Get Mystery Box with random crypto!

ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА

Telegram арнасының логотипі islam_dini_kazakhstanda — ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА И
Telegram арнасының логотипі islam_dini_kazakhstanda — ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА
Арна мекенжайы: @islam_dini_kazakhstanda
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.50K
Арнадан сипаттама

Ханафи мәзһәбы,
Матуриди ақидасы.
Біздің инстаграм:
instagram.com/islam_dini_kazakhstanda

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2021-01-29 21:41:43 Егер, муфтидің берген пәтуәсы қате болғаны анықталса, онда пәтуәсын қайта алу керек. Пәтуәсын қайта алуға ұялмау керек. Өйткені, муфти болу үшін жауаптың барлығы дұрыс болу шарт емес (жауабының көбі дұрыс болу жеткілікті).

Сұрақты дұрыстап оқу керек. Егер сұрақты түсінбесе, онда сол сұрақты қоюшыдан дұрыстап анықтау керек.

Муфти өмірден өтседе оның берген пәтуәсы жарамды болады.

Егер, бір адамның бойынан муфтидің шарттары табылса, онда ол адамға сұрақтарға жауап беруге кедергі болу немесе сұрақтарға жауап беруге тыйым салу - күнә болып есептеледі.

Кейбір анық мәселелер бар, бірақ онымен пәтуә берілмейді. Мысалы, мешіттерде Құран хатымнан кейін халықпен бірге дұға жасау. Асылында бұл - мәкруһ. Бірақ, бұл көзқараспен пәтуә берілмейді, өйткені бұл амал халық арасында сіңіп кеткен және халық, сен оларды дұғадан қайтарып жатырсың деп ойлауы мүмкін.

Кейбір ғалымдар үш талақ алған әйел басқа біреуге күйеуге шығып және араларында жақындасу болмастан, әйелге екінші күйеуі талақ етсе, онда әйел бірінші күйеуіне қайта қосыла алады деп пәтуә берген. Яғни, бірінші күйеуіне қайта қосылу үшін, екінші күйеуімен жақындасу шарт емес деген. Бұл пәтуә қайтарылған және бұнымен пәтуә беруге болмайды. Егерде қандайда бір муфти бұл пәтуәмен пәтуә берсе, онда муфти Мухаммад Айни әл-Ханафи бұл адамға: “Оған Алланың, Оның періштелерінің және барлық адамзаттың лағынеті болсын”, - дейді (енді үш талақты бір талақ деп пәтуә беретіндер жайлы не айтуға болады?).

Муфтидің ишарамен берген жауабы дұрыс болып есептеледі.

Егер, муфти бір сұраққа жауап білмесе және соны анықтау үшін оның уақыты кететін болса, онда оның кеткен уақыты үшін оған ақша беруге болады. Ал егер, сұраққа жауапты біліп тұрса және жауап беру үшін оның уақыты кетпейтін болса, онда жауабы үшін ақша алуына болмайды.

Муфтидің сыйлық алуына және қонаққа шақырса, қонаққа баруына рұқсат. Бұл пара болып есептелмейді, өйткені оның берген жауабына адамның амал етуі міндетті емес. Ал қади керісінше, ол сыйлық ала алмайды, бұл параның бір түрі болып есептеледі. Тек бұрыннан сыйлық беріп жүрген туыстары мен жақын достарынан басқа.

Егер, сыйлық берген кезде көмектесу шартын қойсаң, онда бұл пара болып есептеледі.

Әс-Саләбә¹ мәзһабымызда - уәжіп, ал тә'әссуб² - рұқсат емес.

Әс-Саләбә (صَلاَبَةٌ)¹ - мәзһабындағы үкімдерге амал жасап, оны дұрыс деп санау.
Әт-Тә'әссуб (تَعَصُّبٌ)² - басқа мәзһабтарға дөрекілік, қаттылық көрсету.

Ұстаз Әбу Әли әл-Ханафи حفظه الله сол кітапқа жазған аудио рецензиясынан.
642 views18:41
Ашу / Түсініктеме
2021-01-29 07:40:03
769 views04:40
Ашу / Түсініктеме
2021-01-29 04:26:08
Фиқһтан:

Ридда (яғни діннен шығаратын) мәселелерін білу, əр бір адамға парыз айн болып табылады.

Махди Шамсуддин әл-Ханафи хафизаһуллаһ.
1.3K views01:26
Ашу / Түсініктеме