Get Mystery Box with random crypto!

Мен оған араға 5 жыл өткенде барып қоңырау шалдым. Қызық болға | 📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША

Мен оған араға 5 жыл өткенде барып қоңырау шалдым. Қызық болғандай, құдды осыны күткендей ол тіпті нөмірін де өзгертпепті. Ол тұтқаны алғанда, менің тұла бойым дірілдеп кетті. Дауысынан ол сондай бақытты еді. Тұтқаның арғы жағынан балалардың күлкісі естіліп жатты.

Оның "алло" деген дауысынан мен үн қата алмай қалдым. Мен не айтарымды білмедім. Ол үшін қуанышты болдым, бірақ осы сәтте жүрегім қақ айырылған еді. Сол 5 жыл бұрын ол мені мәңгі сүйіп өтем деп айтқан еді. Мен сонда оған күліп тұрып, «сен өз бақытыңды әлі-ақ табасың» деп айтқанмын.

Дегенмен іштей оның өтірік айтып тұрмағанын түсіндім. Бірақ мен сол кезде одан бәрібір де кеткен едім. Ол қайтадан "алло" деген кезде тұтқаны тастай салдым. Телефонды қолымда қатты қысып тұрдым да қойдым.

Хабарлама келді. Былай жазыпты: «Сәлем! Сенің қоңырауыңды күттім. Сенің даусыңды естимін ғой деп қатты үміттендім. Бірақ сен қорқақтық таныттың, тап сол кездегідей. Енді мен бұл телефонды ойланбастан сөндіріп тастай аламын. Не үшін қоңырау шалғаныңды білемін. Сені сүйетінімді білу үшін ғой. Иә, сүйемін. Сол кезде мен саған өтірік айтпадым...»

Мен оған қайта қоңырау шалуға тырыстым, бірақ нөмір байланыстан тыс болып шықты. Келесі күні қоңырау шалдым, кейін тағы да қоңырау шалдым және тағы да. Әр күн сайын оны табуға тырыстым. Алайда, із-түссіз жоғалып кеткендей еді...

Қазір мен 39 жастамын. Жалғызбын. Менің жарым да, бала-шағам да жоқ. Нөмір де сол баяғы 15 жыл бұрынғы нөмір. Бәлкім ол қоңырау шалып қалар...