Get Mystery Box with random crypto!

Жазира Байдалы

Telegram арнасының логотипі journalistbol — Жазира Байдалы Ж
Telegram арнасының логотипі journalistbol — Жазира Байдалы
Арна мекенжайы: @journalistbol
Санаттар: Жұмыс , Курстар мен нұсқаулықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 146
Арнадан сипаттама

Әр қазақтың білімді, бай әрі бақытты болуына пайдалы контент арқылы ықпал етемін. Менімен бірге дамыңыз!

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2021-08-03 23:37:22 Маска тағудан шаршадым. Карантиннен де жалықтым. Бірақ пандемия өміріме өзгеріс алып келгеніне ризамын. Іш пысқаннан инстаграмды қолға алдым. Марафон өткізіп, өзім де білім алдым. Сайтымды дамытып, жазу қабілетімді ақшаға айналдырдым.

Өткеннен бас тартып, ертеңге қадам басу үшін бүгінің өзгеру керек екен.

Мен ендігәрі әр өзгерістен дамуға мүмкіндік іздеймін.

Мысалы, бүгін "Нейро райтинг" бағдарламасын жасап шығардым.

Райтинг нейроға әсер ететінін білесіз бе? Нейро райтинг не екенін түсіндіңіз бе?
250 viewsЖазира Байдалы, 20:37
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 23:36:30
Нейро райтинг дегеніміз?
Anonymous Quiz
18%
Сөйлеудің миға әсері
61%
Жазудың миға әсері
7%
Білмеймін тіпті
14%
Ми және журналистика
44 voters234 viewsЖазира Байдалы, 20:36
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 14:04:06 Climate Tracker-дан менторлық бағдарлама

18-35 жас аралығындағы журналистер қатыса алады

https://ijnet.org/ru/opportunity/менторская-программа-от-climate-tracker-весь-мир
245 viewsZhazira_Baidaly, 11:04
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 13:24:28 365 күндік пайдалы контент #4/365

Кинотерапия – адамның психологиялық әрекетіне әсер етудің бір құралы. Назарыңызға депрессия жайлы және одан шығуға көмектесетін фильмдерді ұсынамыз.

Тененбаумдар Корольдігі (The Royal Tenenbaums, 2001)
Кейбір режиссерлер кейіпкерлердің басына түскен қиындықты күлкі арқылы жеткізуді көздейді. Фильмнің кейіпкерлері қиын жағдайға тап болады. Олар осы қиындықпен арпалысады. Өздері депрессияда болғанымен, көрермендеріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Кішкентай арулар (Little Miss Sunshine, 2006)
Өмірдің сәтсіз кезеңдерінде оптимизм мен өзін-өзі ұстай алудың қаншалықты қажет екенін көрсететін фильмдердің бірі. Сюжет үлкен америкалық отбасының төңірегінде құрылған. Әр кейіпкер жиі орын алатын психологиялық жағдайларды басынан өткізеді: жолы болмайтын әке, жүйкесі жұқарған ана, жауапсыз махаббаттан қиналған ұлы мен ағасы.

Қоршауда (Numb, 2007)
Кейде өмірімізде өзімізді дәрменсіз сезінетін жағдайлар орын алады. Денемізді төсектен көтерер күш таппаймыз. Алайда мұндай жағдай 1 күн немесе 1 аптаға ғана созылады. Ал фильмнің бас кейіпкері үшін олай емес. Өзінің ерекше «деперсонализация» деп аталатын ауруының кесірінен барлық эмоциясын жоғалтып алған. Барлық дәрілер мен психологиялық кеңестер көмектесе алмайды. Тек махаббат қана кейіпкерді бұл дерттен емдейді.

Бұл қызықты оқиға (It’s Kind of a Funny Story, 2010)
Депрессияға барлық жаста ұшырауыңыз мүмкін. Ал жасөспірім кезеңінде кішкентай мәселенің өзі үлкен қайғы болып көрінуі мүмкін. Дәл осы өтпелі жастың мәселесі бұл трагикомедияның негізі болып отыр. Фильм 16 жастағы жасөспірімнің үлкендерге арналған психиатриялық бөлімде өткізген 1 аптасын баяндайды.

Торт (Сake, 2014)
Фильм депрессияға ұшыраған әйел жайында. Көлік апатынан кейінгі тыртықтардан ол өз сұлулығынан айырылады. Түрлі психологиялық курстарға қатысқанымен, өмірмен қош айтысудың жолдарын іздейді. Көрермен кейіпкермен бірге өмірдің қиын кезеңін бірге өткендей күй кешеді.

Шие дәмі (Ta’m e guilass, 1997)
Аббас Киаростамидің қысқа әрі терең мағыналы өсиет әңгімесі адамдарға берілмеуді үйретеді. Фильм өмірден баз кешіп, өлгісі келетін еркектің өмірін баяндайды.

Жоғарыда аталған 7 фильмді көргендер бар ма?

Бірге көріп, бірге талқылайық?) Таңдаңыздар!
246 viewsZhazira_Baidaly, 10:24
Ашу / Түсініктеме
2021-07-31 17:08:59
365 күндік пайдалы контент #3/365

Құрылыста істеп, мектеп мұғалімі болып жүріп TEDx-тен бір-ақ шыққан бұл кісінің есімі Тони Бьюзен

Тони Бьюзен – британиялық жазушы, колледждер мен университеттерде ми жұмысы жөнінде сабақтар өткізген. Ол адамның ойлау қабілетіне байланысты «ақыл картасын» жасап шыққан.

Тони Бьюзен 1942 жылы 2 маусымда Лондон қаласында дүниеге келген. 11 жасында отбасымен бірге Канаданың Ванкувер қаласына көшіп келеді. Әкесі – инженер-электрик. Ал анасы сот бөлімінде жұмыс істеген.

1964 жылы Тони Британиялық Колумбия Университетін бітірді.

Колледждегі оқуын аяқтағаннан кейін Бьюзан ферма мен құрылыс алаңына жұмысшы болып жұмысқа орналасты.

Оның библиографиясында 100-ге жуық шығарма бар, оның ішінде 4 томы поэзия

Тони Бьюзеннің методикасы әлі күнге дейін актуалды Өзімнің mind map - ақыл картамды көрсетейін бе?
237 viewsZhazira_Baidaly, 14:08
Ашу / Түсініктеме
2021-07-30 21:20:48 Адам ішіндегі 3 рөл қандай

365 күндік пайдалы контент #2/365

Әр адамның ішкі эгосы бар: бала, ата-ана, ересек күйі. Адам ішіндегі 3 рөл балалық шақтан қалыптасады. Оған ықпал ететін ең бірінші, әрине, ата-анамыз. Одан кейін мектеп, университеттегі орта, есейе келе жұмыстағы әріптестер, қайын жұрт дегендей...

АТА-АНА
Ата-ана күйін өзіне көшіріп алған адам өзінің баласына ғана емес, айналадағы барлық адамға ата-ана бола бастайды: күйеуіне, достарына, әріптестеріне, тіпті, ақшасына. «Оның қолынан келмейді», «Ол бірдеңеге ұрынып қалады», «Оның орнына мен-ақ жасай салайын» деп қорқады, сенім артпайды. Әдетте, кішкентай балаларға ауыр жауапкершілік арта алмаймыз ғой. Тура сол сияқты ересектерге де қарым-қатынас жасайды.

БАЛА
Бала рөлі бізге үнемі керек! Адам, әдетте, ол позицияны мүлде өшіріп тастайды немесе басқа бағытқа бұрып кетеді. Бала қандай? Бала армандайды, қиялдайды. Бастап жатқан ісіміздің жақсы аяқталатынына сенеді. Соған ниет етеді. Бала эмоцияға толы. Жалпы, жақсы дүниеге үміт сыйлайтын, қияли баланы кейде адамдар жоғалтып алады.

ЕРЕСЕК АДАМ
Ересек адам күйінде жүргендер керек кезде күйлерді ауыстыра алады. Ол ата-ана болуды да, бала болуды да біледі. Іштегі отты өшіріп алмас үшін бала болады. Ал, жұмыс, жауапкершілік керек кезде өзін тежеп, тәртіпке бағындыра алады. Ересек күйде болу дегеніміз – өз өмірін өз қолына алып, соған жауап беру. Қиындықтың боларын ересектер біледі. Бірақ, оны шешуге болатынын да ұмытпайды. Кикілжің кезінде кішкентай бала сияқты еркелеп, мінез шығармай, ата-ана сияқты басқарып, жанжал шығармай, ересек адам сияқты шешуге тырысады.

Өкінішке қарай, 3 рөлді қатар алып жүрудің немесе керек кезінде біреуін қосудың орнына біреуін басымдықпен қолданамыз.

Ал, 3 рөлдің қандай айырмашылығы бар екенін толығырақ білгіңіз келсе, Balbal.kz сайтындағы осы тақырыпқа арналған мақаланы оқыңыздар! Сілтеме жоғарыда тұр

Ал, сіз қай рөлді жиі ұстанасыз?
261 viewsZhazira_Baidaly, 18:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 22:18:12 Аяжан десе, әлі күнге дейін жылағым келеді...

19 жастағы Аяжан Еділованың өлімі маған қатты әсер етті. Ол кезде Bugin.kz-тің директоры болып істеп жүрдім.

Міне, сол кезде Internews халықаралық ұйымы
“Шағын грант” байқауы өтетінін хабарлады. Оған жоба ұсынып, контент әзірлеуге грант ұтып алуға мүмкіндік барын білдім.

Аяжанның оқиғасын әлі ұмыта алмай жүрген мен айналдырған 2-3 сағатта жобаны жасап, эссені жазып, өтініш тастадым.

Сондағы бар ойым - қыз-келіншектің сауатты болуына, физикалық, моральдық тұрғыдан жапа шекпеуіне танымдық контент арқылы ықпал ету.

Нәтижесінде “АяЛайық” жобасы шағын грантты ұтып алды.

Неге жоба “АяЛайық” деп аталады деген комиссия сұрағына былай деп жауап бердім: “Аяжанның құрметіне Ая деген түбірді алдым. Оған лайық сөзін жалғадым. Мен әр адам жақсы әрі ұзақ өмір сүруге лайық екенін айтқым келеді”.

Бүгін сол жобамыздың алғашқы саны жарық көрді. Нейро-коуч Эльвира Ерғалина “адамның ішіндегі 3 рөлі” туралы әңгімелейді.

Өзіңізді танып, “Мен кіммін?” деген сұраққа жауап бергіңіз келсе,

видеоны көріңіз.

Алған инсайттарыңызды сториске салып, мені белгілеуді өтініш етемін. Бұл жобаның танылуына, көрілімнің көбеюіне әлбетте әсер етеді.

Оқырмандарым, жақсы өмірге лайықсыздар!
342 viewsЖазира Байдалы, 19:18
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 20:10:53 Журналистерге арналған тегін вебинар

Тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз https://clck.ru/WJ8qr
367 viewsЖазира Байдалы, 17:10
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 20:04:32 Журналистика туралы 12 кітап

Журналистерге көп оқу керек екендігі бәріне аян. Медиа саласы күннен-күнге дамып келеді. Соған байланысты медиа, ақпараттық қоғам, журналистика туралы кітаптар тізімін ұсынамын.

”Медиа түсінігі”, М.Маклюен

Бір таңқаларлығы, 1964 жылы жарық көрген бұл кітап бүгінгі күнге дейін БАҚ-тың қасиетті кітабы болып қала береді.
Маршал алғаш болып аудиторияны түрлерге бөлді. Медианы «ыстық» және «салқын» деп қарастырды. «Ыстық» медиа дегеніміз – теледидар, кинолар яғни аудиториясы аз медиа. Ал «салқыны» — әлеуметтік желілер, телефон, аудиториясы көп медиа.

”Жаңа медиа қалай журналистиканы өзгертті: 2012-2016”, А.Амзин, А.Галустян, В.Гатов, М.Кастельс

Кітап бірнеше медиа сарапшылармен жазылған. Олар жаңа медиа журналистері және олардың мүмкіндігі туралы, мультимедиялық платформаның пайда болу мүмкіндігі, қазіргі аудиторияның ерекшеліктері, жаңа формат түрлері және дәстүрлі медианың болашағы туралы әңгімелеседі.

”Геомедиа. Желілік қалалар және қоғамдық кеңістіктің болашағы”,
С. МакКуайр

Ірі қалаларда медиа кеңістік біртіндеп қалыптасып жатыр. Бұл жай технологиялық прогресс емес, бұл күнделікті өміріміздегі экономикалық және әлеуметтік процестердегі өзгеріс. Бүгінгі таңда кез келген уақытта, кез келген жерден және кез келген адамнан медиаконтент ала аламыз. Бұл қалай болды, адамзаттың болашағына қалай әсер етеді деген сұраққа урбанист және медиа-теоретик, Мельбурн университетінің профессоры Скотт Маккуирдің кітабынан жауап таба аласыз.

”Қышқыл тәтті журналистика”,
М. Ганапольский

Кітап әзіл-сықақ, күлкілі форматта шығарылған. Ал осы күлкінің астарында журналистика мамандығы туралы барлық шындық жазылады.
Автор Ресей журналистикасының тарихына тоқталады. Біз білмейтін сырлар ашылады. Журналистте таңдау, еркіндік, батылдық пен талант болу керек, талантты журналистер провинциялық қалаларда қалмауы керек деп айтады. Ларри Кинг туралы мысалдар келтіреді.

”Қымбат редакция”

Лента.ру командасы Facebook-тің құрамында жұмыс істеді. Кейін ол жақтан шығып кеткені туралы көп ақпарат шықты. Бұл оқиғаның қалай болғаны туралы сыр шерте отырып, ресейлік интернет-журналистиканың біз білмейтін құпияларын айтады.

”Би-Би-Си: тарихы, аппараттары пропагандалау әдістері”, В.Артёмов, В.Семенов

Кітап BBC-дің өзі туралы ғана емес, сонымен бірге медиа алыптың жұмыс істеу қағидаларын керемет суреттейді.

7”Біз әлемді өзгерттік. CNN ғаламдық жерсеріктік жүйесінің негізін қалаған жанның естеліктері”, С.Пайк

Сидней танымал әлемдік телеарналар мен жаңалықтар қызметтерінің тарихына үлес қосқан. Бір кездері ол шынымен әлемді өзгертті, сол кездегі жетекші БАҚ-тың бас редакторлары мен мемлекет басшыларының көзқарасын өзгертті. Қалай? Кітапты оқи отырып осы сұрақтың жауабын табасыз.

”Қарым-қатынас билігі”,
М. Кастельс

Бұл кітап БАҚ-тың бүкіл әлем, ел және ұлт тарихына әсер ету рөлі туралы айтады. Кастельс оқырманды әлеуметтік интеллектті зерттеу процесінде нейробиологтар алған соңғы мәліметтермен таныстырады. Бұл тұлғааралық қарым-қатынаста оң нәтиже береді деп саналады. Қоғам назарын әдістері туралы мысал келтіреді.

”Медиапсихология. Негізгі қағидалар”, П.Винтерхофф-Шпурк

Бұл кітап масс-медиа әдебиеті нарығында үлкен серпіліс жасады. Бұған дейін медиапсихологиясы тек психологияның бөлігі ретінде қарастырылды. Винтерхофф-Шпурк медиапсихологияны дербес ғылым саласы ретінде қарастыруды ұсынды.
Кітаптың басты ерекшелігі — бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған нақты зерттеулер нәтижелерін шығарды. Олардың негізінде автор БАҚ-тың кәмелетке толмағандардан бастап, ауыр психикалық аурулары бар адамдарға дейінгі әртүрлі әлеуметтік топтардың психикасына қалай әсер ететінін талдады.

”Құстар тізбегі”, Э.Ламотт

Ламотт мәтін жазудың технологиялары мен дайын рецепттерді ұсынбайды. Бұл кітап автордың жеке тәжірибесімен бөлісетін әңгімелерінен тұрады. Оны шығармашылық психотерапия ретінде қарастыруға болады.

Ақпараттық интернет-журналистика, А.Амзин

Ақпарат ағыны көбейген сайын соған бейімделе түсетін адамдар соғұрлым бағаланады.
366 viewsЖазира Байдалы, 17:04
Ашу / Түсініктеме
2021-07-20 13:52:56 Кедей әкенің қызы едім...

2019 жылы Роберт Киосакийдің «Бай және кедей әке» кітабын телефоныма жүктеп алдым. Өзім Алматы-Қостанай бағытындағы пойызға отырып, әке-шешеммен көрісуге бара жатырмын. Пойызды білесіздер, іші у-шу. Сондай сәтте мені кітап қана құтқара алады.

Бірден кітапты ашып алып, оқуға кірістім. Оқып жатып өзімді біртүрлі сезіндім. Жылағым келді, кітапта «сен жалақы алып жүрген құлсың», «өз ісіңді бастауға сенің әлеуетің жетпейді» деген сөйлемдер бар.

Мен де өз қиялымда кедей әкеден тәлім-тәрбие алып жүргенімді, кедей екенімді ұқтым (Оған дейін өзімді мықты санап жүрдім).

Өзімнің кедей екеніме көзім жеткен кезде жылағым келді. Өз-өзіме ашуым ұстады.

Неге мен Киосакий айтып жүрген адамның деңгейіндемін?!

Сол күні қойын дәптерімді алып өмірімді өзгертуге бел будым. Өз медиа жобамды аяққа тұрғызып, байлық санасындағы адам боламын деп шештім.

Жүріп өткен жолымды төмендегі сұхбаттан оқыңыз

Инсайт алсаңыз, коммент қалдырыңыз

https://nege.kz/news/science/zhazira_baidali_men__mediavolontermin_20210719184828
307 viewsЖазира Байдалы, 10:52
Ашу / Түсініктеме