідей шу көтергені есімізде.

IPO-ға қатысып, iPad және бас жүлде - 1 млн теңге ұтып алыңыз.

Jusan Invest
194 viewsedited  12:20
Ашу / Түсініктеме
2022-11-26 09:27:21
Jusan Invest қолдауымен енді Kcell және Activ қосымшаларымен инвестиция жасай аласыз

Достар, Қазақстан нарығы үшін OGO-жаңалықты бөлісеміз.

Jusan Invest-ті енді Kcell мен Activ қосымшасында OGO Invest ретінде қолдана аласыз.

Kcell/Activ қолданушылары мобильді оператор арқылы Kase және AIX биржаларында сауда жасау мүмкіндігіне ие.

ҚазМұнайГаз IPO да Kcell/Activ арқылы қатысуға болады.

Jusan мен Kcell командалары арқасында Қазақстандағы инвестиция ісі, тіптен оңай болды.

Артықшылықтары:
Kcell/Activ экожүйесінің ыңғайлы қосымшасы бар
Kase мен AIX биржаларында комиссиялар өте төмен
Жергілікті нарықты дамытуға арналған салық жеңілдіктері бар
Акция бағасына қатысты болжамдар береміз.

Kcell/Activ клиенттері iPad және 1 000 000 теңге ұтысына қатыса ала ма? Иә, қатыса алады деп қуана хабарлаймыз.

IPO өтінім қабылдау мен 1 000 000 ұтуға тағы 1 апта уақыт қалды.

Kcell/Activ клиенттеріне осы қуанышты жаңалықты жеткізіңіз
330 views06:27
Ашу / Түсініктеме
2022-11-25 16:18:07
Jusan Invest арқылы жыл соңына дейін комиссия алмайды
#IPO

ҚазМұнайГаз акцияларын IPO-да сатып алған клиенттеріміз жыл 2022 жыл соңына дейін ҚМГ акцияларын комиссиясыз сата алады. Сондай-ақ, жыл соңына дейін ҚМГ акциялары бойынша барлық операцияларға брокер комиссиясын ұстамайды.

IPO-ға қатысып, осындай керемет мүмкіндікті пайдаланыңыз.

Jusan Invest
230 viewsedited  13:18
Ашу / Түсініктеме
2022-11-24 14:31:21
ҚазМұнайГаз акцияларын IPO-дан соң комиссиясыз сата аласыз
#IPO

2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Astana International Exchange биржа комиссиясын төмендетінін қуана хабарлаймыз. Акциялармен (биржалық қорларын қоса алғанда (ETF)) жасалған сауда және есеп айырысу операциялары үшін комиссия енді 0,01% (бұрын 0,05% болған) құрайды.

Бұдан бөлек, 2022 жылдың 8 желтоқсанынан 2023 жылдың 7 наурызына дейін екінші деңгейлі нарықта ҚазМұнайГаз акцияларымен жасаған операциялар үшін комиссия төлемейді.

Яғни, IPO кезінде ҚазМұнайГаз акцияларын комиссиясыз сатып алып, 7 наурызға дейін комиссиясыз сата аласыз.

IPO-ға Jusan арқылы комиссиясыз инвестиция құйыңыз.

Jusan Invest
257 viewsedited  11:31
Ашу / Түсініктеме
2022-11-23 10:33:20 Jusan Инвестициялары pinned a photo
07:33
Ашу / Түсініктеме