Get Mystery Box with random crypto!

Жазира Байдалы

Telegram арнасының логотипі journalistbol — Жазира Байдалы Ж
Telegram арнасының логотипі journalistbol — Жазира Байдалы
Арна мекенжайы: @journalistbol
Санаттар: Жұмыс , Курстар мен нұсқаулықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 146
Арнадан сипаттама

Әр қазақтың білімді, бай әрі бақытты болуына пайдалы контент арқылы ықпал етемін. Менімен бірге дамыңыз!

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2021-11-24 13:53:46 Қайырлы күн! Қалайсыздар?

Ехууу, бір арманым ертең орындалады

Журналистикаға қызықсаңыз, мына сілтемеге ертең өтіп сессияны тамашалаңыз:

https://www.youtube.com/user/Pressclubkz
50 viewsЖазира Байдалы, 10:53
Ашу / Түсініктеме
2021-11-24 13:51:27
51 viewsЖазира Байдалы, 10:51
Ашу / Түсініктеме
2021-11-04 13:49:11 Ассистенттерге ғана емес, бәрімізге бизнес этикеттен хабардар болу керек. Себебі бұл жұмыстағы қарым-қатынастың фундаменті. Фундамент мықты болып орнына қозғалмай тұрса, сізді жауын да, дауыл да алмайды. Жұмысқа келетін жастардың этикет жайлы білмейтіндерін байқап қаламын. Міне, сондықтан бизнес-этикет чек-лисін жасап шықтым. Оқыңыз да ой түйіңіз! Тек алғысыңыз ретінде 4 сұрағыма жауап бере салысыз. Анкетаның сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdqiehq-BBXJFOVETp4XKh4YbdyYZW8mGZpE5dzI5dBWmh5_w/viewform
129 viewsЖазира Байдалы, 10:49
Ашу / Түсініктеме
2021-11-04 09:28:13 Егер жазбасам ұнаса, жаңа бір ақпарат ала алсаңыз, комментарий қалдырып қуантыңызшы
149 viewsЖазира Байдалы, 06:28
Ашу / Түсініктеме
2021-11-04 09:19:04 Ассистент деген кім? Ол қай сұрақтардың жауабын білуі керек?

Соғыс кезінде ассистент ту ұстаушының қасында жүрген. Кейін білім беру саласында ассистенттік пайда болды. Ұстаз болғысы келетін жастар ассистент болып педагогикаға терең бойлаған. Кейін ғылымға аяқ басқан жас ғалымдар ассистент атын иемденетін. Қазір ассистент бизнес әлемінде кең сұранысқа ие.

Ассистенттің 4 түрі бар: жеке, персонал, бизнес және әкімші.

Жеке ассистент бастығының комфортын ойластырады. Кездесу уақыттарын жоспарлап қана қоймай кей сапарларда серігі болады. Персоналды ассистент бастығының жеке бас мәселесін шешеді. Бұл көбіне отбасылық мәселелер. Мысалы, «Қызыма репетитор тауып бер» дегендей жұмыстар.
Бизнес ассистент - әмбебап маман. Ол құжаттарды реттейді, жобалар жүргізеді, кездесулер ұйымдастырады. Бұл ассистентті бастықтың оң олы деп айтуға болады. Бизнес ассистент болу үшін қаржы, заң, маркетинг, мероприятие, hr бойынша білім керек.
Әкімші ассистенттің жұмысы хатшыға ұқсайды. Тек оның мойнында жауапкершілік сәл көбірек болады.
Гуманитар адамнан мықты ассистент шығады. Себебі ассистент болу үшін ең бастысы эмоционалды интеллект керек. Ассистент болып жұмыс істеген адам аз уақытта жан-жақты білім алады. Ол үшін карьераны персонал ассистенттен бизнес ассистентке дейін жасау керек.

Ұзақ жыл бойы бір адамның ассистент болу комфорт аймағына айналып, дамуды тежеуі мүмкін.

Ассистент болғыңыз келе ме? Жалпы, кез келген салада мықты қызметкер болғыңыз келе ме? Мына 4 сұрақты үнемі қойыңыз.

Жұмысқа қандай талап қоясыз? Бұл жұмысты қашан бітіруім керек?
Бітірдім, тағы тапсырма бересіз бе?
Дамуым үшін қандай ақыл-кеңес бере аласыз?
154 viewsЖазира Байдалы, 06:19
Ашу / Түсініктеме
2021-09-15 07:59:45 Аяжан Еділованың құрметіне жоба "АяЛайық" деп аталды

2021 жылдың наурызында азаптап өлтірілген Аяжан Еділованың оқиғасы жаныма қатты батты. Тура сол кезде Интерньюс жаздық грантқа өтініш қабылдап жатқан еді. "Қатысамын" деген шешім қабылдап "АяЛайық" жобасының қаңқасын жасап шыққанмын. Міне, сол жобаның 3 айда 3 контенті жарық көрді.

Қазақ қыздарының өмірде өз орнын тауып, сүйгеннің сүйіктісі атанып, бақытты болулары осы жоба үлес қосады деген үмітім бар.

Барша әйел қауымына осы жобаның сілтемесін жіберулеріңізді сұраймын:

1.2K viewsЖазира Байдалы, 04:59
Ашу / Түсініктеме
2021-08-14 23:04:33 Журналистикада харассмент бар ма?
Жалпы, харассмент не екенін білесіз бе? Өміріңізде бір рет болсын оған тап болғаныңызға сенімдімін. Бәлкім, ешкім қол тигізбеген шығар. Бірақ сөзбен тиіскендер ше? Болды ғой?
Харассментті зомбылық деп аударамыз. Шын мәнінде, оның аясы кең. Харассмент дегеніміз – тиісу, кемсіту, жеке өмірге қол сұғу және субординация сақтамай шеке шекараны бұзу. Міне, осы ойды жоба арқылы жеткізгім келді.
Қыздарды аялайықшы!

471 viewsЖазира Байдалы, 20:04
Ашу / Түсініктеме
2021-08-06 15:01:59 Қайырлы күн, әріптестер!

ХАБАРЛАНДЫРУ

Киберкеңістікте кез келген адамға психологиялық қысым көрсетілуі мүмкін. Алайда, буллингтің алдын алу, оның салдарымен күресу туралы керекті ақпарат жоқтың қасы. Офлайн кездесу барысында сарапшыларымыз кибербуллингтен қорғану тәсілдері, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік туралы айтады.

Кездесу тақырыбы: “Киберкеңістіктегі қылмыстардың қаупі”; “Кибербуллингтен қорғану тәсілдері”.

Спикерлер: ДАНА МҰХАМЕДЖАНОВА - халықаралық заңгер, senior lecturer KAZGUU, PhD fellow.

СЕРІКГҮЛ САЛИ - психолог.

Өтетін орны: Нұр-Cұлтан қаласы, Қорғалжын тас жолы 8, KAZGUU университеті.

Кездесу күні мен уақыты: 06.08.2021 сағат 19:00-де.

Қатысу үшін сілтеме арқылы өтіп, тіркеліңіз

https://forms.gle/EwEWXTAXq1GWK5tk9

Ұйымдастырушы: MEDIA CLUB QAZAQSTAN, 87078813416
437 viewsЖазира Байдалы, 12:01
Ашу / Түсініктеме
2021-08-06 07:34:21 TEDxAstana 2021 конференциясына тіркелу басталды

https://tedxastana.com/

Биыл конференция 4 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

09:00 - 17:00

Тіркелу үшін сілтемені басыңыз
321 viewsZhazira_Baidaly, 04:34
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 15:10:22 365 күндік пайдалы контент #5/365

Прокрастинация – істі кейінге қалдыру әдеті

Шаруаны тақалғанда тындыру көпшілігімізге тән. Соның кесірінен жұмыс өнімділігі мен денсаулығымызға нұқсан келеді

Неге ертеңге қалдыруға әуеспіз

Ондай жағдай бәрінің басынан өтеді. Алайда, кей адамдар үшін бұл айықпас дертке айналады. Қанша тырысса да, еш нәрсені уақытылы тындырмайды. Содан өз-өзіне налиды. Оның себебі әртүрлі: бірсарынды жұмыс, зейін қоюдан қиналу, шаршау, сәтсіздіктен қорқу, қызықсыз, ұнамайтын нәрсемен айналысу.

Прокрастинациядан құтылу үшін

Уақытты дұрыс бөлу
Егер сізге бір күнде бірнеше тапсырманы үйіп-төксе, не істеріңізді білмей қаласыз. Сол үшін маңыздылығына қарай істі бөліп қойыңыз. Осылайша сол іске зейін қоясыз. Эйзенхауэр матрицасын қолданып көрсеңіз болады.

Шынайы мақсат қою
Өзіңіздің шамаңызды біліңіз. Ағылшын тілін білмейтін адамға бір аптада ағылшынша сөйлеп үйрен десе, ол орындалмайтыны хақ. Сол үшін де қай уақытқа дейін орындап бітіру керегін дұрыстап ойластырыңыз. Тым қатаң режим ұстанбаңыз.

Қатаң күн тәртібінен бас тарту
Күн тәртібіңізге расымен маңызды істерді жазыңыз. Бірақ әр минут, секундын жоспарлау қажет емес. Жоспарланбаған істерге де уақыт қалдырыңыз. Тым қатаң күн тәртібімен жүру жалықтырады.

Есеп беру
Кешке өзіңізге есеп беріңіз: не істедіңіз, не бітірмедіңіз? Өзіне есеп бермейтін адам шаруаны ертеңге қалдырып, істі қиындататынын түсінбейді. Есеп беру арқылы қалай жеңгеніңізді байқайсыз. Ертерек бітіру арқылы бос уақыт пайда болғанына қуанасыз.
335 viewsZhazira_Baidaly, 12:10
Ашу / Түсініктеме