Get Mystery Box with random crypto!

Облигацияға инвестиция құюға 5 себеп #портфель 1. Түрлі секто | Jusan Инвестициялары

Облигацияға инвестиция құюға 5 себеп
#портфель

1. Түрлі секторларға инвестиция жасауға болады
Облигация шығаратын компаниялар көп. Одан бөлек мемлекеттік органдар да облигацияларды биржаға орналастыра алады. Мысалы, сіз өзіңіз құрылыс саласынан хабардар болсаңыз, сол сектор компанияларының облигацияларын сатып алуға кеңес береміз.

Жылдық 20% мөлшерлемемен нарыққа шыққан NEF Qazaqstan облигациялары да сол қатарға жатады.

2. Инфляциядан қорғайды
Облигациялар арасында бағамы инфляция деңгейіне байланысты өзгермелі купоны бар қағаздар болады. Мұндай құрал инфляциядан қорғауға кепілдік беруі мүмкін және оның инфляцияның өзгеруіне қарамастан инвестициядан кіріс алу мүмкіндігі бар.

3. Нарық талаптарына сай
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді облигацияларға инвестиция жасауға болады.

4. Пассив кіріс көзі
Пайыздардан түскен табысқа өмір сүріп, саяхаттап жүруді армандамаған адам жоқ шығар. Жылына бірнеше рет купон төлейтін облигациялармен портфеліңізді әртараптандырып қойсаңыз, ай сайын белгілі бір мөлшерде табыс тауып отырасыз.

5. Қаржылай шығын әкелу қауіпі төмен
Акциялармен салыстырғанда облигацияларда қаржылай шығынға бату қауіпі төмендеу. Әдетте тәжірибелі инвесторларға портфелін түрлі тәуекелдерден қорғау үшін акцияларға қоса, облигацияларға да инвестиция құяды.

Jusan қосымшасының "Инвестициялар" бөлімінде өзіңізге ұнаған бағалы қағаздарды сатып алыңыз.

Jusan Invest