Get Mystery Box with random crypto!

Журналистика туралы 12 кітап ⠀ Журналистерге көп оқу керек еке | Жазира Байдалы

Журналистика туралы 12 кітап

Журналистерге көп оқу керек екендігі бәріне аян. Медиа саласы күннен-күнге дамып келеді. Соған байланысты медиа, ақпараттық қоғам, журналистика туралы кітаптар тізімін ұсынамын.

”Медиа түсінігі”, М.Маклюен

Бір таңқаларлығы, 1964 жылы жарық көрген бұл кітап бүгінгі күнге дейін БАҚ-тың қасиетті кітабы болып қала береді.
Маршал алғаш болып аудиторияны түрлерге бөлді. Медианы «ыстық» және «салқын» деп қарастырды. «Ыстық» медиа дегеніміз – теледидар, кинолар яғни аудиториясы аз медиа. Ал «салқыны» — әлеуметтік желілер, телефон, аудиториясы көп медиа.

”Жаңа медиа қалай журналистиканы өзгертті: 2012-2016”, А.Амзин, А.Галустян, В.Гатов, М.Кастельс

Кітап бірнеше медиа сарапшылармен жазылған. Олар жаңа медиа журналистері және олардың мүмкіндігі туралы, мультимедиялық платформаның пайда болу мүмкіндігі, қазіргі аудиторияның ерекшеліктері, жаңа формат түрлері және дәстүрлі медианың болашағы туралы әңгімелеседі.

”Геомедиа. Желілік қалалар және қоғамдық кеңістіктің болашағы”,
С. МакКуайр

Ірі қалаларда медиа кеңістік біртіндеп қалыптасып жатыр. Бұл жай технологиялық прогресс емес, бұл күнделікті өміріміздегі экономикалық және әлеуметтік процестердегі өзгеріс. Бүгінгі таңда кез келген уақытта, кез келген жерден және кез келген адамнан медиаконтент ала аламыз. Бұл қалай болды, адамзаттың болашағына қалай әсер етеді деген сұраққа урбанист және медиа-теоретик, Мельбурн университетінің профессоры Скотт Маккуирдің кітабынан жауап таба аласыз.

”Қышқыл тәтті журналистика”,
М. Ганапольский

Кітап әзіл-сықақ, күлкілі форматта шығарылған. Ал осы күлкінің астарында журналистика мамандығы туралы барлық шындық жазылады.
Автор Ресей журналистикасының тарихына тоқталады. Біз білмейтін сырлар ашылады. Журналистте таңдау, еркіндік, батылдық пен талант болу керек, талантты журналистер провинциялық қалаларда қалмауы керек деп айтады. Ларри Кинг туралы мысалдар келтіреді.

”Қымбат редакция”

Лента.ру командасы Facebook-тің құрамында жұмыс істеді. Кейін ол жақтан шығып кеткені туралы көп ақпарат шықты. Бұл оқиғаның қалай болғаны туралы сыр шерте отырып, ресейлік интернет-журналистиканың біз білмейтін құпияларын айтады.

”Би-Би-Си: тарихы, аппараттары пропагандалау әдістері”, В.Артёмов, В.Семенов

Кітап BBC-дің өзі туралы ғана емес, сонымен бірге медиа алыптың жұмыс істеу қағидаларын керемет суреттейді.

7”Біз әлемді өзгерттік. CNN ғаламдық жерсеріктік жүйесінің негізін қалаған жанның естеліктері”, С.Пайк

Сидней танымал әлемдік телеарналар мен жаңалықтар қызметтерінің тарихына үлес қосқан. Бір кездері ол шынымен әлемді өзгертті, сол кездегі жетекші БАҚ-тың бас редакторлары мен мемлекет басшыларының көзқарасын өзгертті. Қалай? Кітапты оқи отырып осы сұрақтың жауабын табасыз.

”Қарым-қатынас билігі”,
М. Кастельс

Бұл кітап БАҚ-тың бүкіл әлем, ел және ұлт тарихына әсер ету рөлі туралы айтады. Кастельс оқырманды әлеуметтік интеллектті зерттеу процесінде нейробиологтар алған соңғы мәліметтермен таныстырады. Бұл тұлғааралық қарым-қатынаста оң нәтиже береді деп саналады. Қоғам назарын әдістері туралы мысал келтіреді.

”Медиапсихология. Негізгі қағидалар”, П.Винтерхофф-Шпурк

Бұл кітап масс-медиа әдебиеті нарығында үлкен серпіліс жасады. Бұған дейін медиапсихологиясы тек психологияның бөлігі ретінде қарастырылды. Винтерхофф-Шпурк медиапсихологияны дербес ғылым саласы ретінде қарастыруды ұсынды.
Кітаптың басты ерекшелігі — бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған нақты зерттеулер нәтижелерін шығарды. Олардың негізінде автор БАҚ-тың кәмелетке толмағандардан бастап, ауыр психикалық аурулары бар адамдарға дейінгі әртүрлі әлеуметтік топтардың психикасына қалай әсер ететінін талдады.

”Құстар тізбегі”, Э.Ламотт

Ламотт мәтін жазудың технологиялары мен дайын рецепттерді ұсынбайды. Бұл кітап автордың жеке тәжірибесімен бөлісетін әңгімелерінен тұрады. Оны шығармашылық психотерапия ретінде қарастыруға болады.

Ақпараттық интернет-журналистика, А.Амзин

Ақпарат ағыны көбейген сайын соған бейімделе түсетін адамдар соғұрлым бағаланады.