Get Mystery Box with random crypto!

ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА

Telegram арнасының логотипі islam_dini_kazakhstanda — ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА И
Telegram арнасының логотипі islam_dini_kazakhstanda — ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА
Арна мекенжайы: @islam_dini_kazakhstanda
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.50K
Арнадан сипаттама

Ханафи мәзһәбы,
Матуриди ақидасы.
Біздің инстаграм:
instagram.com/islam_dini_kazakhstanda

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2021-05-14 18:36:20 Сұрақ:
Әссәләму 'әләйкум! Жәннәтқа кіру үшін не істеу керек?

Жауап:
Уә 'әләйкумуссәләм уә раxмәтуллаһи уә бәракәтуһ! Пайғамбарымыздың ﷺ артынан еру керек.

Әбу Әли әл-Ханафи хафизаһуллаһ
405 views15:36
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 04:00:38
تقبل الله منا ومنكم
Тақаббаллаһу миннә уа минкум! Айт құтты болсын!
340 views01:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 03:33:01 Хафиз ибн Хаджәр әл-Әсқаләни айтты:

إظهار السرور في الأعياد من شعار الدين

“Айт мейрамдарында қуаныш көрсету - дін белгілерін”.

“Фәтху-л-Бәрри”, 4/13.
263 views00:33
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 15:55:15 Әл-Ақса мешіті

Жыл сайын қайталанып жатқан жайт. Мұсылман халқын жыл сайын қорлап жатқан еврейлер. Не намаз оқытпайды, не мешітке кіргізбейді.
Бұрындары Гитлер бұларды құрған кезде мұсылмандар жерлерін берген еді. Ал, қазір сол Палестина жерін толығымен тартып алуға аз қалды. Расында Құдіретті Күшті Алла бұл істі көрмей жатқан жоқ. Тек оларға әзірше уақыт беруде.

Алла Тағала Әли Имран сүресінің 99 аятында былай дейді:

قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لِمَ تَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ اللَّـهِ مَنْ آمَنَ تَبْغُونَهَا عِوَجًا وَأَنتُمْ شُهَدَاءُۗ وَمَا اللَّـهُ بِغَافِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ

Сондай-ақ оларға: «Уа, кітап иелері! Өздерің ақиқатқа куә бола тұра, неліктен Алланың тура жолын қисық (теріс) етіп көрсетуге тырысып, иман келтіргендерді Алланың хақ жолынан қақпайлайсыңдар. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен бейхабар емес», – деп айт.

وَلَا يَحْسَبَنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنَّمَا نُمْلِي لَهُمْ خَيْرٌ لِّأَنفُسِهِمْۚ إِنَّمَا نُمْلِي لَهُمْ لِيَزْدَادُوا إِثْمًاۚ وَلَهُمْ عَذَابٌ مُّهِينٌ
Әли Имран: 178

Күпірлік қылғандарға (бұл дүниеде) мұрсат берген болсақ, олар оны өздері үшін қайырлы екен деп ойламасын. Шынтуайтында, Біз оларға одан сайын күнәға бата түссін деп, мұрсат берудеміз. Олар үшін (ақиретте өздерін) қор қылатын азап бар.

فَلَا تَحْسَبَنَّ اللَّـهَ مُخْلِفَ وَعْدِهِ رُسُلَهُۗ إِنَّ اللَّـهَ عَزِيزٌ ذُو انتِقَامٍ
Ибраһим: 47

Ендеше, Алла пайғамбарларына берген уәдесінен таяды деп ойлама! Алла ұлы, бәрінен үстем, (шектен шыққан залымдардан) өш алуға құдіретті.

Бұл мұсылман қауымға дұға қылып қояйық. Біз дұға қабыл болатын уақыттамыз ғой.
https://www.instagram.com/p/COnBtOYBNyT/?igshid=1506rra2parby
458 views12:55
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 09:20:34 Сүннетке ерудегі ұстамдылық

Сұрақ:
Сүннетке еруде ұстамдылық таныту керек деген хадис бар ма ?

Жауап:
Былай деп айтылған сөз бар:

الاقتصاد في السنة أحسن من الاجتهاد في البدعة

«Сүннетте ұстамдылық таныту, бидғатта ынта танутудан жақсырақ».

Имам Хаким бұны Пайғамбардың ﷺ сөзі емес, Сахаба Абдулла ибн Масғудтың (оған Алла разы болсын) сөзі ретінде келтіреді. Бұны дәл осындай сөз ретінде келтіруге болады (яғни Алла Елшісінің ﷺ сөзі емес, сахабаның сөзі ретінде)

Әлләма Захаби бұл хабардың иснадын сенімді деді
( әл-Хаким "Мустадрак" 1/103, әл-Байхақи «Сунан әл-Кубра», 4360).

Ал Алла Тағала жақсырақ біледі.

Сухаил Мотала
Тексеріп мақұлдаған: Муфти Мұхаммед Абасумар
hadithanswers.com

Дереккөз: azan.kz
Аударған: Ислам діні Қазақстанда
922 views06:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 02:55:55 Ертең Қадір түні деп, мешітке бармақшы әпке-қарындастарымызға насихат айтуды жөн көріп отырмыз.

Мұсылмандардың анасы Аиша анамыз (Алла оған разы болсын):

 

لو أن رسول الله صلى الله عليه وسلم رأى ما أحدث النساء لمنعهن المسجد كما منعت نساء بني إسرائيل رواه البخاري ومسلم

«Егер де Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдердің қазіргі халін көргенде, бану Исраильдің әйелдеріне тыйым салынғандығы секілді, барша әйелдерге мешітке баруға тыйым салар еді» (Әл-Бұхари мен Муслим).
 

Аиша анамыздың (Алла оған разы болсын) заманында-ақ сондай азғындық орын алған болса, бірде-бір әйел бөгде адамдардың назарынан қорғалмаған, ал, Алланың әміріне бойсұынып, бүркенген иманды әйелге дінсіздер мен нағыз күнәһарлар ерекше қызығушылық танытып жатқан қазіргі заман жайлы айтпасақ та болады!

Мүфти Әбу Әли Әл-Ханафи حفظه الله
857 views23:55
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 12:34:53 Егер сенен әке - шешең, әйелің хат алып бірнеше күнге дейін оқымай қалдырып қойса, әрине ол сенің көңіліңді түсіреді. Ал бірақ Раббың сені көріп тұрады, ал сен оның хатын қолыңа да алмайсың (Қасиетті Құран). Саған ұялу керек...

Mahmud Efendi hazretleri (Quddisa sirruhu)

https://t.me/islam_dini_kazakhstanda
845 views09:34
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 12:19:31 Сендер Исламды артта қалған дейсіңдер ме? Бұл не деген? Ескі, құсқы, пайдасыз, солай ма? онда неге қайдағы бір журналист, профессор, саясаткер, өліп қалса оның денесін оған Артта қалған (отсталый) имам Ходжа және басқада мұсылмандар жаназа оқу үшін бірден мешітке алып келесіңдер? Алып кетіңдер өздеріңмен бірге өліктеріңді. Рәсімдеріңді казинода, ресторанда, дисотекада, карнавалда жасаңдар, не үшін мешітке әкелесіңдер? Өйткені сенің ойыңша Мешіт, Ислам, артта қалған емеспе?! Көрдіңдерме қандай қорқақ халық, басында Исламды төмендетеді(тіл тигізеді), кейін өліктерін мешітке қарай тасыйды.

Şeih Timurtaş Hodca Uçar (RahimaHullah)

https://t.me/islam_dini_kazakhstanda
782 views09:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 06:35:40 Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын) айтты:

"Сондай бір уақыт келеді, адамдардың уайымы тек асқазаны болады. Ал, олардың діні ойын сауыққа айналады."

Ибн әл-Мубәрак, "әз-Зуһд".
1.4K views03:35
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 06:34:45 Егер біреу айтса: "Қатындар ашық - шашық жүрсе, не болыпты"? дейтін болса, ол адам Муртад болады (Діннен шығады).

Махмуд Ефенди әл - Уфи хазретлери (قدس سره).

https://t.me/islam_dini_kazakhstanda
654 views03:34
Ашу / Түсініктеме