Get Mystery Box with random crypto!

Жазира Байдалы

Telegram арнасының логотипі journalistbol — Жазира Байдалы Ж
Telegram арнасының логотипі journalistbol — Жазира Байдалы
Арна мекенжайы: @journalistbol
Санаттар: Жұмыс , Курстар мен нұсқаулықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 146
Арнадан сипаттама

Әр қазақтың білімді, бай әрі бақытты болуына пайдалы контент арқылы ықпал етемін. Менімен бірге дамыңыз!

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2021-07-19 18:34:39 Эссе қалай жазылады?

365 күндік пайдалы контент #1/365

Эссе деген не?

Ол — еркін композициясы бар шығарма. Эссе прозалық стильде жазылады. Берілген тақырып бойынша адамның жеке пікірін, тұжырымдары мен әсерін білдіреді.

Эссенің мақсаты

Эссенің мақсаты, әдетте, шығармашылық ойлауды дамыту және ойыңызды жазу шеберлігін шыңдау.

Эссе белгілері
Шағын көлем

Оның нақты көлемі белгіленбеген. Бірақ үш, жеті параққа дейін жазу дұрыс. Ал Ресейдің көптеген университеттерінде он бетке дейін жазуға рұқсат етілген. Гарвард бизнес мектебінде әдетте екі бетке жазылады.

Тақырып нақтылығы мен субъективті нақтылық

Кез келген эсседе белгілі бір тақырып бар. Демек, кең тақырыпты қарастыра алмайды. Ол тек бір ойды көрсете алады, бір сұраққа жауап береді.

Еркін композиция

Эсседе ешқандай ресми форма болмау керек. Көбіне эссе логика заңдылықтарына негізделмейді.

Жеңіл сюжет

Эссені жазғанда күрделі сөйлем, түсініксіз терминдерден аулақ болған жөн. Тақырыпты еркін білуге, оны әр түрлі жағынан көрсете білуге міндетті.

Парадокстарды қолдану

Көп жағдайда ондай шығарманы оқырманды таңдандыру үшін жазады. Кейбір сарапшылар бұл шартты міндетті деп санайды. Оны афоризм, парадокс, бір-біріне қайшы келетін ойлар әсемдейді.

Құрылымы

1. Кіріспе
2. Тезис, аргумент
3. Қорытынды бөлім

Автордың ойы тезис түрінде ұсынылуы керек. Тезистер дәлелдену керек. Дәлел ретінде факт, құбылыс, оқиға, тәжірибе, ғылыми дәлелдерді, сарапшылардың пікірін пайдалануға болады. Әр тезис үшін екі дәлелді қолданған дұрыс.

Эссе жазғанда нені ескеру керек?

Эссеннің негізгі тақырыбы мен мақсаты, сонымен қатар оның жеке тақырыпшалардың мақсаты анықталу керек.
Оқырман назарын аудару үшін жарқын нақыл сөздер, парадокс, аллегорияны, қызықты фактіні және т.б. қолданыңыз.
Кіріспе және қорытынды бөлімдерде басты мәселеге назар аудару керек.

Эссе тақырыпша, абзац, параграфтарға бөлінеді. Әр абзац арасында логикалық байланыс болу керек. Осылайша эссе бүтін болады.
Ол экспрессивті, эмоционалды және көркем болуы керек. Оны қарапайым қысқа сөйлемдерден жеткізуге болады.
324 viewsЖазира Байдалы, 15:34
Ашу / Түсініктеме