Get Mystery Box with random crypto!

Баяғыда дос балам бір қызбен сөйлесіп жүрді. Қысқасы махаббат, | Essizdik is the new black!

Баяғыда дос балам бір қызбен сөйлесіп жүрді. Қысқасы махаббат, сағыз, көк аспан. Кезекті кездесуде әңгімеден әңгіме шығып жаңағы қыз: "Әкем прокурор" – демесі бар ма?!

Махаббат таусылып, сағыз шайналып, көк аспанға бұлт түсті. Отбасылық жағдайға байланысты дос баламның ҚР Прокуратурасымен қарым-қатынасы онша емес еді. Өзі әбден соттағы әділеттен көңілі қалған оппозиционер жігіт болатын.

Сөйтіп жаңағы қызбен сөйлеспей қалды. Ол ару себебін әлі күнге дейін білмейтін болар.