Get Mystery Box with random crypto!

ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА

Telegram арнасының логотипі islam_dini_kazakhstanda — ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА И
Telegram арнасының логотипі islam_dini_kazakhstanda — ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА
Арна мекенжайы: @islam_dini_kazakhstanda
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.50K
Арнадан сипаттама

Ханафи мәзһәбы,
Матуриди ақидасы.
Біздің инстаграм:
instagram.com/islam_dini_kazakhstanda

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2021-04-28 22:23:20 Тарауих намазында әр 4 ракаттан кейін айтылатын зикрлер шариғатта барма?

Ұстаз Исрафил Бегей xафизаһуллаһ

Тыңдаймыз және бөлісеміз

t.me/israfil_begei
898 views19:23
Ашу / Түсініктеме
2021-04-26 12:30:27
ӘУЛИЕ АДАМ, МАРҚҰМ МӘУЛАНА ИХТИШӘМУЛ ХАҚ САНАУИ (ОҒАН АЛЛАҺ РАҚЫМ ЕТСІН) БІРДЕ ДӘРІСІНДЕ АЙТТЫ ПАЙҒАМБАР (ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) БІЗГЕ ТОБЫҚТАРЫМЫЗДЫ АШЫП ЖҮРУІМІЗДІ СҰРАДЫ, ӨЙТКЕНІ ТОБЫҚТАРДЫ ЖАСЫРУ ШАРИҒАТТА ҚҰПТАЛМАҒАН, БІЗ ОҒАН (ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) БҰЛ СҰРАҚТА БОЙ ҰСЫНУҒА ДАЙЫН ЕМЕС ЕДІК. БІРАҚ, БАСҚА ЖАҒЫНАН АҒЫЛШЫНДАР БІЗГЕ ТІЗЕМІЗДІ АШУЫМЫЗДЫ СҰРАҒАНДА, БІЗ ҚЫЛТ ЕТПЕЙ, ШОРТЫ КИЮ МЕН ОЛАРҒА БОЙ ҰСЫНДЫҚ.
ҚАНШАЛЫҚТЫ ҰЯТ!
ЕГЕР БІЗДЕ ТИТТЕЙ ДЕ БІР ПАЙҒАМБАРҒА (ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ДЕГЕН МАХАББАТ БОЛҒАНДА, БІЗ ОЛ МІНДЕТТЕГЕН ІСТІ ІСТЕР ЕДІК. ҚАЛАЙША МҰСЫЛМАН ПАЙҒАМБАР (ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ҚОЛДАМАҒАН ІСТІ ҚОЛДАЙДЫ?
МҮФТИ САХИБ ТАҚИ УСМАНИ حفظه الله МАҚАЛАСЫНАН.
1.2K views09:30
Ашу / Түсініктеме
2021-02-02 10:47:02 20 ғасырда Ислам үмметіне ең көп зиян тигізген тұлға - Мухаммад Абдо

20 ғасырда Ислам үмметіне ең көп зиян тигізген кітап - Сәйд Сабиктің “Фиқһ Сунна” (жалпы адамгершілік жағынан авторы жақсы адам болған).

20 ғасырда Ислам үмметіне ең көп зияның тигізген ілім - “салыстырмалы фиқһ”.

Шейх Салях Әбу әл-Хадж
127 views07:47
Ашу / Түсініктеме
2021-02-02 10:43:59 СҰРАҚ:
Әссәләәмуәлейкум. Мен бірнеше рет әл-Әзһәр талабаларынан “салыстырмалы фиқһ” деген ілім бар екенін естідім. Сол туралы түсіндіріп жібересізба? Бұл ілімнің мақсаты не? Немесе бұл Муфтилерге арналғанба?

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссәләәм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ.
Бұл қазіргі уақыттың қасіреті: бір мәзһабты жетік игермеген адамдар, төрт мәзһабты түгел игеруді қалайды.
143 views07:43
Ашу / Түсініктеме
2021-02-01 23:08:14
336 views20:08
Ашу / Түсініктеме
2021-02-01 21:53:53 https://t.me/abu_ali_al_xanafi/842


КАНАЛ АДМИНІ:
Елімізде “Нұр Мубарак” бітірген кейбір түлектер намазды қосып оқуға және хайыз кезінде Құран оқуға, мешітке кіруге рұқсат береді деген хабарлар естіп жатырмыз. Бұл қате! Олардың рұқсат берген пәтуәларына амал етуге болмайды. Олар бұндай пәтуә берулерніе еш хақылары жоқ! Сол пәтуәға өздерінің есімдерін беріп, өздері жаңадан мәзһаб ашып алсын, бірақ Ханафи мәзһабына тиіспесің!
294 views18:53
Ашу / Түсініктеме
2021-02-01 19:40:59 СҰРАҚ:
Махер Зейннің Дағыстандағы концерті туралы не ойлайсыз?

ЖАУАП:
Егер ол жерде музыка немесе ер мен әйелдердің араласуы болса, онда ол жерге баруға болмайды.
__________

СҰРАҚ:
Міне, жақында біздің Дағыстанда Махер Зейннің концерті өтті. Нашидалар музыкамен өтті дейді. Бұл мәселе бойынша сіздің пікіріңіз. Бұл харам ба?

ЖАУАП:
Харам.
_____________

СҰРАҚ:
Сізге өтініш, бауырым! Дағыстандықтарға музыкамен болған нашидалар тыйым салынғандығы туралы насихат айтыңызшы. Мен Дағыстан ғалымдарының неге үнсіз отырғанын түсінбедім? PS: Кеше Махер Зейннің концерті өтті, тіпті соңы лезгинкамен аяқталды

ЖАУАП:
Музыканың тыйым салынғаны баршасына мәлім. Дағыстанның кейбір ұстаздары бұл туралы кітаптарда жазған. Егер адамдар музыканың харам екендігін ұстанғысы келмесе, онда біз не істейміз?
____________

СҰРАҚ:
Бауырым, міне, музыкаға тыйым салу туралы иджма бар деп жазып отырсыз. Менің ойымша, сіз қателесесіз. Егер оған біржақты тыйым салынған болса, онда Дағыстан муфтйі және басқа да ұстаздарымыз мұндай орындарға бармас еді.

ЖАУАП:
Ғалымдардың амалы, тіпті өте үлкен ғалым болсадағы, шариғатта дәлел емес. Мәликилердің арасында ғана мадиналықтардың ісі шариғатта дәлел болып саналады және бұл тек сахабалар мен табиғиндермен шектеледі. Менің білуімше, Абдул-Джәлил Әфәнди (қуддисә сирруһу) бұл туралы кітап жазған. Өте пайдалы кітап, оқыңыз.
_____________

СҰРАҚ:
Музыка туралы. Бұл ихтиләф мәселесі. Шындықты жаз, музыкаға рұқсат берген муджтәһид ғалымдар көп. Ихтиләф бар кезде музыка үкімі харам деп жазу дұрыс емес, бұл дөрекілік. Онсызда жастардың бәрі дерлік радикал, жұмыссыз.

ЖАУАП:
Сіз мекен жәймен қателескен сияқтысыз. Музыка мәселесінде ихтилафтарды басқа жерде сөйлесіңіз. Мұндай орындар өте көп.
948 views16:40
Ашу / Түсініктеме
2021-02-01 16:26:23 Баршамыз видео түсіріп ұсыныс тастап. Оған қоса арамызда жақсы юристтер болса, электрондық түрде петиция жазсақ баршамыз ел бойынша. Мәселе шешілер деп ойдамыз. Аллагъ Тааля күллі нәрсені істеуші және өзгертуші. Біз бірінші амал қылайық сосын барып дұғамен сабыр қылайық. Бірақ еш нәрсе істемей сабыр қылу ол - алма піс ауызыма түс пен бірдей. Үміт пен арманды шадастырып алмайық. Үміт деген - амал қылып сабырмен Алладан нәтижесін күту. Арман деген - жайғана пікірлеп еш нәрсе істемей қиял да болу. Аллагъ Тааля жеңілдік берсін баршамызға кез келген ахуалда.
329 views13:26
Ашу / Түсініктеме
2021-02-01 13:04:13 ​​Исламнан басқа ешқандай дін бізден қабылданбайды.

Бүгінгі күнгі ең басты адасушылық атеизм емес - нағыз атеисттер қалмады десе де болады. Көптеген адамдар агностицизм деп аталатын сенімді ұстанады: Құдайға сенеміз дейді, бірақ Ол кім және бізден нені қалайды, ол жағы белгісіз дейді. Мұндай сенімді адамдар өздеріне Жаратушының бұйрықтары мен тыйымдарын орындап, өмірлерін қиындатпау үшін таңдайтының түсінуіміз керек. Бұл бүгінгі күннің ең басты адасушылығы - діннің талаптарын орындамай-ақ Құдайға өздігінше жүрекпен сеніп өмір сүруге болады және бәрі жақсы болады деу. Бірақ біз мынаны түсінуіміз қажет: Құдай бізді жаратты және сәйкесінше ол бізден бір нәрсені қалайды. Ол біздің кейбір нәрселерді орындап, кейбір нәрселерді жасамауымызды қалайды, және осы үшін біз белгілі марапаттар аламыз. Ал жоғарыдағы ұстаным - дүниенің қызықтарына батқан және өзінің Жаратушы алдындағы міндеттерін есіне алғысы келмейтін адамдардың ұстанымы.

Орта ғасырларда және одан ертерек, адамдардың тұрмысы өте ауыр болған, сондықтан адамдар үнемі Жаратушыға мұқтаждықтарын сезінген. Олар үшін Жаратушы адамдардан нені қалайтыны түсінікті жәйт болатын. Ал қазір адамдардың дүниеге батқандығы сонша, олар үшін бұл сұрақ түсініксіз, оларға неге бір нәрсенің істеуге болатыны, ал екіншісін болмайтыны, неге бір дінге еріп, оның талаптарын ұстану керектігі түсініксіз.  Егер де бір адам: "Мен өзім үшін Исламды таңдадым, бірақ басқа бір адам басқа шешімге келіп және ол үшін басқа бір дін ақиқат болса, оның да таңдауы өздігінше дұрыс"- дейтін болса, онда бұл - күпірлік (имансыздық). Бұл бүгінгі күні көп тараған адасушылық. Қазір көбісі ақиқаттың көптігі, адам не қаласа істеуге таңдауы бар екендігі, ең бастысы - ол жақсы адам болып, ешкімді ренжітпей, Құдайға жәй ғана өздігінше сенсе, ол үшін ақиретте бәрі жақсы болады деген нәрселерді айтады. Тіпті экуменизм деп аталатын барлық діндердің бірігуін мақсат қойған қозғалыс та бар. Олар діндердің барлығы бір нәрсені үйретеді, жақсылыққа үйретеді, сондықтан оларды біріктіру керек, олардың бөлінулері зиян және олар қағтығыстарға алып келеді деген ұрандар тастауда. Сырттай мұсылмандарға ұқсайтын (сәлде оранған, дәстүрлі ислами киімдер киген) кейбір жекеленген кісілер осындай конференцияларға келеді.  Бірақ бұл адамдар бір нәрсені түсінбейді: Алланың бізден бірінші кезекте нені қалайтыны - бұл Ол туралы дұрыс сенімде болуымызды, оған бала тағайындамауымызды, оған кемшіліктер бермеуімізді, Оған өзі түсіндіргендей сенуімізді, оның елшілерін мойындауымызды, соның ішінде соңғы елшісін де (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын). Ал қалған нәрселер - әдеп нормалары, харам және халал, бұлар фуру, тармақтары. Бәрінің түп-тамыры - бұл Иман, дұрыс сенім. Бұл қозғалыстарға қатысып жатқан адамдар, керісінше, әдептілік - бұл негіз, ал сенім - бұл әркім өзі ойлап шығарған нәрсе деп санайды.  Олар адамдарға уахиды Құдай емес, адамдар өздері діндерді ойлап шығарады, сондықтан оларды араластырып бір ортақ шешімге келудің еш жамандығы жоқ деп санайды. Ал біздің түсінігіміз бойынша, және ол жалғыз дұрыс түсінік, дін - бұл Алланың соңғы елшісі (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) арқылы жеткізілген хабар бойынша Жаратушыға бойұсыну.  Исламнан басқа ешқандай дін бізден қабылданбайды. Шүбәсіз иман - бұл Исламнан басқа ешқандай дін бізден қабылданбайтындығына және кім Исламды қайтарса - мәңгілік тозақта болатын кәпір екендігіне сенімділік.

Әбу Әли әл-Ханафи хафизаһуллаһ.

Дайындаған: t.me/darulahnaf_com
379 views10:04
Ашу / Түсініктеме
2021-02-01 05:18:23 ​​ИСЛАМ ДІНІНЕН НЕ ШЫҒАРАДЫ. БІРІНШІ БӨЛІМ.

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيم الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاةُ وَالسَّلامُ عَلَي أَشْرَفِ الْمُرْسَلِين وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِين

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Кітап: «әл-Кифаяту ли зауил иная»
Автор: Муфтий АбдулБасыт әл-Фахури
Дәріс жүргізуші: Махди Шамсуддин


Ридда – бұл Исламнан шегіну (қайту). Адам діннен шығаратын нәрсені жасағаннан соң муртад (діннен шыққан) болып саналу үшін – ол міндетті түрде ақыл иесі бар, кәмелет жасқа толған және күпірлікті мәжбүрлікпен істемеу керек. Егер адамды өліммен қорқытып немесе өмірі үшін маңызды дене мүшелерін зақымдау қаупімен Исламнан шығуға мәжбүрлесе, ол жүрегінде иманды сақтап қалу шартымен муртад болып есептелмейді (өйткені бұл жағдайда оның өз қалауы болмады).

Ридда мәселесінде ер мен әйел адамның арасында айырмашылық жоқ: күпірлік сөз айтқан немесе күпірлік амал жасаған әйел, дәл ер адам сияқты, діннен шығады.

Адам күпірлікке саналы түрде, оны ниет етіп, Шариғатта діннен шығаратын амал ретінде жіктелген істерді жасаумен немесе Шариғат тұрғысынан күпірлік болып саналатын сөздерді өз қалауымен (өлім қаупісіз) айтып күпірлікке түсуі мүмкін, тіпті жүрегінде иманын сақтап және айтылған сөздерге сенбесе де.

Адам егер Ислам дінін немесе оның кез–келген бір ережелерін кемсітетін күпір сөздерін айтса немесе сондай пікірлерді жүрегінде ұстанатын болса, Исламнан шығады. Егер адамға қандай да бір мәселе бойынша ақиқатты жеткізсе, ал ол тәкаппарлық не менменшілдік себебінен мойындамайтын болса, онда ол күпірлікке түседі. Егер адам мас болған күйде күпірлік сөздерін айтса, ол діннен шығады. Және бұл жағдайда мастығы ақылдан айыратындай болмау керек және өз-өзін сондай халге жеткізбеген, яғни оны мәжбүрлеп шарап ішкізбеген деген шарттар қойылады. Ары қарай мұсылманды кәпір қылатын сенімдер мен амалдардың мысалдары келтіріледі.

Толығырақ:
https://darulahnaf.blogspot.com/2017/02/blog-post_96.html?m=1
491 views02:18
Ашу / Түсініктеме