Get Mystery Box with random crypto!

📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША

Telegram арнасының логотипі bizdinalemgoi — 📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША П
Telegram арнасының логотипі bizdinalemgoi — 📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША
Арна мекенжайы: @bizdinalemgoi
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 455
Арнадан сипаттама

Психология, ойлар және пікірлер 📝📖

📅 (Постты күнде саламын) 📆
☆ Автормен байланыс: @pendemin 👤

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-07-01 21:38:27 Бұл адамдарды өмірі ұмытпаңыз

~ Сіз бұл өмірде сан алуан түрлі адамға кездесесіз. Кейде дұшпандарыңызға, ал кейде алғашқы махаббатыңызға. Бірақ қандай кезде болсын, ең бастысы адам өзін өзі жеңе білу керек. Сонла оларға деген ілтипатыңыз сізді қуанышқа бөлейтін болады.

• Егер шын сүйетін адамыңызға жолыққан болсаңыз, онымен бірге болуға бар шамаңызша тырысыңыз. Кейін айрылып қалған соң бәрі кеш болады.

• Нағыз сенімді серігіңізге жолықсаңыз, ыстық ықыласпен сырласыңыз. Себебі бұл өмірде шын сырласатын жанды табу өте қиын.

• Егер дұшпаныңызға жолықсаңыз, жылы шыраймен амандасыңыз, өйткені, ол сізді тіпті де жігерлендіреді.

• Алғашқы махаббатыңызға жолыққан болсаңыз, оған аса құрметпен қараңыз. Өйткені, ол сізге сүюді үйреткен адам.

• Өзіңізге опасыздық жасаған адамға жолықсаңыз, онымен дұрыстап әңгімелесіңіз. Өйткені, ол болмағанда бұл өмірдің қараңғы жағын көрмес едіңіз.

• Егер де іштей ұнататын адамыңызға жолықсаңыз, оған бақыт тілеңіз. Себебі сіз бақытты етуге орайы болмаған адам басқа біреуден бақытын тапсын.

• Қастерлейтін адамыңызға жолықсаңыз, оған керемет әсер қалдыруға тырысыңыз. Себебі ол сізді басқа өмірге бастап, жетелеуі мүмкін.

• Ренжіскен адаммен жолықсаңыз, арадағы мәселені жылдам шешуге талпыныңыз. Өйткені, қателік сізден де болуы мүмкін.
385 views18:38
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 20:28:10 Жастау кезімде бір қыздың күнделігінен мынадай жазуды оқығаным бар: "Егер өзіңді қадір тұтқан еркек бірте-бірте саған деген ықыласын суытса, күнәның бір шеті өзіңде екенін ұмытпа!". Сүйе білу бар да, сүйдіре білу бар. Сыйлай білу бар да, сыйлата білу бар. Кейде әйелдер тарапынан мынадай өкпе жиі айтылады: "Мен оны жанымдай сүйем. Неге ол маған сол сезімімнің деңгейінде жауап қайырмайды?". Әйел болып жаратылдың екен — сен еркектен нәзіктігіңмен, биязылығыңмен, мейірімділігіңмен, сезімталдығыңмен, кешірімділігіңмен, тіпті, оған қарағанда, әлдеқайда әлсіздігіңмен ерекшеленесің. Еркек қауымы қашанда әйелді қолдап, қорғауды өзіне жазылмаған, бірақ орындауға тиісті заң ретінде қабылдайды. Сондықтан да әйел болып сұлу болмауға хақың жоқ. Сенің жүргенің, тұрғаның, күлгенің, әзілдегенің, ойланғаның, қуанғаның, мұңайғаның, қайғырғаның, киім киісің, елмен қарым-қатынасың, тіпті шектен шыға ашуланғаныңның өзінде әйелдік мәдениетке тамыр жіберген сұлулық, нәзіктік жатуы шарт. Өзіңе ғашық адамның ықыласын, құрметін, сағынышын төмендетпей ұстап тұруың үшін ылғи да ізденіс үстінде жүруің қажет. Әйтпесе қыздың киімін киіп, сырғасын, түрлі әшекейін тағынып, қарапайым әйел табиғатының кейбір көзге ұрып тұрған ерекшеліктеріне бас ауыртқысы келмейтіндер аз ба?...

(с) Мұхтар Шаханов
466 views17:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 20:17:12 Кітап жазам. Кітабымның аты - "Махаббат жоқ құр жылдар" Кейіпкерлері кіл жігіттер. Мазмұны не туралы десеңдер: Кітаптың алғашқы бетінен соңғы бетіне дейін қыртып жүреді де қояды әрқайсысы)) Болды
463 views17:17
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 20:07:39 Сағат: Көз жұмып өткен сабақ

Бір жас жігіт күндердің бір күнінде бастауыш сыныптағы өзінің ұстазын көшеден танып қалады. Ол қарттың қасына барады да:
— Сіз мені білесіз бе? Мен сіздің шәкіртіңіз болдым ғой, — дейді.
— Иә, сені үшінші сынып оқып жүрген кезіңнен білемін. Ал қазір немен айналысасың?
— Мен сабақ беремін. Сіздің маған әсер еткеніңіз сондай, менің де жас шәкірттерді тәрбиелегім келіп кетті.
— Солай ма? Менің ықпалым немен білінгенін білуіме рұқсат етші.
— Шынымен де есіңізде жоқ па? Мұны сіздің жадыңызда жаңғыртуға маған рұқсат беріңіз.

"Бір күні сыныптасым қолына ата-анасы сыйға тартқан әдемі сағат тағып сыныпқа келді. Ол оны шешті де, партаның тартпасына салып қойды.

Менде осындай сағат болса екен деп талай армандайтынмын. Шыдай алмай кеттім де, оны тартпадан алайын деп шештім. Кейіннен сол бала көз жасын көлдете сізге келіп, ұрлыққа шағым түсірді. Сіз біздің бәрімізге көз жүгіртіп өттіңіз де былай дедіңіз: «Осы балаға тиісті сағатты алып кетушіден сағатты қайтаруын өтінемін».

Мен қатты ұялдым, бірақ сағаттан айырылғым келмеді, сол себепті мойындамадым.

Сіз есікке барып, оны бекітіп қойдыңыз да: «Мен сендердің қалталарыңды тексеріп шығуға тиістімін. Бір шартым бар: барлықтарын да көздеріңді жабасыңдар» деп ескертіп алып, бәрімізді қабырғаның бойымен қаз қатар тұруға әмір еттіңіз.

Сізге құлақ астық, мен сонда мұның ұзаққа бармаған өмірімдегі ең ұятты сәт екенін сезе қойдым.

Сіз оқушыдан оқушыға, қалтадан қалтаға жылжи бердіңіз. Менің қалтамнан сағат алған кезіңізде сіз қатардың соңына дейін жылжуды жалғастыра бердіңіз. Содан былай дедіңіз: «Балалар, бәрі дұрыс. Көздеріңді ашып, орныдарыңа отыра беріңдер».

Сіз сағатты иесіне қайтардыңыз да, осы жағдай жайында бір сөз де айтқан жоқсыз.

Сол күні сіз менің арым мен жанымды құтқарып қалдыңыз.

Сіз мені ұры, суайт, көргенсіз деп айыптап, атыма кір келтірмедіңіз. Сіз тіпті осы жайт туралы менімен сөйлесуге бел бумадыңыз да.

Уақыт өте келе себебін ұқтым. Өйткені сіз шынайы ұстаз ретінде әлі қалыптаспаған жас шәкірттің ар-ұжданына кір келтіргіңіз келмеді. Осы жағдайдан кейін мұғалім болуға құштарлығым оянды."

Осы хикаяның әсерінен екеуі де үнсіз қалды.

Артынша жас жігіт былай деп сұрады:
— Мені бүгін көрген кезіңізде осы жайтты еске түсірген жоқсыз ба?
Қарт былай деп жауап қайырды:
— Істің мәнісі мынада: қалталарды мен де көзімді жауып тінтіп шықтым.


• Авторы белгісіз.
~~~~
Аударған: Арман Шайкен
484 views17:07
Ашу / Түсініктеме
2022-06-25 21:55:08 Марста туып, Марста өскен,
Марсты сүйген жастармыз. :)
466 viewsЖатжерлік , 18:55
Ашу / Түсініктеме
2022-06-25 21:32:15 • Сарказмды афоризмдер

Менің өмірімді бұзғыңыз келеді ме? Рақмет, мен өзім-ақ тындырармын.

* * *

Билік пен ақшаны жек көремін, әрине егер олар менде емес, біреуде болса.

* * *

Өзіме керемет жұмыс іздеймін, бірақ ол қиналатындай жұмыс болмаса екен.

* * *

Сен үшін кейде алаң боламын - бәлкім, сен күшті өмір сүріп жатқан шығарсың.

* * *

Мені керемет етуді қойыңдар, мені өзіме ұнайтындай етіп қалдырыңдар.

* * *

Сізді ренжіткім келмеген еді, тек жай ғана жолым болып кетті.

* * *

Мен сізге қалыңыз деп өтінер едім, бірақ сіз өтінішімді шын көріп, қалып қоясыз ба деп қорқамын.

* * *

Сіздің сөз ұқпайтыныңызды түсініп тұрмын, бірақ сонда да түсінуге тырысып көріңіз.

* * *

Біз керемет жұп болар едік, әрине, сен араға түспегенде.

~ Өз нұсқаларыңды жазып кетіңдер
479 viewsЖатжерлік , edited  18:32
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 22:31:57 А, айтпақшы 500-ге жетіппіз ғой.
Рахмет, жарықтарым!
#айналайындар
#біздіңәлем
480 viewsЖатжерлік , 19:31
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 18:56:36 Мен оған араға 5 жыл өткенде барып қоңырау шалдым. Қызық болғандай, құдды осыны күткендей ол тіпті нөмірін де өзгертпепті. Ол тұтқаны алғанда, менің тұла бойым дірілдеп кетті. Дауысынан ол сондай бақытты еді. Тұтқаның арғы жағынан балалардың күлкісі естіліп жатты.

Оның "алло" деген дауысынан мен үн қата алмай қалдым. Мен не айтарымды білмедім. Ол үшін қуанышты болдым, бірақ осы сәтте жүрегім қақ айырылған еді. Сол 5 жыл бұрын ол мені мәңгі сүйіп өтем деп айтқан еді. Мен сонда оған күліп тұрып, «сен өз бақытыңды әлі-ақ табасың» деп айтқанмын.

Дегенмен іштей оның өтірік айтып тұрмағанын түсіндім. Бірақ мен сол кезде одан бәрібір де кеткен едім. Ол қайтадан "алло" деген кезде тұтқаны тастай салдым. Телефонды қолымда қатты қысып тұрдым да қойдым.

Хабарлама келді. Былай жазыпты: «Сәлем! Сенің қоңырауыңды күттім. Сенің даусыңды естимін ғой деп қатты үміттендім. Бірақ сен қорқақтық таныттың, тап сол кездегідей. Енді мен бұл телефонды ойланбастан сөндіріп тастай аламын. Не үшін қоңырау шалғаныңды білемін. Сені сүйетінімді білу үшін ғой. Иә, сүйемін. Сол кезде мен саған өтірік айтпадым...»

Мен оған қайта қоңырау шалуға тырыстым, бірақ нөмір байланыстан тыс болып шықты. Келесі күні қоңырау шалдым, кейін тағы да қоңырау шалдым және тағы да. Әр күн сайын оны табуға тырыстым. Алайда, із-түссіз жоғалып кеткендей еді...

Қазір мен 39 жастамын. Жалғызбын. Менің жарым да, бала-шағам да жоқ. Нөмір де сол баяғы 15 жыл бұрынғы нөмір. Бәлкім ол қоңырау шалып қалар...
561 viewsЖатжерлік , 15:56
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 21:20:25
Қай кітапты оқитын едің?
417 viewsArmaSH, 18:20
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 21:13:21
Әлемдегі ең керемет жұмыс болар еді :)
526 viewsArmaSH, 18:13
Ашу / Түсініктеме