Get Mystery Box with random crypto!

ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА

Telegram арнасының логотипі islam_dini_kazakhstanda — ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА И
Telegram арнасының логотипі islam_dini_kazakhstanda — ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА
Арна мекенжайы: @islam_dini_kazakhstanda
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.50K
Арнадан сипаттама

Ханафи мәзһәбы,
Матуриди ақидасы.
Біздің инстаграм:
instagram.com/islam_dini_kazakhstanda

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2021-06-11 21:02:51 Осман ибн Хадира ал- Аздии (Алла оған разы болсын) айтты:

" Мен Ибн Аббасқа (Алла екеуіне де разы болсын) барып, былай дедім:"Маған насихат ет". Және ол маған:

"Жарайды . Дінде тұрақты (истиқама) және тақуа бол. Сүннетке ер де жаңалық (бидғат) енгізбе." - деді.
372 views18:02
Ашу / Түсініктеме
2021-06-06 12:48:19 Қайғылар мен мұңдардан құтылудың ең күшті жолы - тұмарлар емес, өз дініңді мықтап ұстану!

Ұстаз Әбу Әли әл-Ханафи хафизаһуллаһ
420 views09:48
Ашу / Түсініктеме
2021-06-05 18:18:42 Имам әл-Матуриди мен Имам әл-Әшғари жайлы ғажайып дерек.

Имам Әшғари өмір сүрген уақытта халифаттың басқа бөлігінде тағы бір ұлы имам болыпты. Осы екі имамның замандас болуы таңқаларлық.

Имам Әбу Мансұр әл-Матуриди хиджра жыл санағы бойынша 333 жылда дүниеден өтті. Осы екі имам бір-бірімен ешқашан кездеспеген және де бірін-бірі жайлы білмеген, бұған қарамастан олардың ақидалары бірдей болған. Кейін олардың шәкірттері және шәкірттерінің шәкірттері кездесіп ақидаға байланысты мәселерін салыстырған кезде бұл бір мәзһаб деген қорытындыға келіпті.

Әбу Мансұр Матуридині Имам Ағзам Әбу Ханифаның жолында дейді, себебі ол өзінің мәзһабының негізіне өзіне дейін жеткен Әбу Ханифаның кітаптарын алған. Дәл солай Имам Әшғари өзінің мәзһабының негізіне Имам Шафиидің кітаптарын салды. Сонымен, Имам Матуриди - ханафи, ал Имам Әшғари - шафиғи мәзһабында болыпты.

Ең басынан әшғари мен матуридилер - ол бір топ, бір мәзһаб. Бұның барлығы Әхли-әс-Сүнна Уәл-Джама'аның ұлы ғұламалары.

[Шейх Сайд Фуда хафизаһуЛлаһ]
581 views15:18
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 22:30:07
Ақпарат сенімді бауырлар, Алла куә.
448 views19:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 18:00:32 Му'әмир ибн Суләйман (رحمه الله) айтты:

«Бір күні мен әкеме ренжулі күйде кірдім. Ол менен: "Саған не болды?"-деп сұрады. Мен: "Досым өмірден өтті" - дедім. Әкем: "Ол, сүннет жолында (сүннетті ұстанып) өлді ме?"-деп сұрады. Мен: "Иə, сүннет жолында жан тапсырды"-дедім. Сонда әкем: "Онда досың үшін қорықпа» -деді.

("Әл-Лəләкәй", 1/61/67)
637 views15:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 06:19:53 Фудайль ибн ‘Ияд (Аллах оған рақым етсін) айтқан:

إِذَا لَمْ تَسْتَطِعِ الصَّلَاةَ وَالصَّوْمَ فَاعْلَمْ أَنَّكَ مُكَبَّلٌ يَعْنِي بِالذُّنُوبِ

«Егер сен (нəпіл) намаз оқи алмай, (нәпіл) ораза ұстай алмай жатсаң, онда сені күнәлар байлап тұрғанын біл»

См: «Шу’абуль-иман», 6832.
278 views03:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-23 15:10:12 Жалтақтаудың зияндығы жайында

Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтады:

«Кімде-кім, сахарада өмір сүрген болса — қатыгез болады, ал кімде-кім жабайы құсты аңдыған болса — бейқамдық білдірген болады. Ал басшы есігінің алдына келгені, арбауға ұшырағаны. Әлдебіреу басшыға қаншалықты жақындаған сайын — Алладан соншалық алыстайды».
[Қр. Ахмад Ибн Ханбал жеткізді 2/371, 440; Ибн Ади 1/318.]

Ибрахим ибн Адхам, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтқан: «Қай басшы әділ болмаса, ол және ұры — бірдей. Қай ғұлама тақуалы болмаса, ол және қасқыр — бірдей. Және кімде-кім Алладан басқа өзгеге бас ұрса, ол және ит — бірдей».
[Қр. Әз-Захаби, «Әс-Сияр» 7/394, Ибн Касир, «әл-Бидая уә-н-нихая» 10/142.]

Имам Ибн Қудама, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтқан: «Мәңгілік өмірге ұмтылған ғұламалар сипаттарының бірі — басшыларға жоламау және олармен қарым-қатынас құрудан қашу». Хузейфа, оған Алла разы болсын: «Арбауға ұшырайтын жерлерден сақтаныңдар». Одан: «Ол қандай жерлер?» — деп сұрады. Оның жауабы: «Басшылардың есік алды. Сендердің біреулерің басшыға келіп, оны жалғанға куәләндіріп, болмағанды айтуларың мүмкін».
[Қр.: Ибн Қудама, «Мұхтасар Минхәдж әл-қасидин» 25.]

Әл-Мәррузи, оған Алланың рақымы болсын, былай деп жеткізді: «Бірде Исхақ ибн Ханбал былай деп айтады, Ахмадтан басшыларға кіру жайында, оның рұқсат етілгеніне Исхақ ибн Рахауәйханың әрекетіне сүйене отырып сұрады. Имам Ахмад бұған былай деп жауап қайтарған: «Мен оның әрекетіне разы болмай тұрғанда, сен маған Исхақтың әрекетін келтірмекшісің бе?!»
[Қр. Әл-Мәррузи, «Табақат әл-Ханабилә» 1/299.]

Имам Ибн Муфлиқ, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтқан: «Имам Ахмад ешқашан халифалардың, басшылар және әмірлердің алдына барып көрген емес. Ол тіпті оларға жазуға да рұқсат етпеді, әсіресе өзінің жақтастарына қатаң түрде тыйым салатын, бұл жайында одан бір топ адам жеткізді. Және оның бұл туралы сөздері белгілі».

Муханнә айтады: «Мен Ахмадтан, Ибрахим ибн әл-Харауи туралы сұрадым», ол имам Ахмад: «Лас адам» — деп, жауап берді. Мен: «Сөздеріңіздің себебі не?!» — деп, сұрадым. Ол: «Кім басшылармен және қазылармен араласса, онда ол лас адам болып табылады». Және бұл пікір, саләф-солих жамағаттарының арасында болатын. Олардың осы жайындағы сөздері белгілі болып табылады, және олардың арасында — Сувейд ибн Ғафәлә, Тавус, ән-Нәхаи, Әбу Хазим әл-Арадж, әс-Саури, әл-Фудайл ибн Ийяд, Ибн әл-Мүбәрак, Дауд әт-Таи, Абдуллах ибн Идрис, Бишр ибн әл-Харис әл-Хафи және т.б.».
[Қр. «әл-Әдаб әш-Шариә», 3/458.]

Хафиз Ибн Абдул Барр, оған Алланың рақымы болсын, мұсылман басшыларына кіруге рұқсат ететін және тыйым салған хадистерді жинақтай отырып, былай деп айтқан: «Басшыларға кіруге тыйым салатын хадистер де — әділетсіз және бұзық басшылар жайында айтылып тұр. Ал әділ басшыларға келетін болсақ, онда оларға игі істерде және оларға игі істерде көмек беру, бұл амалдардың жақсысы болып табылады. Сен білмеп пе едің, Омар ибн Абдул-Әзизді, ең жақсы ғұламалар қоршап жүретінін?!».
[Қр. Ибн `Абдул Барр, «Джамиул-баянул илм», 1/227.]
618 views12:10
Ашу / Түсініктеме
2021-05-18 06:28:07 Абдуллаһ ибн Мүбәрәк айтты::

"Кім Аллаға сиынуды тәрік етсе, ол сүннет амалдардан мақрұм болады. Кім сүннетті тастаса, ол парыздарды тастаумен жазалануы мүмкін. Ал кім парыздарды тәрік етсе, ол білімнен (ақидадан) айырылады"!

Қр. Сифат ас-Сауфа
409 views03:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-16 15:44:08 («Киімге қойылатын Ислам талаптары», – мақаласынан үзінді.)

Бұл ұятсыздық

Сізді (қысым арқылы) өзіне тәуелді етіп құл қылған, әртүрлі тәсілмен зұлымдық көрсетіп (қатал, деспоттық басқару жасап), сізге қарсы сөз байласқан және сізді көптеп (шеттеріңізден қырып) жойған сол елдің киімін кигеніңіз қаншалықты ұят! Біздің (көрген) азабымызбен және (намысымызға тиіп) беделімізді түсіруде шек жоқ. Шындығында осындай деспоттық (жауыз) елдің өмір салтын қабылдап, кимін кигеніңіз ұят емес пе?

Шейх муфти Мұхаммад Тақи Усмани, хафизахуллах

П/с: Сүннет киімді киюді радикальный сипат деп айтатындарға жауап және өздері Ақш, Еуропа және Рессейге т.б. мұсылман емес елдерге еліктеп жүргендерге жауап!
641 views12:44
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 20:13:35 "КІМДЕ-КІМ РАМАЗАН АЙЫНА ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖАСАЙТЫН БОЛСА РАМАЗАН БІТТІ, КЕТТІ.АЛ, КІМДЕ-КІМ АЛЛАҺҚА ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖАСАЙТЫН БОЛСА АЛЛАҺ МӘҢГІ ТІРІ, ЕШҚАШАН ЖОҚ БОЛМАЙДЫ.
РАББЫСЫН ТЕК ҚАНА ОРАЗА АЙЫНДА ТАНИТЫН ОРАЗБАЙ МЕН ОРАЗГҮЛДЕРДЕН НЕМЕСЕ ОРАЗАНЫҢ САУАБЫНАН ДА МАҚРҰМ БОЛҒАН,ТЕК АЙТ НАМАЗЫНА ҒАНА КЕЛЕТІН АЙТБАЙЛАР МЕН АЙТГҮЛДЕРДЕН БОЛМАЙЫҚ.
АЛЛАҺҚА ҚҰЛШЫЛЫҚ ҚЫЛУ СЕЗОННЫЙ [НАУҚАНДЫҚ] ІС ЕМЕС!"

ҰСТАЗ ЕРСІН ӘМІРЕ
https://t.me/islam_dini_kazakhstanda
362 views17:13
Ашу / Түсініктеме