Get Mystery Box with random crypto!

📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША

Telegram арнасының логотипі bizdinalemgoi — 📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША П
Telegram арнасының логотипі bizdinalemgoi — 📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША
Арна мекенжайы: @bizdinalemgoi
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 455
Арнадан сипаттама

Психология, ойлар және пікірлер 📝📖

📅 (Постты күнде саламын) 📆
☆ Автормен байланыс: @pendemin 👤

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-07-14 23:52:12 Бір пост жазу керек еді... Жұрттан қалмайық)
129 views20:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 19:40:21 ~ ЖІГІТТІҢ ЖАҚСЫ БОЛМАҒЫ НАҒАШЫДАН

1. Интеллект әкесінен баласына берілмейді. Яғни, егер сіз ғұлама болсаңыз, сіздің ұлыңызға бұл қасиет мүлде берілмейді.
2. Нақұрыстық та әкесінен баласына дарымайды. Егер сіз түзелмейтін есалаң болсаңыз, онда сіздің ұлыңыз да сондай болады деу қате ұғым. (осыныңызбен құттықтаймыз!))
3. Интеллект әкесінен тек қызына өтеді. Әрі тек жарым жартылай.
4. Жігіт интеллектіні тек анасынан алады. Ал, анасы өз әкесінен алады.
5. Ғұламаның қызы әкесіндегі ақылдың тура жартысына ие болады, ал оның ұлы ғұлама болады. Егер әкесі ақымақ болса, қызы да жартылай ақымақ болады.
6. Сондықтан дана әйел болмайды. Сол сияқты жүз пайыз ақымақ әйел де жоқ. Есесіне ғұлама еркектер мен топас еркектер жетіп артылады. Осыдан ішкіш ақымақтар мен тірі жесірлер легі көбейді. Оған қоса нобель сыйлығының иегерлері. Олардың көбі ер адамдар.

Еркектер бұдан не түйеді:
1. Ұлыңның ақылын білгің келсе, әйеліңнің әкесіне қара. (егер тəрбиелеген əке ақылды болса, онда сіздің ұлыңыз да ақылды болады).
2. Қызыңыз ақылыңыздың жартысын алады. Сонымен қоса иттігіңіздің жартысын да алады. Интеллекті бойынша ол сізге жақын болады. Қызыңыздың ұлы яғни жиеніңіз сіздің ақылыңызды бүтіндей алады. Өзіңе тартқан ақылды ұрпақ аңсасаң, қызым болсын де.
3. Ал, сіздің ақылыңыз анаңыздан берілген. Нақтырақ айтқанда, нағашы атаңыздан.

• Әйелдер не түйеді:
1. Сіздің ұлыңыздың ақылы — сіздің әкеңізден, Сондықтан: "әкең сияқты топассың" деп ұрысуыңыз бекер.
2. Қызыңыздың тәрбиесі өзіңізге тартады, ал ақылы әкесінен беріледі. Қызыңыздың ұлдары күйеуіңіздің ақылын алады.

#білежүрейік #сенжәнеұрпақ
31 views16:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 13:15:48 Арасында булығып жиналған ойларымның ақтарыла салғанын қаламаймын. Әлсін-әлсін ішкі дүниемде сапырылысып тым-тырақай қашып, ал қайта жиналса, ұйқыдан оянуға шақ қалған жанартаудай сілкініп алсыншы, бірақ оянбасын!
Шындығына шымылдық бүркеп алса да, санамның бір түкпірінде шырмауына өзі шатылып, жеткілікті уақытқа жүре тұрғаны жақсы. Кейбірі ұмытылар, кейбірі жүйелі түрде жетіліп, көркем сөз болып, жүректерге ағылар. Тебірентуге♡
31 views10:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 01:59:22 Кім бар? Ұйықтап жатпаған...
80 views22:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 22:21:25 Мен кеткенде сен кішкентай бүлдірген,
Бүлдіргеннің бүлдіретінін кім білген?
43 views19:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 20:31:48 Біртүрлі диалог)

- Біләәә.
- Әй, не болды и, не болды?
- Құмырсқаны басып кеттім бүгін, әнәс.
- Ладно, құрбан айт қо бүгін, дым етпес.
- Неге сөйтіп шәйәсің сен осы?
- Қойш, япашмайт, өзің керемет адамсың ба, соншама?
- По сути, тәуірмін ғой сенен)
- Пф, айтшы ал, қай жағынан?
- Мысалға, адамдарды тек мазалап, зб'ыларын шығармаймын...
- І-і-і...
- Сосын қарызға ақша сұрасам, кейін лақтырып кетпей, уақытында қайтарам...
- Агрх, қиналып жатыр ар-ұятым, біләттің...
- Өз өміріме риза болам және ана бір...
- БОЛДЫ, жап аузыңды.
- Айтайын да?)
- Жоқ, лучше, қараңды батыр нақу. Көргім келмейді сені.

Ол сөйтіп, ұнжырғасы түсіп, айна алдынан кетіп қалды.
86 viewsedited  17:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 19:47:56 Достықтың қасиеті
Досыңның, не танысыңның құпиясын сақтау парыз. Тіпті ол адам сені қатты ренжітсе де - арадағы құпияны сол күйі қалдыру қасиетті борышың. Өз дініңді осы деңгейде танып-білсең, ендеше досыңның ренжіткенін ешкімге тіс жарып айтпауды үйренесің. Нәпсіңді тыю үшін ораза ұстап, шөл далаға кетіп қалу, яки қылуетке түсу парыз емес... Достықты екі жанның рухани байланысы деп қабылдап, оны нәзік түйсікпен сезінген, достықтың көркемдігі мен даналығын ұғынған пенде өмірдің бүтіндігін өн бойынан өткізіп, толыққанды ғұмыр кешкені. Себебі, шынайы досы бар адам өзінің тірі екенін сезінеді. Сол арқылы бір күні Құдаймен байланысын орнатады. Өйткені, екі жанның арасында орнаған рухани көпір Құдайға бастар жолға айналады.
Дос - отбасы, жақындарымыздан да, көрші-қолаң, ұлт, нәсілден де артық боп кетеді. Достың құпиясын өз құпияңнан да артық сақта. Достың қателігін өз қателігіңді жасырғандай жасыр. Достың ары - сенің арың! Оның дұшпаны - сенің дұшпаның. Досыңның досы - сенің досың деп қабылда. Достықты мақтан етпейді. Дос болу үлкен борыш. Достықты мақтан еткендердікі көбіне жалған боп шығады. Досың сүрінсе, қасынан табыл. Досың кедей болса - міндетті түрде қолда. Досыңның кемшілігін байқамауға тырыс. Басына күн туса - көмек қолыңды соз.
Қуанышында бірге қуан.

(с) Хазірет Инаят Хан
104 views16:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 13:29:25 жақсы болсаң - жарықты кім көрмейді....
253 views10:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 13:22:51 ~ Руларың кім осы?

#бұлбіздіңменталитетқой
256 views10:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 09:53:40 Өзгелерді қызғаншақтыққа айыптамас бұрын, онымен ешқандай байланысы жоқ сезімдерді анықтап алайық:

1. Бір әйел өзінің әріптесіне қызғанышпен қарайтынын айтушы еді. Өйткені оған басшы маңызды жоба беріп, жобаны ол емес, жылға жуық уақыт бұл атқарып келген. Сонда да ол қыз жоғары лауазым, жоғары жалақы және сыйлықтарға ие болды. Шетелдік конференцияларға да сол барды. Қалғандарына түк те жоқ. Ол үшін бар жұмысты өзгелер атқаруға мәжбүр болды. Себебі ол ханым бастықтың досының қызы...

Бұл қызғаныш емес, бұл жоғалған әділеттілік сезімі!

2. Бәсекеге түсу, құмарлықты да қызғанышпен шатастырады. Көршім керемет үй салды. Ол жүк тасымалдаумен айналысатын, ал мен қарапайым такси жүргізушімін. Мен де сондай зәулім үй салғым келді. Сондықтан мен көршімнен үлгі алып, тәуекел еттім. Несиеге жүк көлігін сатып алып, одан да көп ақша табамын және одан да жақсы үй саламын. Содан кейін мен көршіме әдемі үйімді көрсетемін дейік.

Бұл қызғаныш емес, құмарлық пен бәсекелестік қана.

3. Реніш пен азап тудыратын сезімдер де қызғаныш емес.

Бір әйелдің нәрестесі қайтыс болды, ол қайта балалы бола алмайтынын білетін. Ал досы оған өз балалары туралы үнемі мақтанып айтып отырды. Фотоларын көрсетіп, тағдырының осындай бақыт сыйлағанын баяндаудан жалықпайтын. Әйелге досымен сөйлесу қиын еді. Досы бұны қызғанады деп ойласа, оған өзін кінәлі сезінді. Расында бұл сезім аш адамның көз алдында дәмді тамақты бөліспей жеу сияқты болатын. Аш адам қызғаныш емес, аштық пен азапты ғана сезінеді.

4. Бір нәрсені қатты қалау, таңырқау, соған қол жеткізсем деп армандау тамаша нәрсе. Әдемі көйлек пен қымбат көлік иесі болсам деу де қызғаныш емес. Ол— табысқа жету мотивациясы, сіздің тірі екеніңіздің белгісі.
Ал, егер сіз өзіңізден артығырақ өмір сүріп жатқандарға #бақытсыздық_тілеп: көршіңіздің үйі өртеніп жатса қуанып, бастығыңыз сізден артық көрген жанның суретіне ине шаншып, досыңыздың балаларына өлім тілесеңіз, бұл – #ҚЫЗҒАНЫШ, бұл—#ДЕРТ...

Сондықтан қызғаныш дертінен дер кезінде емделу керек...

Анна Кирьянова
343 views06:53
Ашу / Түсініктеме