Get Mystery Box with random crypto!

Досқа хат | Part II Бәрі де баяғыдай, абзал досым, Қолжетімс | Essizdik is the new black!

Досқа хат | Part II


Бәрі де баяғыдай, абзал досым,
Қолжетімсіз өзгеріс көкжиегі.
Бәрі "Жаңа" дегім-ақ келед', бірақ,
Көз тиеді.

Бәрі де өзгеріссіз.
Білесің ғой,
Бұл елде жаңашылдық құпталмайды.
Бізге келіп жаны ашып, бізді ешкім
Құтқармайды.

Біз, бәлкім, жұрт айтатын "Отан" үшін,
Жеткіліксіз жас төгіп, мұң кештік пе?!
Әйтеуір теңей бердік теңсіздікті
Сәйкестікке.

Осылай, дос, осылай жағдай қазір,
Көз жеткізбес бостандық көкжиегі.
Бәрі "Жақсы" дегім-ақ келед', бірақ,
Көз тиеді.


28 июль, 2022
00:13

Сілтеме:
Part I