Get Mystery Box with random crypto!

2022 жыл бастауыш-инвесторларға қандай сабақ берді? #нарық П | Jusan Инвестициялары

2022 жыл бастауыш-инвесторларға қандай сабақ берді?
#нарық

Портфельді әртараптандырудың маңызын түсінді
Ресей мен Украина арасындағы геосаяси шиеленіс басталған кезде Ресей компаниялары санкция астында қалды. Сәйкесінше, көрші ел акцияларына инвестиция жасаған адамдар көп шығынға ұшырады.

Тіпті, Сбер сияқты алып компанияның акциясы бір центтен сатылғаны есімізде. Ал портфелін барынша түрлі сектор мен елдерден құрастырған инвесторлар пайда таппаса да, қатты шығындалмады.

Нарық шынымен құбылса қалай болатынын көрді
“Бағалы қағаздар тек өсе береді екен” деп ойлап жүрген постпандемия кезінде инвестиция жасауды бастаған адамдар үшін 2022 жыл өте “ауыр” сабақ берді. Құлдырау, өсу, қайта құлдырау кезінде тәуекел жасау қалай болатынын өз тәжірибесінде байқап көрді.

IPO
Қазақстанда көптен бері халықтық IPO биыл ғана өтті. Қор нарығына инвестиция жасауды енді бастаған инвесторлар алғаш рет IPO-ға қатысты десек, қателеспейміз. Аллокация, роуд-шоу сияқты жаңа терминдермен танысты және IPO-ға қатысқандар табыс та тауып жатыр. Өйткені, IPO-да ҚМГ акциялары 8406 теңгеден сатылса, қазір (26.12.2022 жағдай бойынша) 9400 шамасында бағаланып тұр.

Сіз үшін 2022 жыл қалай өтті?

Jusan Invest