Get Mystery Box with random crypto!

2023 жылы инвестицияны неден бастаған жөн? #портфель Инвести | Jusan Инвестициялары

2023 жылы инвестицияны неден бастаған жөн?
#портфель

Инвестиция жасауды 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастауды жоспарлап отырсаңыз, бірақ неден бастауды білмейсіз бе? Онда осы посттың соңғы нүктесіне жеткенде сізде белгілі бір деңгейде идеялар қалыптасады деп ойлаймыз.

Арзан акциялар
Jusan қосымшасында бағасы 5000 теңгеге дейінгі акциялар топтамасы бар. Қаржы нарығынан онша хабарыңыз болмаса, онша көп шығын алып келмейтін арзан акциялардан бастаған жөн.

Облигациялар
Қор нарығына қаржыла шығын алып келу қауіпі төмен бағалы қағаздар қатарында облигациялар бар. Мұнда инвестиция жасаған кезде қанша пайда табатыныңызды білесіз және шығын қауіпі төмен. Қазір Jusan Invest арқылы NEF Kazakhstan облигацияларына жылдық 20% мөлшерлемемен инвестиция құюға болады.

ИПҚ
Инвестициялық пай қорлары да енді бастаған инвесторлар үшін өте ыңғайлы қаржы құралдарының біріне жатады. Ақшаңызды салып қоясыз да, әрі қарай шаруаларыңызды жасай бересіз. ИПҚ-ны кәсіби мамандар тобы басқарады.

Jusan Invest