Get Mystery Box with random crypto!

365 күндік пайдалы контент #4/365 Кинотерапия – адамның пси | Жазира Байдалы

365 күндік пайдалы контент #4/365

Кинотерапия – адамның психологиялық әрекетіне әсер етудің бір құралы. Назарыңызға депрессия жайлы және одан шығуға көмектесетін фильмдерді ұсынамыз.

Тененбаумдар Корольдігі (The Royal Tenenbaums, 2001)
Кейбір режиссерлер кейіпкерлердің басына түскен қиындықты күлкі арқылы жеткізуді көздейді. Фильмнің кейіпкерлері қиын жағдайға тап болады. Олар осы қиындықпен арпалысады. Өздері депрессияда болғанымен, көрермендеріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Кішкентай арулар (Little Miss Sunshine, 2006)
Өмірдің сәтсіз кезеңдерінде оптимизм мен өзін-өзі ұстай алудың қаншалықты қажет екенін көрсететін фильмдердің бірі. Сюжет үлкен америкалық отбасының төңірегінде құрылған. Әр кейіпкер жиі орын алатын психологиялық жағдайларды басынан өткізеді: жолы болмайтын әке, жүйкесі жұқарған ана, жауапсыз махаббаттан қиналған ұлы мен ағасы.

Қоршауда (Numb, 2007)
Кейде өмірімізде өзімізді дәрменсіз сезінетін жағдайлар орын алады. Денемізді төсектен көтерер күш таппаймыз. Алайда мұндай жағдай 1 күн немесе 1 аптаға ғана созылады. Ал фильмнің бас кейіпкері үшін олай емес. Өзінің ерекше «деперсонализация» деп аталатын ауруының кесірінен барлық эмоциясын жоғалтып алған. Барлық дәрілер мен психологиялық кеңестер көмектесе алмайды. Тек махаббат қана кейіпкерді бұл дерттен емдейді.

Бұл қызықты оқиға (It’s Kind of a Funny Story, 2010)
Депрессияға барлық жаста ұшырауыңыз мүмкін. Ал жасөспірім кезеңінде кішкентай мәселенің өзі үлкен қайғы болып көрінуі мүмкін. Дәл осы өтпелі жастың мәселесі бұл трагикомедияның негізі болып отыр. Фильм 16 жастағы жасөспірімнің үлкендерге арналған психиатриялық бөлімде өткізген 1 аптасын баяндайды.

Торт (Сake, 2014)
Фильм депрессияға ұшыраған әйел жайында. Көлік апатынан кейінгі тыртықтардан ол өз сұлулығынан айырылады. Түрлі психологиялық курстарға қатысқанымен, өмірмен қош айтысудың жолдарын іздейді. Көрермен кейіпкермен бірге өмірдің қиын кезеңін бірге өткендей күй кешеді.

Шие дәмі (Ta’m e guilass, 1997)
Аббас Киаростамидің қысқа әрі терең мағыналы өсиет әңгімесі адамдарға берілмеуді үйретеді. Фильм өмірден баз кешіп, өлгісі келетін еркектің өмірін баяндайды.

Жоғарыда аталған 7 фильмді көргендер бар ма?

Бірге көріп, бірге талқылайық?) Таңдаңыздар!