Get Mystery Box with random crypto!

​​Исламнан басқа ешқандай дін бізден қабылданбайды. Бүгінгі к | ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА

​​Исламнан басқа ешқандай дін бізден қабылданбайды.

Бүгінгі күнгі ең басты адасушылық атеизм емес - нағыз атеисттер қалмады десе де болады. Көптеген адамдар агностицизм деп аталатын сенімді ұстанады: Құдайға сенеміз дейді, бірақ Ол кім және бізден нені қалайды, ол жағы белгісіз дейді. Мұндай сенімді адамдар өздеріне Жаратушының бұйрықтары мен тыйымдарын орындап, өмірлерін қиындатпау үшін таңдайтының түсінуіміз керек. Бұл бүгінгі күннің ең басты адасушылығы - діннің талаптарын орындамай-ақ Құдайға өздігінше жүрекпен сеніп өмір сүруге болады және бәрі жақсы болады деу. Бірақ біз мынаны түсінуіміз қажет: Құдай бізді жаратты және сәйкесінше ол бізден бір нәрсені қалайды. Ол біздің кейбір нәрселерді орындап, кейбір нәрселерді жасамауымызды қалайды, және осы үшін біз белгілі марапаттар аламыз. Ал жоғарыдағы ұстаным - дүниенің қызықтарына батқан және өзінің Жаратушы алдындағы міндеттерін есіне алғысы келмейтін адамдардың ұстанымы.

Орта ғасырларда және одан ертерек, адамдардың тұрмысы өте ауыр болған, сондықтан адамдар үнемі Жаратушыға мұқтаждықтарын сезінген. Олар үшін Жаратушы адамдардан нені қалайтыны түсінікті жәйт болатын. Ал қазір адамдардың дүниеге батқандығы сонша, олар үшін бұл сұрақ түсініксіз, оларға неге бір нәрсенің істеуге болатыны, ал екіншісін болмайтыны, неге бір дінге еріп, оның талаптарын ұстану керектігі түсініксіз.  Егер де бір адам: "Мен өзім үшін Исламды таңдадым, бірақ басқа бір адам басқа шешімге келіп және ол үшін басқа бір дін ақиқат болса, оның да таңдауы өздігінше дұрыс"- дейтін болса, онда бұл - күпірлік (имансыздық). Бұл бүгінгі күні көп тараған адасушылық. Қазір көбісі ақиқаттың көптігі, адам не қаласа істеуге таңдауы бар екендігі, ең бастысы - ол жақсы адам болып, ешкімді ренжітпей, Құдайға жәй ғана өздігінше сенсе, ол үшін ақиретте бәрі жақсы болады деген нәрселерді айтады. Тіпті экуменизм деп аталатын барлық діндердің бірігуін мақсат қойған қозғалыс та бар. Олар діндердің барлығы бір нәрсені үйретеді, жақсылыққа үйретеді, сондықтан оларды біріктіру керек, олардың бөлінулері зиян және олар қағтығыстарға алып келеді деген ұрандар тастауда. Сырттай мұсылмандарға ұқсайтын (сәлде оранған, дәстүрлі ислами киімдер киген) кейбір жекеленген кісілер осындай конференцияларға келеді.  Бірақ бұл адамдар бір нәрсені түсінбейді: Алланың бізден бірінші кезекте нені қалайтыны - бұл Ол туралы дұрыс сенімде болуымызды, оған бала тағайындамауымызды, оған кемшіліктер бермеуімізді, Оған өзі түсіндіргендей сенуімізді, оның елшілерін мойындауымызды, соның ішінде соңғы елшісін де (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын). Ал қалған нәрселер - әдеп нормалары, харам және халал, бұлар фуру, тармақтары. Бәрінің түп-тамыры - бұл Иман, дұрыс сенім. Бұл қозғалыстарға қатысып жатқан адамдар, керісінше, әдептілік - бұл негіз, ал сенім - бұл әркім өзі ойлап шығарған нәрсе деп санайды.  Олар адамдарға уахиды Құдай емес, адамдар өздері діндерді ойлап шығарады, сондықтан оларды араластырып бір ортақ шешімге келудің еш жамандығы жоқ деп санайды. Ал біздің түсінігіміз бойынша, және ол жалғыз дұрыс түсінік, дін - бұл Алланың соңғы елшісі (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) арқылы жеткізілген хабар бойынша Жаратушыға бойұсыну.  Исламнан басқа ешқандай дін бізден қабылданбайды. Шүбәсіз иман - бұл Исламнан басқа ешқандай дін бізден қабылданбайтындығына және кім Исламды қайтарса - мәңгілік тозақта болатын кәпір екендігіне сенімділік.

Әбу Әли әл-Ханафи хафизаһуллаһ.

Дайындаған: t.me/darulahnaf_com