Get Mystery Box with random crypto!

Неліктен досыңызға акция сыйлау керек? #кеңес Жаңа жыл жақын | Jusan Инвестициялары

Неліктен досыңызға акция сыйлау керек?
#кеңес

Жаңа жыл жақындап қалды, «жақындарына не сыйлаймыз» деп көпшілігіміздің басымыз қатып жүр. Өйткені, кітап берейін десек, ол ұнай ма әле ұнамай қала ма деген қорқыныш бар. Сосын сіз сыйлаған кітапты оқып үлгерген болуы да мүмкін. Ақша сыйлайын десеңіз, оны қажетсіз жаққа жұмсап тастау қауіпі бар.

Сыйлық іздеп, уақыт жоғалтатын клиенттерін ойлап, Jusan Invest жаңа жыл қарсаңында «жақыныңа акция сыйла» науқанын бастады. Бірден плюстері туралы айтайық:

Ерекше сыйлық
Осы уақытқа дейін біреудің «мен сыйлық ретінде акция алдым» дегенін естідіңіз бе? Сізге досыңыз акция сыйласа, мұндай ерекше тарту алған алғашқы адамдардың біріне айналасыз.

Бағасы өсетін сыйлық
Сізге Apple #AAPL компаниясының акциясын сыйлап, араға уақыт салып оның бағасы өсуі мүмкін. Сол кезде сіздің табысыңыз да артуы мүмкін.

Қаржы сауаттығы қалыптастады
Белгілі бір компания акциясына ие адам қаржы сауаттылығы мен қор нарығы жаңалықтарына қызыға бастайды. Өйткені, портфельдегі акциялар өссе, оның да табысы артады. Дивидендтер туралы іздене бастайды. Яғни, сіз досыңызға акция сыйлау арқылы оған қаржы сауаттылығы мен қаржылай тәуелсіздік тарту етесіз.

Jusan Invest