Get Mystery Box with random crypto!

Түс көру – сыры әлі толық ашылып бітпеген ерекше құбылыс. Түст | ILIM IZDEN

Түс көру – сыры әлі толық ашылып бітпеген ерекше құбылыс. Түстің кейбірі адам есінде анық қалса, енді біреуі мүлде есте сақталмайды.

Түстің Рахмани түс, шайтани түс және қияли түс болып үш түрі болатыны туралы хадистерде айтылған. Ендеше, жаман түс көрсек қандай амалдар жасаймыз деген сұраққа пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистеріне сүйеніп амалдар жасаймыз. Әбу Қатададан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:

«Игі түс (немесе басқа бір риуаятта «жақсы түс» делінген) – Алладан, ал жаман түс – шайтаннан. Кімде-кім жаман түс көрсе, сол жағына ақырын түкіріп, шайтанның кесірінен Алладан пана тілесін. Осылай істесе, көрген түсінен оған ешқандай зиян келмейді»[1], – деп айтты. Басқа бір хадисте:

«Сендер жағымды түс көрсеңдер, ол Алла Тағаладан. Алла Тағалаға шүкіршілік айтып, көрген түстеріңді әңгімелеп беріңдер. Ал, ұнамайтын түс көрсеңдер, ол шайтаннан, көргеннің жамандығынан сақта деп Алла Тағалаға жалбарыныңдар. Жаман түсті ешкімге айтпаңдар, өйткені сендерге оның ешбір зияны тимейді»[2], - деп айтылған. Тағы бір хадисте «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:

«Жаман түс көрген адам оянған соң сол жағына үш рет түкіріп, шайтанның жамандығынан сақтану үшін Аллаға сиынсын. Сонда түс оған зиян келтірмейді»[3]- деген.

Жаман түс көрген адам пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінде келген «Фатиха», «Ықылас», «Фәлақ», «Нәс» және «Аятул-Курсиді» оқып оң жақпен жатқан жөн.

Айтуған Тойбазар, «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы
[1] Бұхари, №3292
[2] Бұхари, №7045
[3] Муслим, № 2262