Get Mystery Box with random crypto!

Сені біздің амалдармыз әкелді Тарихта залымдығымен танымал мо | ILIM IZDEN

Сені біздің амалдармыз әкелді

Тарихта залымдығымен танымал моңғол билеушісі  Хулагу 1258 ж Бағдатты жаулап, қырғынға ұшыратты. 400 000 нан астам мұсылманды қырып салды. Мешіттер, медреселер жермен жексен етілді. Миллиондаған діни және ғылыми кітаптар Диджлә өзеніне тасталды. Өзен қаншама күн бойы қан және сия болып ақты. Сол күндері Хулагу, Бағдаттың ең үлкен ғалымымен кездескісі келетінін жариялайды. Бірақ ешкім келе қоймайды. Өйткені кездесудің нәтижесінде бастан айырылу жағдайы да бар еді. Бұл хабар сол заманның ең жас ғалымы Кадыханға жеткенде «Онымен мен кездесейін» дейді. Адамдар «Бір құрбан табылды-ау» деген оймен демдерін басты. Кадыхан әлі жап-жас болатын. Сақалы да бірен-саран еді.Хулагумен кездесуге барарда өзіне бір түйе, бір ешкі және бір қораз берілуін сұрайды. Сұрағаны дереу әкеліп беріледі. Кадыхан осы жануарлармен Хулагудың шатырына келгенінде жануарларды сыртта қалдырып, өзі ішке кіреді. Оны алып кірген жауынгерлер «Сіз сұраған ғалым осы» деп көрсетеді. Хулагу жас баланы басынан аяғына дейін шолып шығып: «Басқа адам таппадыңдар ма?» деп сұрайды. Кадыхан мұндай жағдайға дайын келгеніктен Хулагудың сұрағына былай жауап береді: «Сен кездесу үшін ірі денелі біреуді күткен болсаң түйемді алып келдім, жоқ әлде кәрі, ақ сақалды біреуді күткен болсаң ешкімді алып келдім, жоқ әлде жуан дауысты біреуді күткен болсаң қоразымды алып келдім. Үшеуі де шатырдың алдында тұр. Солармен кездессең болады» дейді.

Хулагу алдындағы баланың жәй адам емес екенін көріп, «Сен бері жақындап отыр», деп орын көрсетеді. "Айтшы қане мені бұл жерге әкелген себеп ?",-не деп сұрады. Кадыхан былай деп жауап береді: «Сені бұл жерге біздің амалдарымыз алып келді. Біз ниғметтерді қадірін біле алмадық. Негізгі мақсатымызды
ұмытып, лауазым, байлық, мансап қуып нәпсімізге еріп сауық сайран қудық. Хақ тағала бұл ниғметтерді бізден алу үшін сені жіберді.» Хулагу екінші сұрағын сұрайды: «Мені бұл жерден кім шығаруы мүмкін?» Кадыхан: «Бұл да
біздің өзімізге байланысты, тәубемізге келіп қаншалықты қысқа уақытта есімізді жиып нығметтердің қадірін біліп, азғындықтан, ысыраптан, зұлымдықтан, бір-бірімізді күндеуден, аңдудан бас тартсақ, сол кезде сен бұл жерде тұра алмассың» дейді.

@ilimizden