Get Mystery Box with random crypto!

Адам ішіндегі 3 рөл қандай ⠀ 365 күндік пайдалы контент #2/36 | Жазира Байдалы

Адам ішіндегі 3 рөл қандай

365 күндік пайдалы контент #2/365

Әр адамның ішкі эгосы бар: бала, ата-ана, ересек күйі. Адам ішіндегі 3 рөл балалық шақтан қалыптасады. Оған ықпал ететін ең бірінші, әрине, ата-анамыз. Одан кейін мектеп, университеттегі орта, есейе келе жұмыстағы әріптестер, қайын жұрт дегендей...

АТА-АНА
Ата-ана күйін өзіне көшіріп алған адам өзінің баласына ғана емес, айналадағы барлық адамға ата-ана бола бастайды: күйеуіне, достарына, әріптестеріне, тіпті, ақшасына. «Оның қолынан келмейді», «Ол бірдеңеге ұрынып қалады», «Оның орнына мен-ақ жасай салайын» деп қорқады, сенім артпайды. Әдетте, кішкентай балаларға ауыр жауапкершілік арта алмаймыз ғой. Тура сол сияқты ересектерге де қарым-қатынас жасайды.

БАЛА
Бала рөлі бізге үнемі керек! Адам, әдетте, ол позицияны мүлде өшіріп тастайды немесе басқа бағытқа бұрып кетеді. Бала қандай? Бала армандайды, қиялдайды. Бастап жатқан ісіміздің жақсы аяқталатынына сенеді. Соған ниет етеді. Бала эмоцияға толы. Жалпы, жақсы дүниеге үміт сыйлайтын, қияли баланы кейде адамдар жоғалтып алады.

ЕРЕСЕК АДАМ
Ересек адам күйінде жүргендер керек кезде күйлерді ауыстыра алады. Ол ата-ана болуды да, бала болуды да біледі. Іштегі отты өшіріп алмас үшін бала болады. Ал, жұмыс, жауапкершілік керек кезде өзін тежеп, тәртіпке бағындыра алады. Ересек күйде болу дегеніміз – өз өмірін өз қолына алып, соған жауап беру. Қиындықтың боларын ересектер біледі. Бірақ, оны шешуге болатынын да ұмытпайды. Кикілжің кезінде кішкентай бала сияқты еркелеп, мінез шығармай, ата-ана сияқты басқарып, жанжал шығармай, ересек адам сияқты шешуге тырысады.

Өкінішке қарай, 3 рөлді қатар алып жүрудің немесе керек кезінде біреуін қосудың орнына біреуін басымдықпен қолданамыз.

Ал, 3 рөлдің қандай айырмашылығы бар екенін толығырақ білгіңіз келсе, Balbal.kz сайтындағы осы тақырыпқа арналған мақаланы оқыңыздар! Сілтеме жоғарыда тұр

Ал, сіз қай рөлді жиі ұстанасыз?