Get Mystery Box with random crypto!

ШАШЫҢЫЗ НЕГЕ ТҮСЕДІ? ⠀ Әр шаш өсудің үш кезеңінен(фаза) өтеді: | Қыздарға кеңес | Ана мен бала

ШАШЫҢЫЗ НЕГЕ ТҮСЕДІ?

Әр шаш өсудің үш кезеңінен(фаза) өтеді:

1 фаза—Активный рост —анаген (күшейтілген өсу)

2—фаза—Переходная фаза—катаген (өтпелі кезең,баяу өсу)

3—фаза —Фаза впадения и покоя—телоген (шаш өспейтін, содан кейін түсіп кететін демалыс кезеңі).

Өмірде біз бірнеше жыл ішінде әр шаштың үш кезеңнен қалай өтетінін байқамаймыз, алайда жүктілік кезінде әйелдің гормоналды фоны өзгереді,қан құрамында эстроген гормоны жоғарылайды,сондықтан шаш өсуі бірінші кезеңде(Анаген) қалып қояды,яғни жүктілік кезінде шаш жылдам өсе бастайды.(байқаған шығарсыздар)

Бала туылғаннан кейін гормондардың деңгейі әдеттегі көрсеткіштерге қайта оралады,сондықтан бірінші фаза сатысынан үшінші фазаға(Телоген) ауысадыда, шаштың өспей,қатты түсуіне алып келеді.

Шаштың жоғалуының бұл қайғысы босанған әйелдердің 100% - ына қатысты.

Фазалардың өзгеруі біреулерде ақырын жүрсе,оларда аса қатты шаш түсуі байқалмайды,ал біреулерде тез қарқынмен өзгерсе—өте жылдам,өте көп шаш түсе бастайды және бұл құбылыс әйелдерді қатты алаңдата бастайды.

Бірақ өте жақсы жаңалықта бар

Түскен шаштар 12-18 ай аралығында қайта шыға бастайды және қалыпқа келеді.
Уайымдап қажет емес.

Егер сіз:

сіз босанғаннан диета ұстап, тек сопра мен гречкамен тамақтанасыз және көкөністер мен жемістерді жемесеңіз,балада колики болады деп;

сіз үнемі күйзеліске түссеңіз;

сіз баламен көп уақыт өткізіп, шашты күтпей,шашты тарамай, тарақты ұмытып кетсеңіз;

D дәрумені ішпесеңіз.

Егер сізде темір тапшылықты анемия болса;
онда сіздер мәселені одан қатты ушықтырасыз,шаш түсуі одан қатты жылдамдайды.

Сондықтан анемия жоқтығына, денсаулығыңызбен бәрі дұрыс екеніне міндетті түрде көз жеткізу керек.

Қорытындылайтын болсам,босанған соң шаш түсуі қалыпты,өзі уақыт өте келе қалыпқа келеді.

Ақпарат dariger_saule - инста парақшасынан алынған

Сіздің шашыңыз түстіма?
Витамин ішу керек деп ойладыңызба сізде?