Get Mystery Box with random crypto!

​​ИСЛАМ ДІНІНЕН НЕ ШЫҒАРАДЫ. БІРІНШІ БӨЛІМ. بِسْمِ اللهِ الرّ | ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА

​​ИСЛАМ ДІНІНЕН НЕ ШЫҒАРАДЫ. БІРІНШІ БӨЛІМ.

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيم الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاةُ وَالسَّلامُ عَلَي أَشْرَفِ الْمُرْسَلِين وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِين

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Кітап: «әл-Кифаяту ли зауил иная»
Автор: Муфтий АбдулБасыт әл-Фахури
Дәріс жүргізуші: Махди Шамсуддин


Ридда – бұл Исламнан шегіну (қайту). Адам діннен шығаратын нәрсені жасағаннан соң муртад (діннен шыққан) болып саналу үшін – ол міндетті түрде ақыл иесі бар, кәмелет жасқа толған және күпірлікті мәжбүрлікпен істемеу керек. Егер адамды өліммен қорқытып немесе өмірі үшін маңызды дене мүшелерін зақымдау қаупімен Исламнан шығуға мәжбүрлесе, ол жүрегінде иманды сақтап қалу шартымен муртад болып есептелмейді (өйткені бұл жағдайда оның өз қалауы болмады).

Ридда мәселесінде ер мен әйел адамның арасында айырмашылық жоқ: күпірлік сөз айтқан немесе күпірлік амал жасаған әйел, дәл ер адам сияқты, діннен шығады.

Адам күпірлікке саналы түрде, оны ниет етіп, Шариғатта діннен шығаратын амал ретінде жіктелген істерді жасаумен немесе Шариғат тұрғысынан күпірлік болып саналатын сөздерді өз қалауымен (өлім қаупісіз) айтып күпірлікке түсуі мүмкін, тіпті жүрегінде иманын сақтап және айтылған сөздерге сенбесе де.

Адам егер Ислам дінін немесе оның кез–келген бір ережелерін кемсітетін күпір сөздерін айтса немесе сондай пікірлерді жүрегінде ұстанатын болса, Исламнан шығады. Егер адамға қандай да бір мәселе бойынша ақиқатты жеткізсе, ал ол тәкаппарлық не менменшілдік себебінен мойындамайтын болса, онда ол күпірлікке түседі. Егер адам мас болған күйде күпірлік сөздерін айтса, ол діннен шығады. Және бұл жағдайда мастығы ақылдан айыратындай болмау керек және өз-өзін сондай халге жеткізбеген, яғни оны мәжбүрлеп шарап ішкізбеген деген шарттар қойылады. Ары қарай мұсылманды кәпір қылатын сенімдер мен амалдардың мысалдары келтіріледі.

Толығырақ:
https://darulahnaf.blogspot.com/2017/02/blog-post_96.html?m=1