Get Mystery Box with random crypto!

СҰРАҚ: Махер Зейннің Дағыстандағы концерті туралы не ойлайсыз? | ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА

СҰРАҚ:
Махер Зейннің Дағыстандағы концерті туралы не ойлайсыз?

ЖАУАП:
Егер ол жерде музыка немесе ер мен әйелдердің араласуы болса, онда ол жерге баруға болмайды.
__________

СҰРАҚ:
Міне, жақында біздің Дағыстанда Махер Зейннің концерті өтті. Нашидалар музыкамен өтті дейді. Бұл мәселе бойынша сіздің пікіріңіз. Бұл харам ба?

ЖАУАП:
Харам.
_____________

СҰРАҚ:
Сізге өтініш, бауырым! Дағыстандықтарға музыкамен болған нашидалар тыйым салынғандығы туралы насихат айтыңызшы. Мен Дағыстан ғалымдарының неге үнсіз отырғанын түсінбедім? PS: Кеше Махер Зейннің концерті өтті, тіпті соңы лезгинкамен аяқталды

ЖАУАП:
Музыканың тыйым салынғаны баршасына мәлім. Дағыстанның кейбір ұстаздары бұл туралы кітаптарда жазған. Егер адамдар музыканың харам екендігін ұстанғысы келмесе, онда біз не істейміз?
____________

СҰРАҚ:
Бауырым, міне, музыкаға тыйым салу туралы иджма бар деп жазып отырсыз. Менің ойымша, сіз қателесесіз. Егер оған біржақты тыйым салынған болса, онда Дағыстан муфтйі және басқа да ұстаздарымыз мұндай орындарға бармас еді.

ЖАУАП:
Ғалымдардың амалы, тіпті өте үлкен ғалым болсадағы, шариғатта дәлел емес. Мәликилердің арасында ғана мадиналықтардың ісі шариғатта дәлел болып саналады және бұл тек сахабалар мен табиғиндермен шектеледі. Менің білуімше, Абдул-Джәлил Әфәнди (қуддисә сирруһу) бұл туралы кітап жазған. Өте пайдалы кітап, оқыңыз.
_____________

СҰРАҚ:
Музыка туралы. Бұл ихтиләф мәселесі. Шындықты жаз, музыкаға рұқсат берген муджтәһид ғалымдар көп. Ихтиләф бар кезде музыка үкімі харам деп жазу дұрыс емес, бұл дөрекілік. Онсызда жастардың бәрі дерлік радикал, жұмыссыз.

ЖАУАП:
Сіз мекен жәймен қателескен сияқтысыз. Музыка мәселесінде ихтилафтарды басқа жерде сөйлесіңіз. Мұндай орындар өте көп.